Меню
Назад » » »
Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті саласындағы өзгерістер
загрузка...

загрузка...
Ибрагимова Клара Шайлавовна
Сайрам ауданы, Т.Рустемов атындағы г/м тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті саласындағы өзгерістер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдардан бері мәдениетінің өркендеу тарихын таныстыру.
Дамытушылық: Мәдени даму тарихын игерте отырып оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды мәдениеттілікке, білім мен ғылым меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, кеспе сұрақтары, тірек-схемалар, қосымша деректер.
Термин сөздер: Зиялылар (интеллигенция-түсінетін, ойлаушы, саналы )- ой еңбегімен, күрделі шығармашылық еңбекпен, мәдениетті дамыту және таратумен кәсіби түрде айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.
Прогресс- алға жылжу, даму үрдісіндегі жақсарту, регреске қарама-қарсы құбылыс.
Приоритет (лат. бірінші, үлкен)-қандай да бір қызметті уақыт жағынан бірінші болып жүзеге асыру.
Ғылыми- техникалық прогресс-ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.
Ғылыми-техникалық революция (ҒТР)-ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп,сапалық жағынан түлету.
Сабақтың барысы:
Өткен сабақты сұрау.
Жаңа сабақ.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Өткен сабақты сұрау:
Тестпен жұмыс.
1. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы және оның қандай жоғарғы лауазымды тұлғасы?
А) басшысы
В) орта лауазымды тұлғасы
С) өкілетті тұлғасы
Д) сенімді тұлғасы
Е) жоғарғы лауазымды тұлғасы
2. Мелкеттегі қандай басшылық орган үкімет құрамын бекітеді және де оны орнынан түсіре алады?
А) сенатор
В) министр
С) депутат
Д) Президент
Е) аталғандардың барлығы
3. Парламент қандай екі палатадан тұрады?
А) Негізгі және жанама
В) Жоғары және орта
С) Әкімшілік және орындаушы
Д) Сот және атқару
Е) & Мәжіліс және Сенаттан
4. 2003 жылғы қазанда негізгі ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында қызмет ету болып табылатын Республикалық «Асар» партиясы құрылып, 2006 жылы ол қандай патиясының құрамына енді?
А) Руханият
В) Азат
С) Нұр Отан
Д) Әділет
Е) Ауыл
5. Мақсұт Нәрікбаев қай партияның төрағасы?
А) Руханият
В) Азат
С) Азамат
Д) Әділет
Е) Ауыл
6. 1998 ж. 7 қазанда Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді:
А) Президенттің өкілеттілік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі 6 жылға дейін, ал мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды.
В) өкілеттілік мерзімдер ұзартылмады.
С) Сенат жұмысын тоқтатты
Д) мәжіліс депуттарының сайлау өкілеттілігі тоқттылды.
Е) жеке сайлауға құқық берілді
7. «Табиғат» экологиялық қоғамдық қозғалысының жетекшісі:
А) Жармақан Тұяқбай
В) Ирина Савосына
С) Алтыншаш Жаганова
Д) Мэлс Елеусизов
Е) Ғани Қасымов
8. Мамыр 2007 жылғы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Қазақстан Республикасында Парламент мәжілісіне депутаттар сайлауы қашан өтті?
А) 2008 ж 22 қыркүйек
В) 2008 ж 15 сәуір
С) 2007 ж 18 тамыз
Д) 2007 ж 16 қараша
Е) 2007 ж 14 маусым
9. Қай жылы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады ?
А) 1993 жылғы 11 қаңтарда
В) 1997 жылғы 6 шілдеде
С) 1992 жылғы 9 маусымда
Д) &1995 жылғы 30 тамызда
Е) 1998 жылғы 7 мамырда
10. «Невада-Семей» қозғалысы қандай мақсатпен құрылды?
A) Қазақстанда ядролық полигонды жабу үшін
cool Қару-жарақтарды көбейту
C) АҚШ-н бірге ядролық бағдарламаны жалғастыру үшін
D) Жаңа космодром ашу үшін
E) басқа ғылыми мақсаттар үшін

Жаңа сабақ жоспары:
• Білім мен ғылымның дамуы
• Ұлттық мәдениет айшықтары
• Қазақстан мәдениетін көтеру мәселелері: мәдениеттің дамуы

1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып — қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заң шығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі болып саналады және мемлекет аумағындағы қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолда-нылады. «Қазақстан халқының басын біріктіруші маңызды қатынас құралы болып табылатын осы мемлекеттік тілді білу — Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қасиетті борышы болып табылады» — делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында.
Осы заңның 5-бабында мемлекеттік ұжымдарда және жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дәрежеде ресми түрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Сонымен қатар бұл заң бойынша «Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде тілдесуге, шығармашылықпен айналысуына, тәрбие, оқу жұмыстарын жүргізуге құқылы»(6-бап).
1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоктығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар: электроника мен байланыс жүйесі бойьшша, ақпаратты және есепті техника бойынша, биотехнология, экология және жаратылыс ғылымдары бойынша, минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Жарлығы шықты.
1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылым академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.
Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.
Білім беру жүйесі. Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Дегенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.
1997—1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компъютерлендіру бағдарламасын орындау міндеттелінді. 2001 жылы мектептерді компъютерлендіру толығымен аяқталды.

Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындагы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайык қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бүл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірінші кезегі ойдағыдай жүзеге асырылды.

Қорытындылауға арналған тесттік тапсырмалар:
1. Осы жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға өзгертулер енгізілді.
А) 1993 ж.
В) 1994 ж.
С) 1995 ж.
Д) 1996 ж.
Е) 1997 ж.
2. 1992-1993 жылдары электроника мен байланыс жүйесі бойьшша, ақпаратты және есепті техника бойынша, биотехнология, экология және жаратылыс ғылымдары бойынша, минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу, жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ашылды-
А) тәжірибелік зертханалар
В) ұлттық ғылыми орталықтар
С) ұлттық концорциумдар
Д) ұлттық компаниялар
Е) ұлттық бірлестіктер
3. Іргетасы бұрыннан қаланған ғылыми ошақтар, атап айтқанда, геология, химия, механика, т.б. бүкілодақтық жүйенің күйреуі мен құрылымдық құлдырауына қарамастан -
А) жарғыларын жариялады
В) бірігіп кетті
С) өз тұрғыларын сақтап қалды
Д) шетелде тәжірибе жүргізді
Е) жеке-жеке бөлінді
4. Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылып, жаңадан Қазақстан Республикасының осы мекемесі дүниеге келді –
А) Ұлттық мекемесі
В)Ұлттық институттар
С) Ғылым бірлестігі
Д) Ғылым Академиясы
Е) Ғылым зертханасы
5. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу қанша тілде жүргізілді?
А) 6
В) 8
С) 4
Д) 5
Е) 7
6. Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап бағдарламасы жұмыс істеп келеді-
А) «Болашақ»
В) «Келешек»
С) «Жас талап»
Д) « Жас өркен»
Е) «Дарын»
Картамен жұмыс: Республикамызда ашылған ұлттық ғылыми орталықтарды картадан көрсет.

Үйге тапсырма: Оқу, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында білім мен ғылымның дамуы» тақырыбына зерттеу жүргізу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті саласындағы өзгерістер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 528 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar