Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұйық етістік -

Тұйық етістік

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1720 | Размер: | Автор: гость
. Қазақ тілі 6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұйық етістік туралы білім бере отырып, тұйық етістіктің жасалу жолдарын бағыттып көрсету, мағынасына түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың етістіктен алған білімдерін жаттығу жасау барысында қолдана білуге, танымдық деңгейін, ой қорыту бағытын ұштастыра білуге бағыттау.
Тәрбиелік мәні: Ибалылыққа, инабаттылыққа, әдеби тілде сөйлеуге ,сөз мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап,әңгімелеу,ой бөлісу.
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, кестелер,тест
Оқыту формасы: топтық жұмыс
Пән аралық байланыс әдебиет
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сабаққа даярлау.
2.Үй тапсырмасын тексеру
1) 259 - жаттығу
2) «Жорға » әдісі бойынша сұрақ –жауап жұмысы.

3. Жаңа сабақ

«Біреу үйде, екеу қонақта» әдісі бойынша жаңа сабақты тану .

Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс –әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды.
Тұйық етістік- у жұрнағы арқылы жасалады

У Негізгі етістік қара
Туынды етістік ойна +у
Болымсыз етістік ал-ма
Етіс Оқыт +у

Тұйық етістік
Көптеледі Тәуелденеді Септеледі
Барулар Жекеше көпше А білу
Айтулар І айту +ым айту +ымыз І білу + дің
Санаулар ІІ айту + ың айту + ларың Б білу + ге
Сөйлесулер айту +ыңыз айту + ларыңыз Т білу + ді
ІІІ айту + ы айту + лары Ж білу + ден
Ш білу +де
К білу + мен
4. Оқулықпен жұмыс.
260, 261 – жаттығулар .
5. Сабақты бекіту тапсырмалары:
1. Етістіктерге сұрақ қойып талду жасау
1) Қашан кездессең де әзіл айтып, айналасындағыларын қуанышқа бөлеп жүреді. Бұл кісі .......
2) Ол аса мәдениетті, көп оқыған. Сондықтан қиын мәселелердің шешімін оңай табады. Бұл кісі .......
3) Айтқан сөзін нақты ұқыпты жеткізе білетін, үй тапсырмасын үнемі жасап келеді. Бұл оқушы ..........

2. Интерактивті тақта арқылы қимыл іс- әрекеттерге байланысты суреттер беріледі. Сол суреттер арқылы етістіктер тауып, тұйық етістік тудыру. Мысалы: жүр – жүру

6. Сабақты қорытындылау.
Тест жұмысы
1) Дұрыс жазылған етістікті тап
а) жуыу
ә) байыу
б) кею
в) сыйу
д) төку

2) Тұйық етістікті табыңыз
Ояу жатыр
а) қою танау
ә) мал сою
б) жаяу жүру
в) баяу айт
д) ояу жатыр

3) Тәуелденіп және септеліп қолданылған сөз қайсы
а) шашу
ә) баруым
б) бастауымның
в) оюлар
д)сөйлеуде

4) Тұйық етістікке тән емес жалғауды көрсетіңіз
а) көптік жалғау
ә) септік жалғау
б) табыс септігі
в) ілік септігі
д) жіктік жалғауы

5) Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз
а) тасыу
ә) кепу
б) жуу
в)жайу
е) суыу

7. Оқушы білімін бағалау.
Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау.
8. Үйге тапсырма. 1. 262- жаттығу
2. Тұйық етістігі бар мақал-мәтел жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.