Меню
Назад » » »
«Төртбұрыштар» тарауын қайталау
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Төртбұрыш анықтамасы, оның элементтерін, дөңес және дөңес емес төртбұрышты білу, төртбұрыштың қасиеттерін есеп шығаруда пайдалан білуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық ізденістерін , білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Оқыту әдістері: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап алу, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған карточкалар, арқан, орамал
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Сөзжұмбақ «Төртбұрыш»
3) Математикалық жарыстар
4) Тест жұмысы
5) Сабақты қорытындылау
І. Ұйымдастыру кезеңі . а) Сәлемдесу
ә)Оқушы әзірлігін бақылау
б) Сыныпты 2 топқа бөлу
II. Сөзжұмбақ шешу. «Төртбұрыш» сөзжұмбағы шешіледі:
Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш(квадрат)
Барлық бұрышы тік болатын төртбұрыш(тіктөртбұрыш)
Барлық қабырғасы т ең параллелограмм(ромбы)
Екі қабырғасы параллель төрбұрыш(трапеция)
Фигуралардың қырларының түйісу нүктесі(төбе)
Нүктеден және осы нүктеден шығатын екі сәуледен құралған геометриялық фигура(бұрыш)
Қарама-қарсы қабырғасы параллель төртбұрыш(параллелограмм)
Бұрыштың түрі(жазыңқы)
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жататын барлық нүктелер жиынтығы(шеңбер)
ІІІ. Орамал тастау.
Ойнаушылар қоршалана тұрады немесе отырады. Ойын бастаушы ортаға шығып өзі қалаған оқушының алдына орамалға түйілген конвертті тастайды.
Бастаушы: Төртбұрыш
1.Қандай фигуралар төрбұрыш деп аталады?
2.Қандай төртбұрыш түрлерін білесің?
3.Параллелограмм дегеніміз не?
4.Тік төртбұрыш дегеніміз не?
5.Ромбы дегеніміз не?
6.Квадрат дегеніміз не?
7.Төртбұрыштың диагономы дегеніміз не?
8.Төртбұрыш қандай топтарға бөлінеді?
9.Дөңес төртбұрыштардың ішкі бұрышының қосындысы
неше градусқа тең?
10.Дөңес төртбұрыш дегеніміз қандай төртбұрыш?
IIІ. Арқан тартыс
Ойын шарты: Бұл ойынға арқан қажет. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, екі жағынан бірдей қашықтықта орналасады. 2 топ кезекпен жауап береді. Мына кестедегі сұрақтарды дұрыс толтырса арқан сол жаққа немесе оң жаққа жылжып отырады.

№ Фигуралар Сызбасы Анықтамасы Периметрі Ауданы
1 Квадрат
2 Тіктөртбұ-рыш
3 Ромбы
4 Параллелог-рамм
5 Трапеция

ІV. Теңге ілу.
Стол үстінде 10, 20, 50, 100 санымен нөмірленген теңгелер жатады. 10 және 20 теңгеліктерде А деңгейінің , ал 50 және 100 теңгеліктерде В деңгейінің тапсырмалары жазылған. Әр оқушы өз қалауымен есептер суырып шығарады.
1.Параллелограммның периметрі 48-ге тең.Бір қабырғасы екіншісінен 3 см үлкен.Оның қабырғаларын табыңдар.
2.Ромбы диогональдарының бірі екіншісінен 1,5 есе үлкен,ал оның ауданы 27см2-ге тең.Диогональдарын табыңдар.
3.Ауданы қабырғаларының ұзындығы 8см және 18м тіктөртбұрыштың ауданына тең болатын квадраттың қабырғасын табыңдар.
Тест жұмысы.
1-нұсқа
1) Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш …………….деп аталады
А) трапеция
В) квадрат
С) параллелограмм
Д) тік төртбұрыш
2) Үшбұрыштың екі қабырғасының ортасын қосатын орта сызығы 10 см. Үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар?
А) 5
В) 10
С) 30
Д) 20
3) Қандай төртбұрыштың диагональдары бұрыштың биссектрисасы болады
А) ромбының
В) трапецияның
С) параллелограмның
4) (Белгісі) Егер параллелограмның диагональдары тең болса, онда ол параллелограмм ………….болады
А) ромб
В) трапеция
С) тіктөртбұрыш
5) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о
В) 45о
С) 55о
6) Қабырғалары 9 және 4 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

7) Қабырғасы 18 дм болатын ромбының периметрін табыңдар.
Сұрақтың нөмері 1 2 3 4 5 6 7
Жауабы
Өздік жұмысының жауаптары:
Фамилия
Баға
2-нұсқа
1) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш …………….деп аталады.
А) трапеция
В) ромб
С) квадрат
Д) параллелограмм
2) Үшбұрыштың бір қабырғасы 10 см. Оның орта сызығын табыңдар?
А) 20см
В) 30см
С) 10см
Д) 5см
3)Қандай төртбұрыштың диагональдары тең?
А) Тіктөртбұрыштың
В) ромбының
С)параллелограмның
4) (Белгісі) Егер төртбұрыштың диагональдары қиылысып, қиылысу нүктесінде тең екіге бөлінсе, онда ол төртбұрыш …………..деп аталады.
А) квадрат
В) ромб
С) параллелограмм
5) Ромбтың бір бұрышы 135о. . Іргелес бұрыштың градустық шамасын табыңдар.
А) 135о
В) 45о
С) 35о
6) Қабырғасы 6 см квадраттың ауданың табыңдар
7) Қабырғалары 20 және 16 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.
Өздік жұмысының жауаптары:
Сұрақтың нөмері 1 2 3 4 5 6 7
Жауабы
Фамилия
Баға
V. Қорытынды
Үйге тапсырма.
Бағалау. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Төртбұрыштар» тарауын қайталау можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 448 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar