Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сыр сандық -

Сыр сандық

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1212 | Размер: | Автор: гость
. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің
«А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні: Өзін – өзі тану
Жобаның авторы: Шарифуллина Роза Сеитовна
«Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі
«Менің құрдастарым» жобасы
(мектеп оқушыларына арналған ізденіс жұмысы)
Сыр сандық
I - кезең
Өзіңіздің ішкі жан дүниеңізге үңіліп жауап іздеңіз;
 Сіздің күнделікті өміріңіз қазіргі заман талабына сай мәнді де, мағыналы ма?
 Өзіндік жеке ой – пікіріңіз бар екеніне сенімдісіз бе?
 Өзіңізді «Тұлға» деп санайсыз ба?
 Кез келген қиын жағдайда өзіңіз шешім қабылдай аласыз ба?
 Өмірде өзіңіздің ішкі сырыңызды аша алатын сенімді досыңыз бар ма?
 Нені жақсы көресіз? Не нәрсеге бейжай қарайсыз?
 Өмірдің мағынасы неде деп ойлайсыз?
 Қандай сәттерде өзіңізді «нағыз адам» ретінде сезіндіңіз? Бұл сәттер ( сағат , минуттар ) сізді қандай әсерге бөлейді ?
 Сіздің жан дүниеңізді дүр сілкіндірген қандай оқиға ? Сырттай сыр білдірмегеніңізбен сізді не қатты толғандырды ?
 Сіз өмірді өзгерту үшін , жақсы қоғамда өмір сүру үшін не істер едіңіз ?

Алтын көмбе
II – кезең
Өзіңіздің сыныптастарыңыз туралы мағлұмат жинау;
 Сыныптастарыңыздың сырт келбеті қандай?
 Олар немен айналысқанды ұнатады?
 Қандай мәселе сіздерге қиындық тудырып жүр?
 Сыныптастарыңызды қандай мамандық қызықтырады?
 Сіздің пікіріңізше сыныптастарыңыздың қайсысы дәрігер, мұғалім, суретші, инженер болуға лайық? Қайсысының басшылық қызметке икемі бар?
 Сіз өз сыныптастарыңыздан Қазақстанның жалынды жастарының бейнесін көре аласыз ба?

Сыныптастарыңызбен демалыс күндері табиғат аясына мәдени демалыс ұйымдастырыңыздар. Киноға, театрға баруға болады. Бірлесіп көрген спектакльді, киноны немесе бірігіп оқыған кітап туралы пікірлесіңіздер. Нәтижесінде, әрқайсысының суретімен бірге пікірі жазылған ұжымдық газет, сурет альбомы немесе бейнеролик шығаруға болады. Ол сыныптас балалардың жеке бас қасиеттерін бейнелеп тұрса ұтымды шығады.

Тұлпарлар тоғысы
III - кезең
Тәуелсіз елдің жастары туралы бүтіндей көзқарас;
Кім телехабарларда жастар батыры бейнесінде танылған?
Қандай үлгілі жастар туралы газет, журнал беттерінде ақпараттар берілген?
Кино және театр сахналарындағы «жұлдыздар» туралы не айтасыздар?
Қандай танымал жастардан үлгі алмақсыздар?
Оларды атақ пен құрметке жеткізген қандай іс – әрекеттер?

Интернеттегіжастарсайтынқараңыз;
 Сіздің замандастарыңызды не толғандырады?
 Қандай тақырыпты көбірек талқылайды?
 Қандай өмірлік мақсаттары бар?
 Өзін – өзі жетілдіруді қандай жолмен жүзеге асыруда?

Мәре
IV - кезең
• Алдыңғы 2 кезеңдегі мағлұматтарды 3 – кезеңдегі ақпараттармен салыстырыңыз. Талдап, зерделеп, қорытынды жасауыңызға болады.

• Қорытынды мәреге келдіңіз. Өзіңіздің зерттеу жұмысыңызды әшекейлеп, өрнектеп, әсемдеп ұсынуыңыз қажет. Қандай түрде ұсынасыз?

1. Өздеріңіз түсірген фильм
2. Коллаж
3. Слайдты көрсетілім
4. Әдеби шығарма
5. Сурет – монтаж (бірнеше жанрды қатар ұсынуға болады)

Өз жобаңыздың көрсетіліміне кімдерді шақырасыз?
Бұл жоба сіздің өмірлік мақсатыңызға, жоспарыңызға, бағдарламаңызға оң әсерін тигізді ме?

 Бастысы: Бұл жобаны іске асыруыңызға сәттілік тілейміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.