Меню
Назад » » »
Тұрмыс –салт жырлары. «Төрт түлік» мал
загрузка...

загрузка...
Көкшетау облысы
Степногорск қаласы
Қырық құдық ауыл орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Жавай Айбат

Қазақ әдебиеті
5 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс –салт жырлары. «Төрт түлік» мал
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Тұрмыс салт жырларының бір түрі төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар туралы түсінік беру, ерекшелігін түсіндіру. Тұрмыс салт жырлары туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Оқушыларға лексикалық білім бере отырып, ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыту.Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру , еркін сөйлеуге , дұрыс және толық жауап беруге бағыттау , логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жеке жара, топпен жұмыс, ұжымдық
Сабақтың типі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша мәліметтер, презентация, плокат
Пән аралық байланыстар: тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын қатағалау.
Психалогиялық дайындық
Шаттық шеңбер
Оқушылардың барлығы ортағы шығып, қызыл және жасыл кәмпиттерді алып ашады да, ішінде жазылған мына сөздерді оқиды. Ақылдымын, мейірімдімін, сыпайымын, сұлумын, білімдімін, тапқырмын.
Берілген кәмпит қағаздары қызыл және көк сол бойынша топқа бөлінеді.
Топ атаулары
Құлыншақ
Ботақан
Үй тапсырмасын тексеру.
А)Төрт түліктің пірін жатқа айту.
Ә) Төрт түлік туралы эссе жазып келу.

Сабақ барысы:
Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Тұрмыс-салт жырларын аттаңдар. (презентация)
Төрт түлік (презентация)
Қазақ халқы төрт түлік малды не үшін ұстаған?
Жылқының , түйенің сүтін қалай атайды?

1. Кезең: Жигсо
Шашылып жатқан жауаптарды, топтан бір- бірден дұрыс жауабын шашпан әрі дұрыс табу.
Түйе Жылқы Сиыр Қой Ешкі
Төрт түлік пірі
Ойсылқара Қамбарата Зеңгібаба Шопаната Шекшекта
Төл атаулары
Бота, тайлақ Құлын, жабағы, құнан, дөнен Бұзау, тайынша, құнажын. Қозы, марқа қозы, тоқты. Лақ , серкеш.
Малдың төлдеуі
Боталайды Құлындайды Бұзаулайды Қоздайды Лақтайды
Мал бағу
Келе Үйір Табын Отар
Төрт түлікті шақыру
Көс-көс Қырау-қырау Аухау-аухау Шөре-шөре Бүшайт-бүшайт

2. Кезең: Кім зерек ?
Мал әбзелдерімен жабдықтары және тұрақты сөзтіркестері
Әрі топқа мал әбзелдерімен жабдықтарын жазу. Топ бойынша жұмыс жасау. Нақты, дұрыс, жылдам жазу.
1.Жылықы - ер –тұрман, атжабу, ат көрпе, ат тарақ, ажырғы, ат дорба, құрық, шалма, тұсау, шідер, кісен, желі, қамшы, ноқта.

Түйе –асмалдық, ауыт, бауыркиіз, жазы, жолбұйда, итепе, кәте, қом, қоршау, мұрындық, наруана.

Сиыр- бұйда, жанауыз, жарма, сірге, тұмылдырық, ыңыршақ.

Қой мен ешкі- көген, күйек, желінқап, кереқап, бауырынтақ.
2. Тұрақты сөзтіркестерінің мағынасын ашу.
Қой аузынан шөп алмас-жуас, момын.
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман- бейбіт, тыныш.
Жылқыдай жусатып, қойдай өргізді -айтқанына көндіріп, айдағанына жүргізу.
Сиыр сипағанды білмейді- жақсылықты білмейді.
Сиырдың бүйрегіндей бытырады- бет-бетімен жан-жаққа кету.
Сау сиырдың боғы емес- бір бәлесі , сұмдығы бар деген сөз.

