Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Төменгі сөре, сөре екпіні -

Төменгі сөре, сөре екпіні

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1427 | Размер: | Автор: гость
. Мамешов Бекболат Болысмуратович,
№52 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пән мұғалімі. Шымкент қаласы, ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Төменгі сөре, сөре екпіні

Сынып 10ә
Бөлімі: Жеңіл атлетика
Сабақтың мақсаты: Шапшаңдыққа және жеңіл атлетика спортына қызықтыру
Сабақ өтетін орын: Мектеп спорт алаңы
Сабаққа бөлінген уақыт: 45 минут
Сабақ өтетін күн: 7.03.2015 жыл
Қажетті құрал жабдықтар: Аяқ тірегіш (колодка) , жалауша, секундамер, ысқыры.

Сабақ
бөлімі р/с Сабақтың мазмұны Жүктеме
мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
Дайындық бөлімі 10і – 12і 1

Оқушыларды сапқа тұрғызу

Кезекші оқушыдан рапорт қабылдау

Сәлемдесу, тізім бойынша түгелдеу

Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру

Орнында тұрып саптық жаттығулар жасату

Жүру бағытында орындалатын бой жазу жаттығулары
Екі қолды жоғары көтере аяқтың ұшымен керіле жүру
Екі қолды бүйірге таянып аяқтың өкшесімен жүру
Қолды желкеге қойып жартылай отырып жүру

Қолды тізеге қойып толық отырып жүру

Жүгіру бағытында денені қыздырып дамыту жаттығулары
Бір қалыпты жүгіріс

Қолды желкеге қойып екі аяқты кезек артқа серпе жүгіру
Қолды белге қойып екі аяқты кезек алға қарай қайшылай жүгіру
Қолды артқа жамбасқа қойып, аяқты кезек бүгіп жүгіру
Оң жақ иықпен, алға қарай жаныңмен секіре жүгіру
Сол жақ иықпен, алға қарай секіре жүгіру
Арқаңмен алға қарай жыланша жүгіру
Спорттық желіспен жүру
Бір қалыпты жүріп демалдыру жаттығуы

20іі

20 іі





20іі

20іі

20іі

20іі



30іі

30іі

30іі

30іі

30іі
30іі
20іі

Оқушылардың киіміне, тәртібіне, денені тік ұстауын, бұйрықтың дұрыс орындалуын қадағалау.

“Оң-ға”,”Сол-ға”,”Артқа” бұрылулар.

Денені тік ұстап жүру

Денені тік ұстап, тізені бүгіп жүреді

Еркін жүгіріс

Ара қашықтықты сақтап жүгіруін қадағалау

Аяқтың өкшесін, қолыңның алақанына тигізу керек

Өте жәй жүріп қолды жоғары көтергенде ішімізге дем алып,қолды төмен түсіргенде дем шығарамыз
Негізгі бөлім 28і – 30і 1

Төменгі сөренің негізгі нұсқаулары туралы әңгімелеу және аяқ тірегіштерді қалай қоюын көрсету

Сөрелік аяқ тірегіштерді өз беттерінше орналастыру.

“Сөреге” деген бұйрықты орындау.

“Сөреге”
“Дайындал” бұйрықтарын орындау.

Бұйрықтарды өз бетімен орындаулар.
“Сөреге”, “Дайындал” және сөреден жүгіріп шығулар.
Белгі бойынша жүгіруді бастау әртүрлі уақыт арасында жүретін “Дайындал” бұйрығынан кейін орындалатын жағдай.

Белгі бойынша төменгі сөреден жүгіру.

Демалдыру жаттығулары.

Алдыңғы аяқ тірегішті, сөре сызығынан 1 – 1,5 табан ал артқысы алдыңғысынан тізе ұзындығы бойынша орналастыру керек.

Тірелу алаңы алдыңғы аяқ тірегіште 40-50о, ал артқы аяқ тірегіш 60-80о еңкею бұрышы болуы керек. Колодкалар ара қашықтығы 18-20 см.

Басты тік ұстау, аяқтарды аяқ тірегіштерге орналастырып, қолды соре сызығына қойып отыру.

Даындал бұйрығы бойынша спортшы жамбасын жайлап көтереді,иық көлемінен бірнеше жоғары аяқтарын жеңілдеу тіктейді және салмағын алда тұрған аяққа және қолға түсіреді.

Сөреден дұрыс жүгіріп шығуын қадағалау.

Фальстарттарды жібермеу.

30 метр қашықтыққа уақыт есептеп жүгірту.
Қортынды бөлім
3і – 5і

Оқушыларды сапқа тұрғызып, бүгінгі сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.

Оқушылармен қоштасу, киіну бөлмесіне саппен шығарып салу.


Жақсы натиже көрсеткен оқушыларды ерекше атап өту.
Төменгі сөреден жүгіріп шығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.