Меню
Назад » » »
Тәуелсіздік
загрузка...

загрузка...
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Аяғанова Шолпан Оралғазықызы

Ана тілі – Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік
Сабақтың мақсаты:1.Тәуелсіздік деген қастерлі ұғыммен оқушыларды таныстыру.
Желтоқсан оқиғасы және оның құрбандары жайлы түсінік беру.
2.Оқушылардың ой-өрісін,танымдық қабілеттерін арттыру.
3. Оқушыларды отан сүйгіштікке,өз елінің барлық құндылықтарын
құрметтеуге,мәдениетін ұмытпауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандары және оларға қойылған
ескерткіштермен сөзжұмбақ, тірек сызба сызылған слайдтар
Сабақтың түрі:Ашық,аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа
әзірліктерін тексеру.
Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,
Бейне бір сендер жеміс,мен-бәйтерек
Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,
Ұшқыр ой, ашық көңіл, білім керек!-дей келе сабағымызды
бастаймыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Үйге не берілді? -Ақша қар өлеңін жаттау,өлеңдегі теңеу
сөздерді жазу.
3.Біздің өтіп жатқан бөліміміз қалай аталады?
-Қыста талай қызық бар. Қыста қандай қызық бар?
Сөзжұмбақ шешу.
-Ерекше торкөзден қандай сөз шықты? ТӘУЕЛСІЗДІК
-Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
-16 желтоқсан –Тәелсіздік күні.
Еліміз Тәуелсіздігін 1991жылы 16-желтоқсанда алды. Біздің
елімізде
Тәуелсіздіктің 20жылдығына түрлі шаралар өтуде. Бізде өз
үлесімізді қосу
мақсатында бүгінгі ашық сабағымызды мерекеге тарту етпекпіз.
-Тәуелсіздік сөзінің мағынасын түсіндіріп беріңдер.
\ Бостандық азат,еркін деген ұғымды білдіреді \
-Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің басты белгілерін атап
беріңдер.

ҚАЗАҚСТАН
Туы, елтаңбасы, ұлттық валютасы, Астанасы, Президенті, әнұраны бар.

Түсініп оқу:16желтоқсан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн. Т.Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан»-өлеңіімен танысамыз.
А) Өлеңді мұғалімнің оқуы.
Ә) Тізбектей оқыту
Б) Мұғалімнің түсіндірмесі.
Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздік үшін қаншама адамдардың қандары төгілді, қаншама жан құрбан болды. «Бес арыс»-деп атаған қайраткерлер,одан арғыдағы Кенесары сынды батырлардың да арманы тәуелсіздік еді. Сондай елі үшін құрбан болған азаматтардың есімдерімен таныс болыңыздар. Олар: Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджановалар еді.
Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеу.
1986 жылыҚазақстанды көп жыл билеген Дінмұхамбет Қонаевты зейнеткерлікке шығарып,орнына қазақ тілін білмейтін,қазақтың салт-дәстүрінен түк хабары жоқ Г.В.Колбинді Ресейден әкеліп Қонаевтің орнына сайлады.Сол кездегі жастар, студенттер бұл шешімге наразы болып,өздерінің талап-тілектерін білдіру үшін Алматы қаласындағы сол кездегі Брежнев алаңына шығады.Олар патриоттықәндер айтып, қолдарына талаптары жазылған плакаттар ұстап,бейбіт шеру жасайды. Сол кездегі үкімет басындағылар жастарға қарсы қару атып,иттер,милиция жасақтары,Солдаттарды қарсы шығарып,күш көрсетеді, Қыстың қақаған суығында , суық сумен атқылайды,итке талатады, жігіт-қызға қарамай ұрып-соғып,тепкілейді.Қайрат сол кездеалматы сәулет-құрылыс институтының студенті еді. Олда жастармен бірге алаңға шыққанболатын.Қазақ қызын бір жасақшының тепкілегенін көріп, қарындасындай қызды құтқарып алады.Қайратты заң адамдары фотосуретке түсіріп алған екен.Оны түрмеге қамап,ату жазасына кеседі. Көптеген қазақ жастарын оқудан,жұмыстан шығарып,түрмелерге қамаған болатын.Қайраттың ешқандай жазығы жоқ еді,тек ол өз елінің азат болуын армандаған мыңдаған қазақ жастарының бірі еді.түрмеде отырып өз ойын қағаз бетіне түсіреді, өлеңдер жазады. Жұмбақ жағдайда Семей қаласындағы түрмеге ауыстырылып,№21 камерада 21жасында Власенько деген қандықол қарақшының қолынан қаза болады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Қайратты ақтап, оған еліміздегі ең жоғарғы марапат «Халық қаһарманы»-атағы берілді.
Мәтінмен жұмыс а\ мұғалімнің оқуы ә\ өз беттерінше оқыту б\мәтінді талдау.
-Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? \қиын жерде қашу, шегіну.\
-Қайраттың «асыл міндет»-деп отырғаны не деп ойлайсың? \Отанды қорғау, отбасыңды қорғау, елге қызмет ету.\
Қайраттың ақтық сөзі.
Тұтқынға түстім жаутаңдай,
Жоламай ешкім қасыма.
Бара қалсаң, сәлем айт.
Сырттағы құрбы-досыма.
Күнәдан таза басым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар!
«Қайрат» деген атым бар
«Қазақ»-деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең,атыңдар!
Мен не етермін ,не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген, қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол таңдарым.
Ағайын, туған азамат!
Артымда қалған ата –анам.
Елжұртым,саған аманат,

Дәптермен жұмыс.
-Қайратқа сипаттама беріңдер. Қайраттың суреті ілінеді.
\Қайрат батыл,ержүрек мейірімді, ақылды ,ақын, «халық қаһарманы.\
Қортынды: Оқушылардың сипаттамасын толықтыра отырып,оқушыларды бағалау.
Бекіту:Үйге тапсырма бере отырып,сабақты бекіту. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 259 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar