Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сызудың шығу тарихы -

Сызудың шығу тарихы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3656 | Размер: | Автор: гость
. Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушылары: Утемалиев С.С., Умирбекова Э.Т., Қожақұлова Б.Н.

Сызудың шығу тарихы

Ғылым мен техниканың дамуымен бірге әртүрлі мамаңдықтағы адамдардың, сонымен қатар мекемелердің және мемлекеттердің арасында ақпарат алмасудың маңызы жоғарғы деңгейде. Ақпаратты тарату үшін радио, теледидар, кітаптар, газет-журналдар, сызбалар және т.б. пайдаланылады. Аталған ақпарат тарату құралдарының ішінде сызба ерекше орын алады.
Сызба - деп нәрсенің кескінін және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты айтады. Сондықтан сызба — ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдардың жобасын жасауға, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес еді.
Сызба графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер де енеді. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысыңда графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мәселен, дәрігердің өзі атласта келтірілген немесе әртүрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сәулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі.
Сызу пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және оларды айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу — жазып оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі білім беретін деңгейіндегі сызу пәнін тек 9 сыныпта оқыту қарастырылған. Соңдықтан сызу пәнінің мұғалімі әр сабаққа жауапкершілікпен дайыңдалып, жоғары ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде өткізуі керек. Теориялық материалды меңгерту сызбаларды орындау нәтижесінде ғана жүзеге асады. Ал орындалатын сызбаларға қажет материалды мұғалім оқулықта берілген үлгілерді басшылыққа алып сұрыптайды. Сызбалардың бір бөлігі жаттығу дәптерінде, ал екінші бөлігі (міндетті түрдегі графикалық жұмыстарды) сызу қағазында орындалады. Кейін сызбалар альбомға тігіліп, сызу кабинетінде сақталуы тиіс.
Жақсы нәтиже алу мақсатында оқушыларды сызуды тереңірек оқып-білу үйірмелеріне қатыстырып, олардың еркі бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру керек. Осыған орай мынадай факультативтік курстарды ұсынуға болады: «Геометриялық фигуралардың өзара қиылысуы», «Біріктірулердің түрлері және оларды кескіндеу», «Құрастырылған бұйымдар сызбаларын оқу және бөлшектеу», «Құрылыс сызуының негіздері», «Сызбаларда метрикалық есептерді шешу», «Компьютерлік графиканың негіздері» және «AutoCAD»
Теориялық материалды меңгеру сапасын бақылау және оқу үрдісіне түзетулер енгізу үшін тестілерді қолдану ұсынылады. Бағдарламаның барлық негізгі мәселелері бойынша тестілер құрастыру қажет.
Сызбаларды орындауға және нұсқаларды көбейтуге арналған қазіргі кезең техникасымен жабдықталған бөлімдері бар кәсіпорындарға оқушылармен, саяхат (экскурсия) ұйымдастыру қажет.
Тік бұрышты изометриядағы бейнені құру ұстанымдарын үйрету үшін оларды орындаудың ұтымды тәсілдерін таңдап алуға көңіл бөлінуі тиіс (уақытты үнемдеу үшін кей кезде изометриялық проекцияны техникалық сурет салумен алмастыруға болады).
Алғашқы сабақтан бастап-ақ деталь пішіндерін жазықтық бетінде бейнелеу үшін оларды талдау жасай білу біліктілігіне және геометриялық денелердің, бөлшектердің пішінін танып-білу біліктілігін қамтамсыз ететін ерекше өзіне тән белгілерін ажырата отырып, алынған бейнені талдап-зерттеу жасауға аса қатты көңіл бөлінуі қажет.
Сызу пәнінің міндеті. Құрама сызбаларды оқи білуге мектеп оқушыларын оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық пішіндері жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді белгілі мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.
Оқу орнының оқушылары сызбадағы құрама өлшемдерді оқып-үйренуі үшін мұғалімнің негізгі назары сызбаны оқи білу мен бөлшектеу біліктіліктеріне бағытталуы тиіс.
Құрамды сызбаларды оқи білу біліктілігін қалыптастыру үшін, ұсынылған жауаптарды таңдап алу арқылы құрастырылған тапсырмаларды кеңінен қолдану қажет. Бөлшектеу біліктілігін қалыптастыруға сызбаларды (эскиздер) орындау үрдісінде ғана жетеді.
Құрама өлшемдердің пішініе (формаларын) зерделеуде мектеп оқушыларының аралас бөлшектердің өзара шартты түрде байланысқанына назарын аударған жөн. Міндетті графикалық жұмыстардан басқа, сызу сабақтарында әртүрлі пландағы графикалық тапсырмаларды пайдалану қажет.
Оқу орындарының оқушылары танымдық іс-әрекеттерін белсенді оқыту формасына, оқу құралдарының, әдіс-тәсілдерінің және сабақты әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жолдары арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады.

http://cherch.ru/
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.