Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Түйе табан өрнегі. Табақшаны безендіру -

Түйе табан өрнегі. Табақшаны безендіру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1448 | Размер: | Автор: гость
. Абдимова Алиша Багашаровна,
С.Байжанов атындағы № 162 мектеп-гимназияның жоғарғы санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі.
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы
Сабақтың тақырыбы: Түйе табан өрнегі. Табақшаны безендіру



Жалпы сабақтың мақсаты: Сәндік қолданбалы өнері, оның түрлері, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет алады. Ою-өрнек түрлерімен танысады, дизайн өнерінде қолдана білуге үйренеді. Бейнелеу әдістерін меңгереді, топта жұмыс істеп бірін-бірі тыңдап, сыйлауға үйренеді
Оқу нәтижелері -бейнелеу өнеріндегі сәндік қолданбалы өнерінің маңызын түсінеді, қолөнер бұйымдарымен танысады;
-ою өрнек түрлерімен, оларды дизайн өнерінде қолдана білуге үйренеді;
-төменгі дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап бере алады;
-шығармашылық тұрғыда бірлесіп жұмыс жасай алады;
-қолөнер бұйымын жасауға, өнерді қастерлеуге үйренеді.
Түйінді идеялар: Түйетабан өрнегімен таныса отырып, түйе малының жан-жақты пайдалы қасиеттері туралы түсініктері кеңейеді. Ұлттық қол-өнер дизайнына қызығушылығы оянады.
Сабақтың типі: Жаңа білімді зерделеу есте сақтау және бейнелеу іс-әрекеттері
Сабақтың ұйымдастыру түрі Тренинг
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер: Көңілді смайлдар, қоржындағы сұрақ, ой қозғау - «ойлан, бірік, бөліс. Дайындал... Назар сал...Көрсетуге асығыңдар..»
Екі жұлдыз, бір тілек. Тілек ағашы, өзін-өзі бағалау парағы
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер Интерактивті тақта ақ парақшалар маркерлер, стикерлер
Қызығушылығын ояту кезеңі


Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті
1-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Ойсергек «Амандасу» жақсы тілектер тілеп амандасуын ұйымдастыру Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілеп амандасады
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс:
-Түстер бойынша топтарға бөлу Оқушылар алған түстері бойынша топтарға бөлінеді.
3-әрекет. Топтық жұмыс: Ойлан, Бірік әдісі бойынша топ мүшелерін сайлап алуды, топ ережесін сақтап отыруды тапсыру Топ мүшелерін сайлайды. Ережені сақтауға уәде береді
4-әрекет. Жеке жұмыс
-Көңілді смайлдар әдісі бойынша көңіл-күйлерін білдіру. Оқушылар алдарында жатқан смайлдар арқылы көңіл-күйлерін білдіреді
5-әрекет. Ұжымдық жұмыс
«Ой тастау» әдісі бойынша қолөнердегі «дизайн дегенде ойларыңа не келеді?» деп ой тастау Оқушылар қолөнердегі «дизайн» сөзін қалай түсінетіндері жайлы ойларын білдіреді. Қолөнерге қатысты өз ойларын айтады.
ІІ. Мағынаны ажырату кезеңі:
6-әрекет. Жеке жұмыс
Негізгі тапсырманы орындауға көшу Оқушылар сурет дәптерлеріне алдымен шеңберлер салады акварельмен ашық сары түспен бояйды.
7-әрекет. Жеке, топтық жұмыс.
«Қоржындағы сұрақ» әдісі бойынша топтарға тақырып төңірегінде сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап бере отырып табақшаларды түйетабан өрнегімен әсемдейді, өрнекті бірден акварельмен де салуға болады.
8-әрекет. Ойсергек
«Жұлдыздар» интерактивті тақтадағы қимылдарды қайталап әрекет жасауларын ұсыну «Жұлдыздар» ойсергегіндегі қимылдарды қайталап көңілдері көтеріледі
9-әрекет. Топтық жұмыс
Дайындал.. Назар сал... Көрсетуге асығыңдар әдісі бойынша дайын болған суреттерін топ басшысына жинау Әр топ суреттер топтамасын «Табақшалар» көрмесіне дайындайды
10-әрекет.
Көрме дайын болған соң «Тілек ағашына» өзге топтардың жұмыстарын бағалап тілектер жазу Әр топ өзіне берілген тапсырмаларды көрмеге қояды. «Тілек ағашына» пікірлер қалдырады. Әркім өзін-өзі бағалау парағын толтырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.