Меню
Назад » » »
Тәуелсіз елім- тірегім.
загрузка...

загрузка...
М. Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің III деңгейлі сертификатталған «Бастауыш сынып мұғалімі»Балешова Шынардың әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Такырыбы: Тәуелсіз елім- тірегім.
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ,еліміздің жеткен жетістіктері туралы әңгімелеу. Өз елінің патртиоты болуға бағыттау

Қайырлы күн, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Тәуелсіздік 24 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім тірегім» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Сіздерді келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Елімз аман, жұртымыз тыныш болсын!
. «Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда
Әнұран
Мұғалім: Тәуелсіз ел тарихы - отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл - ойы мен жүрегінде туған жер мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл еліміздің дамуы, өркениетке ұмтылуы жолындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз Құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады.
Жылдар сөйлейді(слайд көрсету)
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Құдрет
1991 ж. 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты Мерует
1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Арнат
1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Тілекжан
1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 4 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді қабылданд
1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды. Жанайым
1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.Алихан Қ
1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. серали
Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды. Айым
1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды. Жанасыл
1998 ж. Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.
Нуралы
1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды. Молдир

Бұл қандай күн?(бейнеролик )
Оқушыларға сұрақтар.(слайдтан көрсету)
• 16-желтоқсан қандай күн?
• Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
• Тудың авторын кім?
• Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
• Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты?
• Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
• Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз?
• Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
• Қазақтың төл теңгесі қашан айналымға шықты?
Мұғалім:
Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғаны әрине мақтаныш.
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу» деген болатын.
Қане енді сіздердің туған жерлеріңе деген сезімдріңізді көрелікқ
(Әдеби монтаж)
- Тәуелсіздік 11 әріптен құрылған,
Сан ғасырлар әр қазаққа боп арман,
Талай дара, даналардың көз жасы
Қанымен атты таң боп бізге алуан Айым

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсіз Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік - сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік - ақ батасы атаның Бекназар

Тәуелсіздік - ата - бабам аңсаған,
Жете алмай құрбан болды қанша адам
Махамбеттер, кешегі өткен Қайраттар
Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған Алихан

Тәуелсіздік, тәуелсіз - жыр әнім
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным Жанайым

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім – Күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
, Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! Бибігул

«Арыстандай айбатты, Мөлдір
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.
Мұғалім:
Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы-қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
Осы оқиғаларды бизге жеткізген тарих, ата бабаларымыз. Ендігі кезек осы атаның әңгімесінде:
(Атаның әңгімесі) бейнеролик. Али мен Айя
Тәуелсіздік бұрышы. (кітапхана меңгерушісі Едіресова Қанафия)
Бейнеролик Тәуеліздік нысандары
Қорытынды
Мұғалім
Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген Қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік. Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін! Еліміздің, елдігіміздің белгісі – көгілдір туымыз, қасиетті көк байрағымыз көкте қалықтап, желбірей берсін! Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш-жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет! Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат-ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіз елім- тірегім. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 396 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar