Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түбір мен қосымша -

Түбір мен қосымша

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1783 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Абдиева Акмарал Абдыкаликовна

Сынып: 2
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты: Сөз құрамы туралы алған білімдерін кеңейтіп, туынды сөз және түбірлес сөздер тақырыбы бойынша білімдерін пысықтайды. Танымдық, шығармашылық қабілеті, ой белсенділігі артады, тілі дамиды.
Күтілетін нәтиже: Топта бірлесіп жұмыс жасай алады. Ойын нақты жеткізеді.
Әдіс-тәсілдер: СТО, ойын, диалог, көшбасшылық
уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көз
2 мин

1.Сынып ахуалын көтеру
Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық дайындық
- Салематсыңдар ма, балалар?
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Бізге бүгін қонаққа ұстазда келді. Білімімізді көрсетуге дайынбыз ба?
- Екі қолың не үшін қажет?
- Екі көзің не үшін қажет?
- Екі құлағың не үшін қажет?
- Екі аяғың не үшін қажет?
- Жақсы балалар мен сендерге дендеріңе саулық тілеймін


- Елге көмек беру үшін
- Жақсыларды көру үшін
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін
Туған жерге жету үшін.

2 мин

Оқушылардың қызығушылығын ояту
- Ертеде Жыл ақсақалдың екі ұлы,екі қызы болыпты.Төртеуінің мінезі төрт түрлі болыпты.Үлкені Қыс тентек, ашулы,қатал болып өсіпті.Одан кішісі Көктемгүл көңілді,ашық жарқын мінезімен , жүрген жерін майдай ерітіп, гүл жазираға,әсем әнге бөлейді.Одан кішісі Жазгүлдің жайдары,салиқалы мінезімен данқы шығыпты. Жүрген жері думан екен. Ал кенжесі Күз ерке өскендікі ме, мінезі сылбыр, көңіл жықпас болыпты. Өкпелеп, аузы бұртиып, қабағы түйіліп, көзінен бырт-бырт жас атқылап шыға келеді екен. Бірақ бір жақсысы, көкірегі ояу, алақаны ашық жомарт болыпты.
- Осы мезгілдің ішінде қазір қай мезгіл, балалар?
- Қысқа қандай айлар жатады?
- Қазір қанда ай?
- Қыста қандай өзгерістер болады?

Қыстан кейін қандай мезгіл келеді?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Балалар, біз білім патшалығына саяхатқа барамыз, онда бізді үлкен сыйлық күтіп тұр. Ол сыйлықты алу үшін осы төрт мезгілден өтуіміз керек. Әр мезгілдің бізге дайындаған тапсырмалары бар екен
Біз әр тапсырманы орындап қақпадан өтеміз, егер ол тапсырмларды орындай алмасақ жер бетінде үнемі қыс болып қалады екен.
Олай болса, төрт мезгілге бөлінейік
1 топ. Қыс
2 топ. Көктем
3 топ. Жаз
4 топ. Көктем

Өткенді пысықтау. Үй тапсырмасын тексеру.
- Түбір дегеніміз не?

- Қосымша дегеніміз не?


Қыс
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Қаңтар
Күн суытады, қар жауады, адамдар жылы киіне бастайды

Көктем
Күн жылынады

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір дейміз
Түбірге қосылған бөлшекті қосымша дейміз. смайликтер

оқулық

Мағынаны ашу
ІІІ. Негізгі бөлім . Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық..
1 қақпа. «Қыс» мезгілінің тапсырмасы
1-жатығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Қарамен жазылған сөздердің түбірімен мен қосымшасын тап.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге
С.Торайғыров
2-жаттығу. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып оқы.
Сурет (-шы, ші), дәрі (-хана, қана) , өнер (-лы, -лі), қала (-лық, -лік),
дос (-тық, -тік)


Сергіту сәті
Балалар біз қазір тоғайдың ішінде жүрміз. Тоғайдың ағаштары биік екен.
Діңдері үлкен екен.
Желі оңынан да соғады,
Солынан да соғады.
Қоян қорқып тығылса,
Құстар шулап ұшады.
Тыныш - тыныш
Аю ұйықтап жатқанда
Тынышталып қаламыз
Орнымызға қонамыз
Қыс мезгілінен өттік, 2-ші қақпаға келдік. Ол «Көктем» мезгілі,
Көктем мезгілі бізді жылыуымен, жаңбырымен, құстарымен қарсы алды.
Көктем айларын ата?
2 қақпа. «Көктем мезгілі»
3-жаттығуды орындау. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Аспан, аспан, арайлым,
саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын...
Мен ғарышкер боламын
Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
Қандай ғарышкерлерді білесің? Әңгімеле

Ғарышкерден басқа тағы қандай мамандықтар бар?
- Олай болса, мына жұмбақтарды
Айдында жүзедi,
Тiрi күмiс сүзедi. (Балықшы)

Төл өсiрiп момақан,
Уыз iшкен қоймалжың,
Бiлсең айтшы, балақан,
Еңбегi зейнет кай малшы? (Қойшы)

Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)

Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Екi шекпен күмбiрлеп,
Көңiл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,
Желпiндiрiп отырады. (Күйшi)

Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)

Түбірі мен қосымшасын тап (ауызша)

наурыз, сәуір, мамыр

Т.Әубәкіров пен Т.Мусабаев туралы әңгімелеу

- Оқушылардың жауабы.


3 мин
1 мин

15 мин

«Көктем мезгілі» қақапасынан өтіп, «Жаз мезгілі» қақпасына келдік
Жаз мезгілі бізді ыстық, шуақты күнімен, балалардың көңілді демалысымен қарсы алды
Жаз айларын ата?
Әр топқа тапсырма

1 топ- Қыс
Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет:
кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, көкшіл, айдай, жібектей.

2 топ- Көктем:
Сөз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет:
өрмекші, етікші, көшеде, орманда, жұлдыздар, тазалық, домбырашы, кітапты

3 топ - Жаз :
Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, тиісті белгімен көрсет:
орындық, теңізші, үлкендік, етікші, қобызшы, ойыншық, жерде, көмірдің

4 топ – Күз :
Сөздерге жалғанған қосымшаларды тауып, тиісті белгімен көрсет: тасқа, балада, сатушы, мектептің, ақылды, ормансыз, биші, сыпырғыш

маусым, шілде, тамыз

оқушылар тапсырмаларын орындайды

«Жаз мезгілі» қақпасынан өтіп, «Күз» мезгілі қақпасына жеттік.
Күз мезгілі бізді піскен жеміс-жидектермен, астықпен қарсы алды.
Күз айларын ата
Күз мезгілінен қайтадан қыс мезгіліне осы уақытқа оралу үшін
4 жаттығуды орындаймыз.
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап
Тоқымашы, іскер, тазалық, зергер, өнерлі, талапты
1 топ тоқымашы сөзімен сөйлем құрайды
2 топ іскер сөзімен сөйлем құрайды
3 топ өнерлі сөзімен сөйлем құрайды
4 топ талапты сөзімен сөйлем құрайды

қыркүйек, қазан; қараша
Ал, балалар барлық қақпалардан өтіп, білім патшалығына келдік.
Бұл жерде бізді не күтіп тұр екен?
- Іші кітапқа толы сандық
- Ол қандай мағына береді?
Рефлексия. Егер сабақ ұнаса жасыл түсті, қиналсаңдар сары түсті, мүлдем түсінбесеңдер қызыл түсті көтеріңдер.
Сабақты қорытындылау
Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 5-жаттығу, 113 бет
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.