Меню
Назад » » »
Сызықтық алгоритмді программалау
загрузка...

загрузка...
Күні:13.01.16 Пәні
Информатика Сапаров Бақытжан Нақыпұлы
7 «а» сынып Оқу-ісінің меңгерушісі
____________Сахимова Т
Тақырыбы Сызықтық алгоритмді программалау
Жалпы мақсаттар Сызықтық алгоритмдерді есіне түсіреді. Сызықтық алгоритмдерді программалау үшін қандай операторлар қолданылатынын түсінеді. Сызықтық алгоритмдерді программалауда қолданады.
Түйінді идеялар Сызықтық алгоритмдерді программалау жайлы білімін түйіндейді.
Әдіс-тәсілдер Топпен, АКТ, кері байланыс.
Күтілетін нәтиже Математика мен геометриядағы білімдерін пайдалана отырып есеп шешімінің программасын түсіндіреді. Сызықтық алгоритмге негізделген математикалық есеп шешімін көрсететін программаны талдайды.
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі Аралас
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, оқулық, слайд,
Сабақтың жоспары Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Топқа бөлу Бойымен тұрғызып топқа бөлу
Топ ережесін құру Бойы бойынша топқа бөлініп отырады
Үй тапсырмасын тексеру
1. Алгоритм дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?
2. Алгоритмнің қандай негізгі қасиеттері бар?
3. Алгоритмдерді қандай тәсілдермен бейнелеуге болады?
4. Блок-схема дегеніміз не? Блоктар неше топқа бөлінеді?
5. Қарапайым алгоритмдік тіл деп нені атаймыз? Программалау тілі деген не?
6. Қызметші сөздерге нелер жатады?
7. Меншіктеу командасының құрылымы қандай және ол қалай жазылады?
8. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы қандай? топ болып өздерінің ойларын айтады.

Жаңа сабақ

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады
слайд Сызықтық программалар.
Сызықтық программалар құрамына келесі операторлар кіре алады:
Меншіктеу
А:=В; мұндағы А – айнымалы, В – өрнек немесе айнымалы;
Енгізу
Read(айнымалы аты);” немесе “Readln(айнымалы аты);
Шығару
Write(айнымалыаты); немесеWriteln(айнымалы аты);
Write(“түсініктеме”); немесеWriteln(“түсініктеме”);
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары берілген. Үшбұрыш ауданын табу керек.
program Example1_S;
var a,b,c,р,s : real; {айнымалыларды жариялау}
begin
write( ‘А=' ) ;
readln (a); {а-ны енгізу}
write ( ‘В=');
readln(b); {b-ны енгізу}
write(‘C=');
readln ©; {c-ны енгізу}
p:=(a+b+c)/2; {p-ны есептеу}
s:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)){s-ты есептеу}
writeln(‘S=',s:6:2); {s-тың мәнін шығару}
end. Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Әр топтан бір оқушы түсінгенін айтады.
Сергіту сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
• Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай
3-4 рет айналым жаса Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
Сабақты бекіту
1. Сызықтық алгоритмдерді программалау үшін алгоритмнің қай түрін пайдалану керек?
2. Сызықтық алгоритмдерді программалауда қандай операторлар қолданылады?
3. Сызықтық алгоритмдерді программалауда шарт операторын қолдануға болады ма?
4. Сызықтық алгоритмдерді программалауда циклдік операторды қолдануға болады ма?
5. Үшбұрыштың периметірін табу программасын жазыңыз. Үшбүрыш қабырғаларының ұзындықтары пернетақтадан енгізіледі Топ боп жауап береді.

Бағалау кезеңі Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды Бір-бірін бағалайды
Үйге тапсырма
Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды. Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Сызықтық алгоритмді программалау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 322 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar