Меню
Назад » » »
Тәуелсіздік тұғырығым
загрузка...

загрузка...
Тәуелсіздік тұғырығым
Қарағанды қаласының әкімдігі
Қарағанды қаласы білім бөлімі
«Балбөбек» балабақшасы КМҚК

№ 6 «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі – Кабенқызы Алтын Айбасова

Мақсаты:
Білімділік – еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру;
Дамытушылық: балалардың тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Отан – Ананы құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Желтоқсан қаһармандарының суреттері.
Барысы:
1-жүргізуші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, балалар! Сіздерді еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз!
2-жүргізуші: Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді міне дауыл тербеген теңіздей буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалтып сол бір қастерлі де, қасиетті күндерден бергі 28 жыл да тарих қойнауына тартып барады.
Айзере: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
Нұрай: Дауылға Желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы.
«Күтпеген іс, ақыры не болар?» - деп
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
1-жүргізуші:1986 – жылғы 16 – желтоқсан –Үлкен өзгеріс күні. Алматыда Қазақстан компартиясы орталық коммитетінің өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен пленум қазақ халқының тағдырын тас – талқан етті.
2-жүргізуші: Жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында ұлтаннан сұлтан болып, тар жол тайғақ кешуден өтті.
Адилхан: Кез емес жаугершілік «аттан»атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.
Дариға: Желтоқсанда Алматыда, Ақордада,
Алма бақтары ақ қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оғы жалаң қақты шатқалда.
Ән «Атамекен»
Бақытжан: Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.

Елдан: Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын,
Жауыздар бастан тепкен күн.
Бақытжан: Жігіттер итке таланып,
Ер басын күрек шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
Дамир: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың риза болсын!
(алдыға үш батырдың суретін алып балалар шығады, бір минут үнсіздік жарияланады)
Ханшайым: Тұрсын биік өр басым,
Қазаққа бақыт орнасын!
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
(екі милиция Қайратты сүйреп алып келеді)
Тергеуші-С.Мирас: Мынау ма, батыр, ха – ха – ха,
Кәне отыр былай қарай желкенеле.
Өлімі үшін адал жанды адамның,
Тура келеді саған жауап беруге!
Қайрат-Жансерік: Ой, залымдар, арым таза, кінәм жоқ! Мойындамаймын!
(Қайрат орнынан жұлқынып тұрып)
Күнәдән таза басым бар,
21 – де жасым бар!
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар!
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар!
«Еркек тоқты құрбандық,»
Атам десеңдер атыңдар!
Қош, аман бол артымда,
Ағайын – туыс азамат,
Артымда қалған ата – анам,
Ел – жұртым саған аманат !
(екі милиция екі жағынан ұстап, жұлқылып алып кетеді)
2-жүргізуші: Асыл сөздің, асыл істің иесі Қайрат 21 жасқа қараған шағында, тас түрменің 21-камерасында, 21-мамыр күні жалдамалы қарақшының құрбаны болып кете барды.
1-жүргізуші: 1986 жылғы 16-желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
Тәуерсіздіктің таңғажайып жақтары туралы сыр шерту үшін бақытты, шат – шадыман ұрпақтарының өнерін тамашаладыңыздар.
Ерлан: Бір – біріне қимайтын аласаны,
Ынтымағы сан ұлттың жарасады.
Қоғамның тату бірлігінде,
Қазақстан елімнің болашағы!
Саяжан : Уа, дариға!
Еркіндік пен Егемен!
Қадіріңді түсінбеймін неге мен?!
Байтақ елдің ырысына айналып,
Бақыт нұрын себелеп тұр төбеден!
Ән: «Біз бақытты балдырған»
Қазақ биі «Домбыра» «Жайлауда»
Альмира: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп сауапты
Әр отбасы, әр қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!
Надежда: Көк аспандай туларың,
Елім деген ұлдарың!
Елжірейтін күні бұл,
Желбірейтін күні бұл!
Жеке ән «Сарбаздарым»
Амир: Дүбірлетсін өңірді,
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің,
Құтты болсын бұл күні!
Би: «Флешмоп»
2-жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болсын, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі каң, терезесі тең елде өмір сүрсін! Қазақстанға оңай келмеген тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік ағайын! Шат – шадыман шаттыққа толсын деген игі тілекпен біз өздеріңізбен қоштасамыз! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік тұғырығым можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 372 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar