Меню
Назад » » »
Сырмақ
загрузка...

загрузка...
Сырмақ

Сырмақ - халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы.
Сырмақ еденге төселетін бірден - бір жарасымды дүние.

«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымак» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып калыптаскан.

Сырмақ түрлері:

Сырмақтар ұсталатын орнына қарай от киіз ( от сырмақ), отбасы сырмағы, тізе сырмағы, тер сырмақ, іргелік (ірге киіз), бұйым сырмак т.б деп аталады.

Үлгілеу және істелеу жолдарына карай бірнеше түрге бөлінеді. Байырғы үлгіден дәстүрлі сырмақ, оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, жиек сырмақ, кестелі сырмақ, біз кестелі сырмақ, баспа кестелі сырмақ, ашамай кестелі сырмақ, жапсырма кестелі сырмақ, кілем пішінді сырмақ, көне, жаңа үлгідегі от киіздер.
Істелеу материалына қарай оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, кестелі сырмақ, жиек сырмақ, кілемше сырмақ, құрақ сырмақ деп аталады.

Мына екі түсті киізді біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған бұйым сырмақ деп аталады.

Сырмақ сыру технологиясы:

1. Екі түсті киізді біріне-бірін беттестіріп көктеп бетіне ою-өрнек сызу.
2. Киіз ою. Өткір пышақпен асқан шеберлікпен ойып алу.
3. Салңастыру - көктеу жібін сөгіп, киіздін екі түсінің ортасын ауыстырып киыстыру.
4. Үйлестіру - оюларды жіппен іліп косу.
5. Біріктіру - оюларды түйістіріп, жөрмеп тігу.
6. Жиектеу жұмысы

Осындай өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге казіргі заман талабына сай күнделікті өмірде колдануға жарайтынына көз жеткізу керек. Сырмақ тек қана киізден ғана емес матадан, түрлі жіптермен ою нақыштарын келтіріп сыйлыктык бұйымдар жасауға болады. Осындай бұйымдардың бірі мойынға салатын жылы орамал. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сырмақ можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 364 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar