Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түйе мен тышқан. -

Түйе мен тышқан.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1667 | Размер: | Автор: гость
. Алматы қаласы Білім Басқармасының «№185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Турдыбаева Жазира Максутовна

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан.( Монғол ертегісі )
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегінің мазмұнын меңгеруіне жағдай жасау.Ертегідегі негізгі түйінді ойды анықтауына мүмкіндік туғызу.Өзіндік ойлау, пікір айту, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту,мәнерлеп оқуға машықтандыру.Мақтаншақ болмауға, көздеген мақсатына қалайда қол жеткізе білуге,әр нәрсені ойланып,ақылмен шешуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Ертегінің мазмұнын толықтай меңгеріп шығады.Ертегідегі негізгі түйінді ойды анықтап,өзіндік тұжырым жасайды.Өзіндік ойлау, пікір айту, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды,мәнерлеп оқуға машықтанады.Мақтаншақ болмауға, көздеген мақсатына қалайда қол жеткізе білуге,әр нәрсені ойланып,ақылмен шешу керектігіне көздерін жеткізеді.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Диалогтық оқыту, жеке, жұптық, топтық жұмыстар, СТО
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар,суреттер,кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.Топқа бөлу. Қағаз қиындыларына жазылған сөздерді ( қоян, доңыз, мешін, жылан, ұлу) таңдап алу арқылы 5 топқа бөліну.
2. Психологиялық ахуал туғызу.
«Суретті жалғастыр» ойыны
Әр топқа бастапқы элементі салынған сурет таратылады.Әр топ бір-бірімен пікірлесу арқылы ортақ пікірге келіп,сыни тұрғыдан ойлап суретті өз қиялдарына қарай аяқтайды.
ІІ. Проблеманы айқындау кезеңі
«Болжау» стратегиясы.
Топқа берілген атаулар ( қоян, доңыз, мешін, жылан, ұлу) мен осы салған суреттеріңді не біріктіреді деп ойлайсыңдар? Бұлардың бүгінгі сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін? (Оқушылар өз пікірлерін айту,сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа тақырыпты ашады)
ІІІ.Проблеманы шешу кезеңі
3.Электрондық оқулықпен жұмыс
«Түйе мен тышқан» ертегісін тыңдату
4. «6 неліктен?»
Ертегі мазмұны бойынша әрбір топ 6 сұрақ құрастырады,бір-біріне қойып,ертегінің мазмұнын талдайды
1.Неліктен ертегі «Түйе мен тышқан » деп аталған?
2.Неліктен түйе мен тышқан бір-бірімен айтыса бастады?
3.Неліктен олар күннің шығуын күтті?
4.Неліктен тышқан түйенің өркешіне шықты?
5.Неліктен түйе тышқанды өлтірмекші болды?
6.Неліктен түйе жыл басынан құр қалды?
5.Берілген үзінділерді кестеге орналастыр.
1.Ерте-ерте,ертеде адамдар әр жылды жан-жануарлар атымен атауды ұйғарады.Олар он бір жылға он бір жан-жануардың атын береді. Он екінші жылды атамақ болғанда ,түйе мен тышқан өз аттарын ұсынып,бір-бірімен айтыса бастайды
2.Содан бері түйе күл көрсе,тышқанды таптамақ болып,күлге аунайды.Ал, жылдың басы түйе емес,тышқан болыпты.Түйе бойына сеніп,жылдан құр қалыпты.
3. Түйе мен тышқан: «Егер шығар күннің алғашқы шапағын кім бұрын көрсе,жыл басы соның атымен аталсын» деп келіседі
4.Түйе өзінің ұтылып қалғанына ызаланып,тышқанды аяғымен таптап өлтірмекші болады.Бірақ тышқан қашып барып,үйілген күлдің астына тығылып қалады.
5.Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскен кезде,тышқан бірінші болып: «Көрдім, көрдім, мен бірінші көрдім!» -деп айқай салады.Өйткені ол түйенің өркешіне шығып алған еді.
негізгі ойдың басталуы
негізгі ойдың дамуы
негізгі ойдың шиеленісуі
негізгі ойдың шарықтауы
негізгі ойдың аяқталуы

ІҮ. Проблема шешімін қолдану
6. «Балық» ойыны
Балықтың денесіне қазақша жыл атауын ретімен жазып шық.Кәне,кім жылдам екен?
тышқан ұлу


доңыз

7. Суретпен жұмыс
Жыл басына таласқан хайуанаттардың ішінен қайсысы артық екенін айту
8. Биыл қай жыл екенін, келер жыл қай жыл болатынын сағат тіліне орналасқан жануарларға бағыттауыш сызықты апару арқылы анықтау.
9.Кестені толтыру
Биылғы жыл несімен есіңде қалды? Өткен жылға айтар өкпең? Келер жылдан не күтесің?


Ү. Үйге тапсырма
Ертегі мазмұнына байланысты мультфильм құрастыру
ҮІ. Бағалау
Топ басшыларының бағалауы,мұғалімнің қорытынды бағасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.