Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұрақты сөз тіркестері -

Тұрақты сөз тіркестері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1681 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО, Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
А.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Барболова Зубайра Еркінбекқызы
Сыныбы: 5
Пәні: қазақ тілі

Ашық сабақ
Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркесі
Сабақтың мақсаты: Тұрақты сөз тіркестері туралы толық түсінік алады, ізденеді, өткен сабақтарымен, әдебиет пәнімен байланыстырады т.с.с. пайдаланып мәтін құрайды, ойы дамиды, сөздік қоры молаяды.
Күтілетін нәтиже: Тұрақты сөз тіркестерін білуге қызығушылығы оянады, сөздікпен жұмыс істеуге үйренеді, шығармашылық қабілеті артады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: деңгейлік тапсырмалар, «Серпілген сауалдар» сұрақ, «Сәлемдесу» ойыны.
Ресурстар: Тест, үлестірме тапсырмалар, стикерлер.
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Жағымды көңіл-күй туғызу арқылы оқушыларды төрт топа бөлу. Сәлемдеседі, топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: Тест «Ия немесе жоқ» Тест жұмыстарына ия немесе жоқ деп жауап береді.
Жаңа сабақ:

Деңгейлік тапсырмалар:
1. Оқушылық деңгей (оқулықтағы 113, 114- жаттығулар)
2. Алгоритмдік деңгей (сәл ізденіс)
3. Шығармашылық деңгей.

1-тапсырмаға Олай болса, балалар жаңа сабақ басталады. Тұрақты сөз тіркестері (кешегі сабақтың жалғасы)
Төрт топтың тапсырмалары:
1-тапсырма: Берліген тұрақты сөз тіркестерінің антонимдерін тауып жазады, баламасын айтады.
2-тапсырма: 1,2 – топқа 113- жаттығу
3,4 – топқа 114- жаттығу
1-мәтін бойынша сұрақ: Қай шығармадағы қай кейіпкерге ұқсайды?
-мәтін бойынша: Аңыз бойынша қобыз аспабын кім жасаған екен?
3-тапсырма: (шығармашылық тапсырма)
112, 120, 123-жаттығулар аясында алынады:
1-топқа: Жиренше шешен Мәтін құрау
2-топқа: Қарашаш сұлу керек және
3-топқа: Аяз би оның ішінде
4-топқа: Тазша бала тұрақты сөз
тіркестері болуы
керек.
3-тапсырманы бағалау өлшемдері:
1. Тапсырманың толық, сауатты орындалады.
2. Белгіленген уақытта аяқталады.
3. Топ мүшелерінің ауызбіршілігі, ынтымағы.

• Оқушылар топ болып отырады.
• Топ ережесін жасайды.
• Топ болып тапсырма орындайды.
1-тапсырма бойынша тұрақты сөз тіркестерінің антонимин жазады және баламасын айтады.

2-тапсырма бойынша оқулықтағы 113, 114- жаттығуларды орындайды.

3-тапсырма бойынша шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әдебиет пәнімен баланыс. Өздеріне таныс кейіпкерлер туралы оқушылар ықыласпен жазады.
Сергіту сәті: 1 минут Сәлемесу ойыны: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен, арқамен деп мұғалім айтып тұрады. Оқушылар ерекше ықыласпен жасап сергіп қалады.
Бекіту: Серпілген сауалдар – ойыншық лақтыру арқылы тұрақты сөз тіркесін айтады. Ойын бір-біріне лақтыру арқылы тұрақты тіркесті айтады.
Қорытынды: 1. Бағалау: (қалыптастырушы, жиынтық)
2. Кері байланыс: (стикерлер таратады)
3. Үйге тапсырма: 115, 122-жаттығулар. Бір-бірін, өздерін-өздері бағалау.
Стикерлер толтырады
Күнделіктеріне жазып алады.
Мұғалімнің өтілген сабақ туралы сараптамасы.

«Ия немесе жоқ» тесті
1. Үлкен-кіші, ескі-жаңа, қатты-жұмсақ, жомарт-сараң сөздері антоним бола ма? Жауабы: ия
2. Салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды сөздері омоним бола ма? Жауабы: жоқ
3. Қайшының жүзі, сауға жүзу, жүз жылқы сөздері синоним бола ма? Жауабы. Жоқ
4. Адамның басы, судың басы, ағаштың басы, таудың басы т.б. сөздер көп мағыналы сөз бола ма? Жауабы: ия
5. Шырайлы, еркежан, мырза жігіт, бикеш деген сөздер табу бола ма? Жауабы: ия
6. Сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер десфемизмдер бола ма? Жауабы: жоқ
7. Ауыз сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл-күйіғ ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі сөздер эфемизм бола ма? Жауабы: жоқ
8. Екін немесе бірнеше сөздер тіркесу арқылы жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер тұрақты тіркестер немесе фразеологизмлеп деп атала ма? Жауабы: ия.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.