Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіз ел – Қазақстан! -

Тәуелсіз ел – Қазақстан!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1292 | Размер: | Автор: гость
. Каирова Гулмира Бердигалиевна

Ақтөбе қаласы
№36 қазақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз ел – Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: 1. Тәуелсіздік, теңдік, азаттық жолында күрескен батырлардың ерлігін мақтан ету, өткен тарихқа шолу жасау.
2. Абылай заманындағы батырларды, Ұлы Отан соғысындағы батырларды,
Желтоқсан жауқазындарының ерліктерін әңгімелей отыра ерліктерін,
есімдерін еске сақтап, үлгі тұту.
3. Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреті, кинолар үзіндісі, Рәміздер, Астана суреттері
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тәуелсіз ел-Қазақстан» деп аталады.
«Қазақстан» деген сөзді тағы қандай сөздермен ауыстырып айтуға болады?
Отан, Туғанжер, Туған ел, Атамекен
Олай болса «Отан» деген не ,Отан деген кім екен , Қане айтыпк өрейік?
Отан-менің ата-анам
Отан –досым бауырым.
Отан- өлке астанам
Отан- туған ауылым.
Жарайды,балалар, Біздің Отанымыз тәуелсіздікті оңай алған жоқ, Қазақ жері кең, бай болғандықтан басқа елдер қызыққан, жерімізді тартып алғысы келген. Сан ғасырлар бойы адамдар осы тәуелсіздікті армандап келген.
Жанбота:
МұхтарШаханов
Төрт ана
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырында ете рмәңгі Астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқадан
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жер- түп қазығы, айбыны
Туған тілі –сатылмайтын байлығы
Жан байлығы -салт- дәстүрі тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы.
Қасиетті бұл төрт ана- тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес- күрестердің ұлысы.
1-слайд :Төртана: Туғанжері, Туғантілі, Салт- дәстүрі, Туғантарихы
Балалар, туған тарихқа шолу жасайық.
2- слайд: Абылай заманы- батырлар заманы (Абылай суреті)
Мұстафа:
Абылай заманы- батырлар заманы. Жоңғар басқыншылары қазақ жеріне жиі-жиі басып кіріп, адамдарын аяусыз қырды. Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті Абылай хан басқарды.
Жұлдыз:
15-18 ғасырларда қазақ хандары тұрақты әскер ұстаған. Елімізге қауіп төнгенде үш жүздің басын бір тудың астына біріктіріп жауға қарсы шыққан.
Ролик: Сен білесіңбе? Абылай хан
Балалар,биыл қазақ хандығына неше жыл толды?
Бижан:
Елі- жері үшін аянбай күрескен қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Тайлақ, Малайсары, Райымбек ерлігі халық арасында аңыз, әңгімеге айналған.
3- слайд: Аталған батырлардың суретін көрсету
Отанымыздың әр қаласында батырларға арнап ескерткіштер, көше аттары берілді.
Өз қаламызда қандай батырға арнап ескерткіш орнатылды?
4- слайд: Тілеу батыр суретін көрсету
Айжан:
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қазыбек би былай деген:
Мейіржан:
Біз қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Басымыздан құт- береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Достықты сақтай білген елміз
Дәм- тұзды ақтай білген елміз.
Міне осындай бітімшілікті ойлаған үш биіміз бар.
5-слайд: Үш бидің суретін көрсету.
Балалар, осындай хандарымыз, батырларымыз, билеріміз жерімізді сақтап қалды. Одан кейін 1941-1945 жылдар арасында ҰлыОтан соғысы басталды. Барлық елдер қатысты. Тағы да қазақ жауынгерлері сап түзеді.
6-слайд: Ұлы Отан соғысы 1941-2945 жылдар
Тоғжан:
Ұлы Отан соғысы мәңгі елдің есінде. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға аттанған жауынгерлеріміз қаншама. Олардың 100 мыңнан астамы ордендермен, медальдармен марапатталды. 500-ге тарта жауынгер батыр атағына ие болды.
Ақбота:
Олардың ішінде Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов атты батыр, Халық қаһармандары бар.
7-слайд: Аталған батырлар суреттерін көрсету
Балалар, Батыр Әлия апаларың біздің жерлесіміз. Біздің жерімізде ескерткіш, мұражай, оның атында мектеп те бар.
Ролик: Сен білесіңбе? Әлия мен Мәншүк
Биыл ұлы жеңіске неше жыл?
Міне, балалар тағы да Отан үшін шайқасқан аға- апаларымызды білдік.
«Отан» туған- жер тақырыбында ән орындап көрейікші.
Меруерт:
8- слайд: Ар намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан.
Балалар ,мына сөздерге қалай түсінесіңдер?
Ар, намысым- намыстану,күйіну (өзалдына,тәуелсіз ел болмағаныүшін)
Қасіретім-қайғы
Мақтаныш- қуану
Осылардың барлығы қай айда болған? (Желтоқсан айында)
Нұрсезім:
Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым- Желтоқсан. Ол күн тәуелсіздіктің туын алған көтерген әйгілі 1986 жылдың 16- желтоқсаны еді. 26 жыл елді басқарып келген Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев түсіріліп, орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді. Бұл хабарды естіген жастар елімізді қазақстандық азамат басқарсын деп алаңға жиналды.

Нұржамал:
Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған ҚайратРысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова тағы басқа аға- апаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
9- слайд: Желтоқсан көтерілісшілерінің суреттері
Меруерт:
Әр дәуірдің еркіне сай, нарқы өзгерген алтынның
Айналайын, айналайын жас өрені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың
Әлішер:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата- баба рухына
Үлгі бізге- аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегел іеңбегі
Тәуелсіздік туын ұстар жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
10-слайд: Астана суреті көрсетіледі
(Оқушылар ортаға шығып әр жылдарға тоқталады)
Аружан К:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.

Аружан Т:
1991 жылыТәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә. Назарбаевты президент етіп сайлады.
Мадияр:
1992 жылы Қазақстан Республикасы Елтаңба, Гимн, Туы туралы заң қабылдады.
Айназер:
1992 жылы 30- тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Гаухар Е: 1996 жылы Тәуелсіздік монументі орнатылды.
Курпешова М: 1998 жылы Ақмола- атауы Астана деп өзгертілді.
Балалар ,осындай бақытты заман, Тәуелсіз ел оңай келген жоқ.
Олай болса сендер де Отанымыздың гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларың керек.
Тәртіпті болу, жақсы оқу,т. б
Тәрбие сағатымыздың соңында «Бақытты балдырғандар» жырын орындап көрейік.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.