Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Түркі жұртының Ғабдолла Тоқайы» -

«Түркі жұртының Ғабдолла Тоқайы»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1278 | Размер: | Автор: гость
. Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Бірлік ауылы
Кузнецов негізгі мектебінің
8 «А» сынып оқушысы: Каримова Гүлдана

«Түркі жұртының Ғабдолла Тоқайы»
Шығыс поэзиясының алыбы атанған кемеңгер ақын Ғабдолла Тоқайдың дүниеге келгеніне биыл 130 жыл толады.
Аянышты да даңқты өмір жолын басынан кешірген ол үш жасқа толар-толмас кезінде ата-анасынан айырылып, жетім қалды, қатал тұрмыстың зардабын тартып өсті. Алайда табиғатына біткен ерекше қасиет оны өмірдің биік шыңына жетелеп алып шықты. 19 жасқа толған шағында араб, парсы, түрік, орыс тілдерін толық игерді. Ұлтжанды, отансүйгіш азамат болып татар қоғамынан орын алды. Өмірін халқының, Отанының мүддесіне арнады. Ол бар-жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді. Шығармашылықпен айналысқан сегіз жылда алты томнан тұратын мол да құнды мұра қалдырды.
Ол татарлар өз тағдырын түп-түбірінен түсініп оянуға, жаңаруға мұқтаж болған уақытта туып-өсті. Сондықтан да оның туындысы өз халқының жәбір-зұлымнан, қараңғылықтан, мешеуліктен құтылып, еркін, азат заманға, бақытты тұрмысқа жетуіне арналды. Тоқай өз халқының мүддесі жолындағы идеяларын, оның ғасырлар бойы аңсаған ізгі армандарын татардың ана сүтімен енген дағдылы тілінде бұрын-соңды болып көрмеген әдеби шеберлікпен жеткізіп бере алды. Соның нәтижесінде оның шығармалары халық жүрегінде, ел-жұртының бай рухани қазынасына айналып, мәңгі сақталатын мұрасы болып қалды.
Қай жерде де ұлылар ең алдымен ұлтына қызмет етеді. Ғабдолла да жан-тәнімен өз ұлты үшін, татар халқының мүддесі үшін күресті. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай болса, қамшының сабындай ғұмырында бес том шығарма қалдырған Ғабдолла Тоқай да татар ағайындар үшін солай. Ол өмірден өгейлік көрсе де, өз халқына өгей бала еместігін ісімен де, сөзімен де дәлелдеп кетті.
Сәбит Мұқанов «Өз халқының ауыр тұрмысына оның жаны ашиды, жақсылық қылуға жан таласады, өнер-білімге шақырады. Оның тәні ғана емес, жаны да ауырады. Осы екі ауру қабаттаса келіп, ақынның лаулаған өмірін 27 жасында сөндіреді» деп жазады.
-Ғабдолла ауыра бастағасын достары уайымдап, оған үйлену жөнінде кеңес бере бастайды, - дейді Орал қаласындағы Ғабдолла Тоқай музейінің директоры Марат Багаутдинов. - Ондағы ой - ақыннан ең болмаса ұрпақ қалсын дегендік еді. Бірақ Ғабдолла оған келіспейді. Сірә, жетім өскен өз өмірін баласы қайталамасын деген болар...
Ғабдолла Клячкин ауруханасында жатыр. Науқасы күн санап меңдеп барады. Ақынның досы Шиғап Ахмер еске алады: «Ғабдолла әфенді, сіз нашарлап барасыз. Мұндай жағдайда фотоға түсу керек. Егер жазылып кетсеңіз, өзіңізде қалар. Ал дәм-тұз таусылса, достарыңызға естелік болсын» дедік. Бұған Тоқай қарсы болды. «Кейінірек, кішкене әл жиып алайын». Мен оған «Сіз орныңызда отырасыз. Сізге еш қиындық келтірмейміз» дедім. Сосын фотографты шақырдық. Бұл 1913 жылдың 1 сәуірі еді».
Ертеңінде, кешкі 8-ден 15 минут өткенде Ғабдолла Тоқайдың жүрегі соғуын тоқтатты...
Бірақ Ғ.Тоқай татардың ұлы ақыны ретінде тарихта қалды. Оралда Ғ.Тоқай атындағы көше мен ақын мүсіні де бар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.