Меню
Назад » » »
Тәуелсіздік тұғырым
загрузка...

загрузка...
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым
Сабақтың мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, жас жеткіншек бойында Отанынға және туған елге деген сүюйіспеншілілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне зор құрмет, шынайы сезім, ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру;
Білімділігі: Сауаттылық дағдыларын қалыптастыру, сөйлем құрау, туралы білімдерін байыту, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу,
Дамытушылығы: Халық педагогикасын насихаттау, балаларды ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу,сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрету, білімге деген құштарлығын арттыру;
Тәрбиелігі:Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу, қауымдасып жұмыс істеуге, жауапкершілікке, ізденпаздылыққа, білімділікке, әдепті сөйлеуге, адам бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, слайдтар альбом, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:
І кіріспе бөлім:
1. Тарих қойнауынан сыр шертейік (баяндама)
ІІ Негізгі бөлім:
1. Тәуелсіздік тұғырым (хронологиялық кесте)
2. Ел бақытын ойлаған елбасы (елбасы өмірінен)
3. Жас ұрпақтың арманы мен арнауы. Гүлденген Қазақстан (ассациация)
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе: І. Тарих қойнауынан сыр шертейік ( баяндама)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сабағымыз алдыңғы сабақтардан өзгеше. Биыл біздің Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр. Тәуелсіздік! Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік!Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Тәуелсіз ел тарихы- отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлі етер «барыс» текті, намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойымен жүрегінде жерімен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолдарындағы нәтижелі көрініс болып саналмақ.
Тарихқа бір сәт шегінсек...
ХҮ ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра көшіп «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында бас қосты.
ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді.
ХХ ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді
1917 жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға тұстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды.
1930-1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн халықтың 3 млн опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім.
Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-1938 жылдар аралығындағы Сталин репрессияға ұшыратып, елдің болашағын ойлаған азаматтарды халық жауы деп қырды.
1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Біз үшін Тәуелсіздік-Ту, Тәуелсіздік-жер-су, Тәуелсіздік- ел дәулеті, болашақ ұрпақ қамы. Қазақ халқы еркіндік алу, Тәуелсіздік жолында азапты өмірді басынан кешірді. Өзінің сан ғасырлық тарихында қаншама бейнетті басынан өткерді. Бірақ халқымыз мойыған жоқ.

2. Тәуелсіздік тұғырым (хронологиялық кесте)
Иә, балалар біз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қандай елеулі оқиғалар болды?
1-оқушы: -1991 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылы» 1 желтоқсанда Қазақстан Президенті сайланды. 16 желтоқсанда ҚР-сы егеменді тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
2-оқушы:-1992 жылы «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы» 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді
3-оқушы:-1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды» 28 қантарда ҚР-ның тұңғыш Конституциясы қабылданды. 18 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ҚР-ның ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді.
4-оқушы:-1994 жылы»Халықаралық Отбасы жылы» Жоғарғы Кеңес пен Маслихаттар сайлауы өтті. 25 қарашада екінші қазақ ғарышкері Т.Мұсабаевтің халықаралық экипажының «Союз ТМ-19» ғарышқа сапар шекті.
5-оқушы:-1995 жылы «Ұлы ақын Абай жылы» 25 қаңтарда Қазақстан ТМД-ға бейбітшілік пен тұрақтылық туралы бітімге қол қю жөнінде бастама көрсетті. 30 тамызда екінші рет тәуелсіз еліміздің Конституциясы қабылданды.
6-оқушы:-1996 жылы «Бейбітшілік пен рухани татулық жылы» Ж.Жабаевтің 150 жылдық мерей тойы, 16 желтоқсанда Алматы Тәуелсіздік монументі ашылды.
7-оқушы:-1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «ҚАЗАҚСТАН-2030» жолдауы жарық көрді.
8-оқушы:-1998 жылы»Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» Астана қаласының ашылу рәсімі болды
9-оқушы:-1999 жылы»Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» 10 қаңтарда Н.Назарбаев 7 жылға Президент болып қайта саайланды.
10-оқушы:-2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» 16 қыркүйекте Сиднейде ХХҮІІ жазғы Олимпиада ойындарының тұсауы кесілді.Ардақты азаматтарымыз Ольга Шишигина, Ермұхан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбековолимпиаданың алтын, күміс медаліне ие болды. 19-қазанда Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы өтті.
11-оқушы:-2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды.
12-оқушы:-2002 жылы «Денсаулық жылы»
13-оқушы:2003-2005 жылдар «Ауылды қолдау жылдары
14-оқушы:2006 жылы «Қазақстандағы Пушкин жылы» 6 қаңтар ҚР-ның жаңа әнұраны бекітілді. 11 қаңтар ҚР-ның Президентінің ұлықтау күні
15-оқушы:-2007 жылы Елбасымыз Н:Ә.Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» жолдауы жарияланды
16-оқушы:-2008 жылыАстананың 10 жылдығы тойланды. Өз өлкеміз Сайрам ауданының 80 жылдық мерей тойы тойланды.
17-оқушы:-2009 жылы «Қазақстанда Украйына жылы»
18-оқушы:-2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымына төрағалық етіп, 4 желтоқсанда Асанамыз Елордада 54 елдің басынқосқан ҮІІ САММИТ өтілді.
19-оқушы:2011 жылы қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 70 медал салынды. 3 сәуір Президенттік сайлау өтіліп нәтижесінде Н.Назарбаев жеңіске жетті.

Мұғалім: Біз небәрі 20 жыл ішінде аяғымызды нық бастық. Еліміздің тарихындағы барлық жетістіктері, ерекше өрлеуі, рухани эканомикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы-біздің мемлекеттің тәуелсіздігінде.

3. Ел бақытын ойлаған ел басы.
Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден- бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары. Н.Ә.Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында Шамалған ауылында туған.
Балалар елбасымыздың өмірібаяны туралы не білесіңдер?
(1 слайд. Елбасының отбасымен түскен фотолары)
20-оқушы: «Біздің Елбасы» елбасының өмірбаяны
21-оқушы: Нұрсұлтан орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін біртоп қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
22-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатта партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарда эканомикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
23-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
(2-слайд Елбасының суреттері)
Елбасымыз өзінің бір сөзінде «Біздің түпкі мақсатымыз-интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» деген екен.
Елбасымыздың мұраты не деп ойлайсыңдар?



Ел бақытының белгілеріне не жатады?

4. Жас ұрпақтың арманы мен арнауы «Гүлденген Қазақстан» (ассациация жасау)
Балалар болашақта еліміздің қандай болғанын қалайсыңдар?


24-оқушы: Құрметті Президент! Әлемге танылған Қазақстан бүгінгі жетістіктерге сіздің тікелей бастамаңызбен жетті. Тәуелсіздік Қазақстанның басты байлығының бірі-ұлтаралық ауызбірлік. Сіздің жыл сайын халыққа арнайтын Жолдауыңызда ең өзекті де маңызды мәселелер айтылады. Шынында да көптеген нәрселер орындалып жатыр. Мектептер, жаңа үйлер салынып жатқанын әл-ауқаттың жақсара бастағанын баса айтуға болады.
25-оқушы: Қазақстан мемлекетім әлем мойындаған дамыған елдермен терезесі тең болып, Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып, іргерілеп, ел болып жаңа деңгейге көтеріле берсін.Еліміз Қазақстан гүлденіп жайнай берсін!Қазақстанөз жолымен, өзіндік болашағы мен бұдан былайда мәңгі тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса берсін! Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна, Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Қорытынды: Жүрегіңде егеменді елімізге деген қуаныш сезімі әрқашан соқсын. Еліміздің Көк Туы аспан көгінде самғап, Әнұранымыз шарықтап, Елтаңбамыз мәнгі төрімізде көрінсін. Әлем халқы құрмет тұтатын дәрежеге жеткізетін болашақ еліміздің білімді де талантты ұрпақтары аман болсын деп бүгінгі сабағы Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік тұғырым можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 352 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar