Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіздік-тұғырым. -

Тәуелсіздік-тұғырым.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1487 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж.Жантасова.

9 «А»-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тұғырым.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды отанды сүюге тәрбиелеу сонымен бірге Отан алдындағы үлкен міндет елдің Тәуелсіздігін насихаттау, Тауелсіздік Алтын діңгегі - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ғылыми тұрғыда сипаттама беру. Сол арқылы оқушы бойынан өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға, өз еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілік, оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, сыйластыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, бүктемелер, кітаптар, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы: 1 .Ұйымдастыру, қонақтармен сәлемдесу.
2. «Тәуелсіздік - тұғырым" әдеби сөзді бағдарлама.
3. «Мұзда жанған алау» сахналық қойылым.
4. «Есте қалған сол бір кез. Қонақтармен әңгіме».
Гүлжарқын: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Cіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды.
Ұмытылмайтыны - оның тағдырымен байланыстылығында: 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі - 20 ғасырдағы айтулы оқиға.
Аяжан: Желтоқсан бастауы - ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белесі.
Гүлжарқын:
Желтоқсанды талай ақын жырлаған,
Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған
Таусылмайтын сыр маған.
Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш,
Сол күндердін, сол түндердің елесіндей мәңгілік
Айналасын ән қылып,
Алаңдағы сол дауыстар бүгінде,
Естіледі жаңғырып, - деп ақындарымыз жырлағандай, Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Аяжан: Ендеше 9-а сынып өткелі отырған «Тәуелсіздік – тұғыры» атты салтанатты мерекені ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады. «Менің Қазақстаным» әні орындалады.
Ұлар:
Тәуелсіздік бақытына оранып,
Елім жатыр шаттығына қуанып.
Желбірейді көкте туы әдемі,
Егемен ел бал дәуренін өткеріп.
Қазақ елін - туған жерді сүйемін,
Туған елім бірге жаным сүйегім.
Үлкен өмір сырларынан ой түйіп,
Намыс үшін өртенемін, күйемін.
Болмақ емес көңілімде ой бөтен,
Адал ойды қиялымда тербетем.
Қазақпын деп әлемге жар салып,
Асқақтаған армандарға жетем мен!
Аяжан: 16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама өмір қыршынынан қиылды, қанша ана аңырап баласын жоқтады?! Тірі қалғандары қуғынғы ұшырады, оқудан, жұмыстан шығарылды. Оларды кейіннен ақтағанмен, бәрібір жүректе сыз қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға-апаларымыздың аруағына бас иеміз! Біздің жас тәуелсіз мемлекетімізді олардың рухы қолдасын.
Мейіржан: Тәуелсіздік - ұлы рух. Ұлттық бақыт. Желтоқсан оқиғасы мен қоғамның, тарихтың, ұлттық жаратылысында бір құдіретті заңдылық, өзекті тұтастық бар.
Мадияр: Желтоқсан оқиғасы - халқымыздың ұлттық намысының оянуы, саяси сананың өсуі. Сан ғасыр, сан жылдар көрсетіп келген әділетсіздікке, шындықтың шексіз бұрмалауына қазақтардың көрсеткен қарсылығы - тарихи құбылыс.
Жаңылай: Желтоқсан көшесі - қанқожа болған жастарымыздың ояну кезеңі, жан дауысы. Желтоқсан көшесі - әділет жолындағы жаңғырықтың бастамасы, қазақ ұлтының үлкен шеруінің тұсаукесер көшесі.
Ұлар:
Жалғасып соғыс өтті сан ғасырға,
Біз көрдік қас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мыңжылдық күрестердің арқасында.
Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады,
Ақыл-ой, ар-намыстың күрестері.
Аяжан: «Көркем сөз»
III бөлім. «Мұзда жанған алау»
«Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын», - деп азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол Алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Көрініс: «Қайраттың хаты». (Сахнада Қайраттың анасы)
Аружан: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт қылады сорлы анашың... Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу, мойымау. Мұнар тау бар, алыс та болса, жақын. Сендер шыққан алаң - намысқой қазақтың тағдыр таразысы болайын деп тұр ғой.
(Сахнада Қайраттың інісі Талғар жүгіріп келеді, қолында хат бар)
Бағдат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
Аружан: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де хатын оқып мауқымды басайын.
Хат оқылады.
Мадияр:
- Амансыздар ма, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтыда отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге-қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым. Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш кінәсі жоқ. Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісін емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!
Жаңылай: Бостандықтың шынжырлап маталған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына биыл 22 жыл толмақшы. Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен теңдіктің таңы атып, қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді.
Бағдат: Тоғжан, мына менің қолымдағы хат Қайрат көкемнің ең соңғы жазған хаты екен, тыңдашы. «Алаңға барғанымыз - азаттық іздеп барғанымыз», - деп, сол азаттық таңының атқанын көрмей кетті-ау, қайран көкем!
Айжамал: Көңіліңді босатпашы, Талғар, Қайрат, Ләззат сынды аға-апаларымыз азаттықты бізге аманат қып тастап кетті емес пе?
Бағдат: Дұрыс айтасың, Тоғжан! Кенесары абылай, Сырым мен Исатай, Міржақып пен Мұстафа, кешегі Қайрат пен Ләззат аңсаған тәуелсіздікті қорғау, ата-баба арманын орындау - біздердің міндетіміз.
Айжамал: Талғар, өзің білесің, еліміз егемендік алғалы қарыштап дамуда. Еліміздің жаңа астанасы Астанамызға 20 жыл толды. Еліміздің жаңа әнұраны еліміздің бейбіт аспанында шырқалуда. Тәуелсіздік үшін алаңға шыққан ұлдарын да ұмытпай, еске алуда... Тәуелсіздік мәңгі болғай!
Аяжан: Ән. «Желтоқсан желі»
4-бөлім. «Есте қалған сол бір кез»
Гүлжарқын: Бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздігіміз тұғырына мінді. Алматының қақ ортасындағы алаңға Тәуелсіздік тұғыры орнатылды. Онда болған адамның ойына міндетті түрде 1986 деген сан оралары сөзсіз. Бұл дегеніміз - ызғарлы желтоқсан, солақай саясаттың сойылына жығылған жастардың тағдыры. Тәуелсіздік тұғыры тұрған алаң біреу ғана.
Аяжан; Бүгінгі кездесу кешіне мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Бекет ағайымыз қатынасып отыр. Ендеше сол кездегі болған оқиғалардың сыр шерте отырып, шәкірттеріңізге айтар тілегіңіз.
Гүлжарқын: Көркем сөз,
«Желтоқсан оқиға емес» тәуелсіздігі
Жолында құрбан болған ағаларымыз бен апаларымыз жастық өмірлерінің жалынды шақтарын, студенттік кездерін ару қала Алматыда өткізді.
Гүлжарқын:
Суық еді Желтоқсанның ызғары,
Жібімейтін кез келгенге мұз-қары.
Уақыттың, заманның өткендігін айғақтап
Ешқашанда жүрмейтұғын тайғақтап,
Дүниені дүр сілкінтті сол күні
Қазағымның ұлдары мен қыздары.
2-жүргізуші: Сіздерге елімізден пана таба алмай шетелге көшіп бара жатқан қандастарымыздың көшінен көрініс.
Көш келе жатыр (Елім-ай) әні орындалады. Көштің басшысы Қуат:
- Біраз тынығып алайық, жол жүргенімізге қанша күн болса да асқанымыз бір-ақ асу. Уһілеп, біреулері қос тігудеміз, біреулеріміз көрінген жерге қисая кетудеміз. Бәріміздің жүзімізде үрей, қорқыныш, ыза-күйік бар.
Абылай:
- О, қасірет, қасірет! Шынымен-ақ сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз
ба? Өз жерімізден өзіміз безініп. Әлде сұм тағдырымыздың жазғаны ма, еді? Көрсетпеген нең қалып еді тағы да?
Айжамал:
- Қой отағасы-ау, басқа түссе баспақшыл деген тағдырдың салғанына көнеміз-дағы. Артта аяулы күндеріміздің келмеске кеткені рас. Әбден азып- тозған мына қаралы көштің бар үміті сенде.
Жанна:
- Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімізде де сен мес пе едің ызыңмен уатқан? Ол кездек тым нәзік есер едің... Шынары биік қара тау неге үндемейсің? Әлде мына менен шошынып тұрмысың? Іштей күңіреніп, іштей түңіліп тұрмысың? Кең сары далам, қос жанардан қан ағызып кетіп барам.
Аружан:
- Қазағымды "Ұлтшыл деп,
Жалалы болған Желтоқсан!
Ұл-қызының қанына,
Табағы болған Желтоқсан!
Сапапр шеккен Қайрат боп,
Мәңгілікке Желтоқсан!
Жансая:
- Әлем саған елеңдеп,
Құлақ түрген Желтоқсан!
Бодандықтың шекпенін
Лақтырған Желтоқсан!
Ар-үятым, абыройым,
Қасиетім сен, Желтоқсан!
Ерік-жігер, күш-қуатым,
Бәрі де сен, Желтоқсан!
Қайраттың суреті фонында оның арнау хатынан үзінді.
Марат:
- Әкетай-ау, пайгамбардай жасың бар,
Туа бермес Сіз секілді асылдар.
Қартайганда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау, біз секілді, масылдар!
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер?
Сүмірейіп сот алдында отырған,
Бауырыңды енді кімдер есіркер.
Абылай:
- Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға бармын.
Қайғы жетіп, азап тартқан ағаңды.
Айтшы жаным, қандай жанға баладың.
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке, ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауда, құлыным!
Есімхан:
- Тапталмасын деп қазақтың кек - ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз –
Ұрандады Ләззат қыз!
Жасқанбаған жауынан,
Біз-қазақпыз,қазақпыз!
Жансая:
- Біз - қазақпыз, қазақпыз,
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз.
Аяжан:
Қазақ қызы қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдік үшін халқының,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.
Елі үшін ерлігімен елене,
Абыройымен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман,
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.
Шерхан:
Қызғалдағым ақ жазықта жайнаған,
Намыс оты көкірегінде жайнаған.
Халқы үшін намысы үшін елінің,
Өлімненде жасқанбаған.
Аяжан:
Батыл бас, аяқты, жас достар,
Бұл жерде батыр жоқ қол бастар.
Бұл жерде жүректе мұз жатыр,
Бұл жерде өрімдей қыз жатыр.
Бұл жерде мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған.
Бұл жерде Ләззатың қаны бар!
Танкінің астында тапталған.
Ән: Ұлар: "Қара бауыр қасқалдақ".
Жансая:
- Бұрқады лаулап жас өркен арман,
Мүмкін бе қорлыққа шыдау?
Билесе елдің тағдырын қорқақ,
Қалайша сорлы болмайсың Отан?
Өзіңе мәңгі жан нұрың Ортақ,
Сенемін, мені қолдайсың, Отан!
Шерхан:
- Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар,
Әруағыңмен жебей көр!
Мейіржан:
-Атына сай бойында айбыны мен айбаты,
Елінің әр кез ойында, батыр ұлы Қайраты.
Озбырлардан дәндеген,
Тайсалмаған жан аға.
"Жанымды алсаң ал" деген,
Халқы үшін садақа!
Ұлар:
-Ерте айтылды, сондықтанда келте бұл әнің,
Уақытыңның талабыныа дөп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың.
"Нашақор" - деп, "маскүнем" - деп айыпталдың, ұланым,
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғанша.
Керең болып қалмады екен неге менің құлағым,
Айналайын, айналайын жас Қайратым-қыраным!
Ән: Бағдаулет: Елім-ай!
5- бөлім.
Гүлжарқын:
Тәуелсіздік - баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да, ең қымбатты бағымыз.
Тәуелсіздік - білектегі әліміз,
Тәуелсіздік - жүректегі әніміз.
Гүлжарқын: Бұдан былай біздің жүрегімізге желтоқсан қасіреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі-мерекелі, шуақты берекелі қуаныштар толсын деп тілейік!
Аяжан: Бүгінгі кешімізге қатысып, өз ойларыңыз бен пікірлеріңізді білдіргеніңіз үшін кеш қонақтарына алғыс айтамыз.
Гүлжарқын: Елімізде тек бейбітшілік, бірлік, ынтымақ, ырыс болғай деген тілекпен, «Тәуелсіздік - тұғырым» атты кешімізді аяқтаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.