Жылқы
Түйе
Сиыр
Қой мен ешкі
Тұрақты сөз тіркестері:
Қой аузынан шөп алмас-
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман-
Жылқыдай жусатып, қойдай өргізді-

Жылқы
Түйе
Сиыр
Қой мен ешкі
Тұрақты сөз тіркестері:
Сиыр сипағанды білмейді-
Сиырдың бүйрегіндей бытырады-
Жылқыдай жусатып, қойдай өргізді-

3. Кезең: Сөзмоншақ
Оқушылар жаттап келген мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын екі топ
бір-біріне жасыру.

4. Кезең: « Бес тармақ»
Зат есім .Қой .
Сын есім .Қоңыр, момын
Етістік. Маңырайды,жүреді, жейді
Сөйлем құрау.Біздің қорадағы қой түнде маңырап шықты.
Синоним. Қозы . Шопаната

5. Кезең: Блиц «Шұғыл сұрақтар»
Топ бойынша жауап беру.
1. Жылқының төлі-лақ. (жоқ)
2. Ешкіні шақыру-аухау-аухау. (жоқ)
3. Шопаната –қой (иә)
4. Жылқы –лақтайды(жоқ)
5. Сиырдың басын-ноқтамен байлайды. (жоқ)
6. Қойдың тобы-отар (иә)
7. Қойды ерекелетіп-қошақан (иә)
8. Сиыр тұяғы(жоқ)
9. Түйе төлі-лақ (жоқ)
10. Қойға жүген салады (жоқ)
11. Сиырды шідерлейді (жоқ)
12. Қозы мөңірейді (жоқ)
13. Түйе кісіндейді (жоқ)
14. Жылқыны көс-көс деп шақырады (жоқ)
15. Ойсылқара сиырдың пірі (жоқ)

1. Жылқының тобын үйір дейді (иә)
2. Ат тұяғымен (иә)
3. Қойды мінеді (жоқ)
4. Бұқаны сауады (жоқ)
5. Ешкі тізесі (жоқ) ат тізесі
6. Қой бауыры (жоқ) атбауыры
7. Түйе мұрындық (иә)
8. Сиырдың нары (жоқ)
9. Жылқы көгені (жоқ) түйе
10. Түйенің тобы келе (иә)
11. Шекшеката қой (жоқ)
12. Сиырдың кеш туылғаны кенже құлын дейді (жоқ)
13. Түйенің жаңа туғанын тайлақ (жоқ) бота бір жастан асқанын тайлақ
14. Ірімшік, құрт жылқы сүтінен жасалады (жоқ)
15. Сиыр сүті шұбат (жоқ)

6. Кезең: Мақал –мәтелдерді дұрыс құрастыру.

Жылқы –құлынан өсер , теңге –тиыннан өсер.

Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озады.

Қорытынды кезеңі:
Сабақты бекіту.
Жобаны қорғау.

Екі топқа плакат беріледі және осы сабақ бойынша алған білімдерін жазып қорғау. Ерекшеліктерін анықтау.

1топ Жылқы мен Түйе
2 топ Сиыр мен Қой, Ешкі

Бағалау кезеңі
Өз-өзін бағалау
Мұғалім бағалау.

Үй тапсырмасын беру.
Төрт түлікке байланысты шығарма жазу.

Бағалау парағы
Үй тапсырмасы
Жигсо
Кім зерек
Сөзмоншақ
Синвин
Блиц (шұғыл сұрақтар)
Мақал-мәтелдер құрастыру
Жоба қорғау
+ дұрыс жауап;
- Теріс жауап;
«5» 7-8 сұраққа жауап берсең;
«4» 5-6 сұраққа жауап берсең;
«3» 3-4 сұраққа жауап берсең;
«2» 1-2 сұраққа жауап берсең; Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тұрмыс –салт жырлары. «Төрт түлік» мал можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 675 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar