Меню
Назад » » »
Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз
загрузка...

загрузка...
Сыныптан тыс ашық сабақ
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз».
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша
қайта лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Құралдары, көрнекіліктері: интерактивті тақта, шарлар, ҚР картасы, безендіру құралдары.Қатысушы: 8 «г»класс оқушыларынан құрама «Бәйтерек» және «Дарын» топтары.
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты». Топ басшыларының сайысы.
ІІ кезең: « Самғау».
ІІІ кезең: «Өз құқығыңды біл».
ІҮ кезең: «Шырқау».
Ү кезең: «Жерұйық».
ҮІ. «Тарих тереңіне үңілсек»
ҮІІ кезең: «Ойды аяқта» кезеңі
ҮІІІ кезең: «Шешендік өнер»
Сайыс барысы:
- Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. « Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз » тақырыбы аясында өтетін интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары – екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:
І топ – «Бәйтерек» тобы. Топ басшысы
ІІ топ –« Дарын» тобы. Топ басшысы
Әділқазылар алқасымен таныстыру
- Қара қылды қақ жарған әдіп бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныстырайық.
1.
2.
3.
Сайысты бастау
- Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.
І кезең – «Қанат қақты» деп аталады. Топ басшылары сайысы.
І топ басшысына сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 - 1938)
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. «Қазақ» апталық газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. Тұңғыш президентіміз. (Н. Ә. Назарбаев).
6. Бүркітті баптайтын адам. (Бүркітші, құсбегі)
7. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
8. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
9. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)
10. ҚР - сы БҰҰ - ға қашан мүше болды?. (1992 - ші жылы)
11. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні. (Рамазан, Жұма, Қыдыр)
12. 37 санының жартысы. (18, 5)
13. Қызылорда облысында қанша аудан бар? (7)
14. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
15. Парламенттің Жоғарғы палатасы (Сенат)
16. Үйдегі ең қасиетті нәрсе не болды? (Ошақ)
17. Қызылорданың бұрынғы атын ата (Ақмешіт, Перовск)
18. Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
19. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)
20. Ұлы жұт жылдарын ата (1931 - 33 жылдар)

ІІ - топ басшысына берілетін сұрақтар:
1. 1 жылда неше күн бар? (365 күн)
2. Төл тенгеміз қашан айналымға енді? (1993 ж. 15 қараша)
3. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтің туған жері (Алматы обл. Қарасай батыр \ ауд. Шамалған ауылы)
4. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
5. Тарих атасы (геродот)
6. Парламенттің төменгі палатасы (Мәжіліс)
7. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. маусым)
8. Қазақ хандығының ХУШ ғ. астанасы (Түркістан)
9. Алғашқы астана? (Орынбор)
10. А. Байтұрсынов кім? (Ағартушы, т. б.)
11. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
12. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары (1835-1865)
13. ҚР - ның рәміздерін ата. (Ту, елтаңба, әнұран)
14. ҚР - ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
15. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
16. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата)
17. Алматы қаласы бұрын қалай аталған? (Верный)
18. 21 санының жартысы қандай? (10, 5)
19. Жоңғар мемлекетінің билеушісі (қонтайшы)
20. «Алжир» терминінің мағынасын түсіндір. (Акм. лагерь жен изм - в Родины)

ІІ кезең – « Самғау»
І топ - «Бәйтерек» тобына берілетін сұрақтар:
1. Сталиндік жазалаудың құрбаны болған «Алаш» партиясының негізін қалаушы, автон - қ қазақ үкіметінде басшысы болған. Бұл тарихи тұлғаны атаңыз?. (Ә. Бөкейханов)
2. 1932 ж. жазылған «Бесеудің хаты» кімге арналады және авторы кім? (Голощекинге, авт - ры: Ғ. Мүсірепов, Ғатауллин, Даулетқалиев, Қуанышев, Алтынбеков)
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш саяхатшы. 1853 ж. оқуды бітііріп корнет офицерлік атағын алып, Б. Сібір г - губ - ң жанынан төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрді. 1856 ж. Ыстықкөлдің топографиялық суретін тусірді. Осы тарихи тұлға кім?. (Ш. Уалиханов)

ІІ топ - «Дарын»тобына берілетін сұрақтар:
1. 1890 жылы Қызылорда каласында дуниеге келген, Ташкент гимназиясын, Петербург Унив - ң заң фак - н тамамдаған. Ағылшын, француз, орыс, поляк тілдерін меңгерген. 1917 жылы құрылған Түркістан авт - ң М. Тынышбаевтан кейінгі президенті болған. 1941 ж. Түркістан лег - да болған кезінде Берлинде қайтыс болды (М. Шоқай)
2. 1925 - 1926 ж. «Ж. Голощекин, менің ойымша, осы жазбада көрсетілген, бірден – бір саясат»,- деп жазған мемлекет басшысы кім. 1937 - 1938 ж. қуғын - сүргінді ұйымд – шы кім?. (И. В. Сталин).
3. 1946 ж. маусым айында КСРО ҒА - ның Қазақ филиал - ң негізінде Қазақ АКСР ҒА -сы құрылды. Акад - ның тұңғыш президенті, Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымд – шы ғалым кім? (Қ. И. Сәтбаев)

ІІІ кезең –«Өз құқығыңды біл»
(Бала құқықтары туралы)
1.Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (туған кезінен)
2. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? (18)
3. Баланың өз пікірін білдіруге , ақпарат алуға, ақпаратпен идея беруге құқығы бар.Ол шектеулі ме, шектеусіз бе?
4. Неше жасқа толмаған баланы Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге шақырылуға жатпайды?
5. Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады?
ІҮ кезең – «Шырқау»
(Сөздерді тауып, мағынасын ашып айту)
ЕКОНЮС
АТКРДЕИЯМО
ЕНТЕЗПРИДЕ
АТТӨЛЖҰҚ
ЕМНДРЕРФЕУ

Ү кезең – «Жерұйық»
1. Парсы патшасы Кирді талқандаған сақтардың әйел патшасы кім?. (Томирис)
2. К. Қасымұлы көтерілісін жазғаны үшін айыпталған тарихшы кім және ол неше жылға бас бостандығынан айырылды? (Е. Бекмаханов, 25 жыл)
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», деген сөз кімнің сөзі? (Төле би)
4. Кіші жүздегі патша үкіметінің отарлау саясатына карсы ұлт - азаттық күрестің ең ірісі қайсы? (С.Датұлы.)
5. Олар: « Қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады», - деп қауіптенеді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды олар 1916 ж. Мұны жазған кімдер? (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов)
6. 1931 - 1933 ж. республ - ң қанша тұрғыны аштықтан қырылды, қандай атпен тарихқа енді? (6, 2 млн.---- 2, 1 млн. «Ұлы жұт»)
7. 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыстың басталуына не себеп болды? (1916 ж. шыққан патша Жарлығы)
8. І дүние жүзілік соғысқа барлығы қанша ел, адам қатысты? (38 мемлекет, 74 мың адам қатысты)
9. «Ленинградтық өренім!» өлеңі кімдікі? (Ж. Жабаев)
10. М. Әуезовті бүкіл әлемге танытқан шығармасы. («Абай жолы» эпопеясы)
ҮІ кезең
«Тарих тереңіне үңілсек»
Берілген заңдар бойынша айту
1. Хаммурапи заңдары
2. Тәуке хан «Жеті жарғы»
3. Шығысхан «Яссы»
4. Қасымханның қасқа жолы
ҮІІ кезең

«Ойды аяқта» кезеңі
1.Заңның құрығы...
2. Өш алғаннан гөрі...
3. Туғанды биде...
4. Таста тамыр жоқ...
5. Туғанына бұрғаны...
6. Отансыз адам...
7. Атаның баласы болма...
8. Туған жердей жер болмас...
ҮІІІ кезең
«Шешендік өнер» «Тәуелсіздігімізге 23 жыл!»
Қорытындылау. Әділ қазылар алқасына сөз беру.
- «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты қайталауға арналған «Атажұрт» интеллектуалдық тарихи - танымдық ойынымызды қорытындылаймыз. Топтардың ұпай сандарын есептеп шығарып, атап айтамыз. Ерекше жауап берген оқушыларды атайық.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,- деп баяғыда айтқан.
Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман, - дей отырып, елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіз елдің білімді ұрпағымыз можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 304 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar