Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тұран жазығы -

Тұран жазығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1697 | Размер: | Автор: гость
. Рүстемова Жанат Сапарбайқызы,
«С. Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ОҚО, Мақтарал ауданы.
Сабақтың тақырыбы: Тұран жазығы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тұран жазығының географиялық орны, жер бедері, геологиясы, климаты, өзен-көлдері, табиғат зоналары, өсімдіктерімен жануарлары туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың әр табиғат аймағын жете тануға қызығушылығын ояту. Оларды қосымша ізденуге,картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қазақстанның табиғатының ерекшеліктерін айта отырып, табиғатты сүюге, өз ойын дұрыс, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын
Пән аралық байланыс: Геология, биология, экология.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, пайдалы қазбалар үлгілері, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақты өткен сабақтармен байланыстыра отырып түсіндіру.
IV. Жаңа сабаққа кіріспе 1-2 мин. Логикалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген ынтасын арттыру.
Жаңа сабақтың жоспары: (15 мин)
1. Тұран жазықтығының физикалық, географиялық орны, геологиялық құрылысы.
2. Климаты
3. Ішкі сулары
4. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
5. Қорытындылау
6. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасы «Шығыс европа» жазығы сұрау үшін сынып оқушыларын үш топқа бөлеміз.
1-топ. Географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы айтады.
2-топ. Климаты мен ішкі сулары
3-топ Өсімдіктерімен жануарлар дүниесі жайлы айтады.
Оқушылардың берген жауаптары «бағалау парақшасына» бағаланады.
ІІ. Ойындар 10 сұрақ. Үш топқа он сұрақтан беріледі. Топтан бір оқушы шығып жедел жауап береді.
1 топ.
• Қазақстанның жер көлемі қанша?
• Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
• Қазақстан аумағын 8-табиғи ауданға кім қашан бөлді?
• Қазақстанның 40% алып жатқан табиғат зонасы?
• Батыс Сібір жазығы арқылы ағатын өзендер?
• Ең бірінші құрылған қорық?
• Топырақтың құнарлығын арттыру не деп аталады?
• Дала зонасында кездесетін ірі құс?
• Дермене өсімдігі қай зонада өседі?
• Қазақстанның ең ірі су қоймасы және ол қай өзенде салынған?
2- топ
• Қазақстан неше елмен шектеседі?
• Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?
• Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан кім, қашан аудандастырған?
• Қазақстанның 7% алып жатқан табиғат зонасы?
• Ертіс өзені келіп құятын көл?
• Ең жас қорық?
• Топырақты жел мен судың ағызып алып кету процесі?
• Теңіз көлінде орналасқан қорық
• Қайың, көктерек қай зона өсімдігі?
• Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
3 топ
• Қазақстанның шекарасының ұзындығы?
• Ебі, Сайқан желі қайдан соғады?
• 22 жасында орыс география құрамына мүше болған ғалым?
• Қазақстанның 26% алып жатқан табиғат зонасы?
• Шығыс европа жазығы арқылы ағатын өзендер?
• ЮНЕСКО-ң тізіміне алынған қорық?
• Топырақты зеріттейтін ғалым?
• Дала қойы муфлон қай қорықта кездеседі?
• Құрамында дәрілік сантонин деген заты бар өсімдік?
• Марқакөл қорығы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
ІІІ. Номенклатура. Әр топқа картадан сұарақтар қойылады. Әр топтан бір оқушы шығып, үш парақшада жазылған тапсырмалар бойынша жауап береді.
1. Қазақстанның таулары
2. Өзендері мен көлдері
3. Шөлдері
IV. Сөйлемді аяқта. Оқушылар номенклатурамен жұмыс істеп жатқанда топтағы орташа оқитын оқушыларға бес сұрақтан тапсырмалар беріледі. Сол сұрақтарға жылдам жауап беруі керек
1-топ
• Қазақстан қай материкте орналасқан?
• Қазақстанның шығысында орналасқан мемлекет?
• Қазақстан Еуразия материгінде жер көлемі жөнінен нешінші орында?
• Қазақстанда теңіз ьдеңгейінен ең төмен орналасқан жер?
• Тянь-Шань тауын зерттеген ғалым?
2-топ
• Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
• Қазақстанмен ең ұзын шекаралас мемлекет?
• Қазақстанда неше қорық бар?
• Ең жас эра
• Қазақстандағы ең ірі көл?
3-топ
• Қазақстан қай жылы БҰҰ-ға мүше болды?
• Қазақстанмен ең қысқа шекаралас мемлекет?
• Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орын алады?
• Қазақстандағы ең биік шың?
• Қазақстан шыққан тұңғыш географ-саяхатшы?
V.Сөздіктер Әр топқа бес сұрақтан термин сөздер беріледі. Оқушылар мағанасын ашу керек.
1-топ
• Антициклон
• Изобара
• Эфемерлер
• Эпицентр
• Климат
2-топ
• Франт
• Изогиета
• Эфемероидтар
• Гейзер
• Промилье
3-топ
• Циклон
• Изотерма
• Эндемик
• Цунами
• Рекреация
VІ. Мәреге жету. Әр командаға тақырып беріледі.1- топ «тұлпар»,2 –топ «өзендер», 3-топ «көлдер» Кім қанша географиялық атау біледі. Ол үшін әр командадан бір қыз, бір жігіт шығады. Жігіт қызға жету үшін, әр қадам басқан сайын бір географиялық атауды айтып баруы тиіс. Кім қанша географиялық атау біледі сол бойынша есептеледі. Сөйтіп бағалау парақшаларына қойылған балдар арқылы қай топтың озып шыққандығы анықталып, оқушылар бағаланады.
VІІ. Сабақты қорытындылау.
VІІІ. Үй тапсырмасы.
1. Мәтінді оқып түсінігін айту
2. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.