Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Тәуелсіздік-таң нұры» -

«Тәуелсіздік-таң нұры»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 6881 | Размер: | Автор: Публикатор
. «Тәуелсіздік-таң нұры»
Мақсаты:
 Желтоқсан оқиғасы туралы оқушыларға дұрыс, терең түсінік беру,олардың саяси санасын ояту, өз көзқарастарын қалыптастыру.
 Барша адам баласының отансүйгіштік ,патриоттық сезім, ерлік, батылдық, шындық төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін Желтоқсан батырларының өмірін үлгі өнеге ету.
Фанфары. Выход.
Көрнекіліктер: Шарлар, сынып оқушыларының суреттері, интербелсенді тақта, «Тәуелсіздік – таң нұры» жазуы.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар!
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіз, егемендік күні мерекесіне арналған 7 «А» сыныбының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – таң нұры» атты әдеби-сазды еске алу кешін сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Тәуелсіздікке 24 жыл толу мерекесіне орай құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Досанова Айгүл Исманқызына беріледі.
Құттықтау сөз.
Тәуелсіздік –тәтті ұғым, қандай ғажап!
Халқымның орындалды басты арманы
Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап
Күмбез көкте желбірейді көк байрағы
Желтоқсан оқиғасына тарихи шолу жасау үшін ортаға Нұрсұлтан мен Айтолқынды шақырамын.
Нұрсұлтан:
Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.(3-4 слайд)
Айтолқын:
ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. (5-6 слайд)
Нұрсұлтан:
Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – «желтоқсан оқиғасы»
Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды. (7-8 слайд)
Айтолқын:
Бұлдыр бұлдыр,бұлдыр күн,
Қан жылатқан құрғыр күн!
Медет болған алладан,
Тұнжыраған тұлдыр күн,
Алаштан озған жүйрігім,
Алтын діңгек қазығым,
Аққудай аппақ нәзігім,
Сабира апат болған күн! (9-10 слайд)
Нұрсұлтан:
Топталмасын деп қазақтың кек ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шыққан Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға небәрі,
Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандайды Ләззат қыз
Жасқанбаған жауынан
Біз қазақпыз, қазақпыз! (11 слайд)
Айтолқын:
Жаңа заман, жаңа дәуір өркендеп,
Еңсем биік көрінсе екен ертең деп,
Көкбайрақ ту, желбірейді көгімде,
Елтаңба тұр елдігімді көркемдеп. (12 слайд)
Нұрсұлтан:
Жүрегімнің отын үрлеп маздаған,
Әнұраным жыр боп ұйытқып қоздаған,
Егеменді елдің жайын бүгінгі
Ақын емес ой толғатып жазбаған! (13 слайд)
Бейнеролик. Желтоқсан желі.
Мұхтар Шаханов дауысымен «Желтоқсан тағылымы».
Мұғалім:
Далада думан қалада думан жыр бүгін,
Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім,
Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,
Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін - дей келе Жаңагүл, Қарагөз, Айтолқынды «Желтоқсан» әнімен ортаға шақырамын.
Оқушыларды Тәуелсіздікке арналған көркем сөз жырлармен тамашалаңыздар!
Оқушылар агитұжымы
(ортада айналып жүре отырып, кезектесіп тақпақ айтады)
Музыка ойналып тұрады.
Отан деген отбасынан басталар
Отбасыма от салмасын басқалар
Отан деген қасиетті, киелі
Отан десем оянады асқақ ар! (14 слайд)
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Басқалардың тимесінші кесірі
Елдің көшін өрге бастап барады
Нұрағаңмен егіз болар есімі (15 слайд)
Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі
Бесігімде тербеледі дос үні
Ұлттардың ұйып тұрған ұясы
Ұмытпайық, ұлықтайық осыны! (16 слайд)
Тігілген соң Ақ Орда – шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусарыңа шөліңді қандырамын (17 слайд)
Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр! (18 слайд)
Барлығы бірге: Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Мұғалім:
Ой толғаныс.
Ал, қане оқушылар интербелсенді тақтада берілген әріптерге Қазақстанға, тәуелсіздікке байланысты сөздер құрастырсаңыздар.
(интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындайды)
Т-ұғырлы
Ә-сем
тәУ-елсіз
Е-рікті
мәртебеЛ-і
С-алтанатты
І-ргесі биік
З-айырлы
Д-дербес
егемендІ-
К-емел
(19 слайд)
Мұғалім:
Желтоқсан тарихымда әйгілі күн
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып
Еншілер қайтарған бәйгелі күн
Қазақтың биі «Көңіл толқыны»
Мұғалім: Тақтадағы тәуелсіздіктің шежіре ағашына тәуелсіз елімізге деген өз тілектеріңді арнап, жазсаңдар деймін.
Бейбітшілік заман болсын! (Қарагөз)
Еліміз аман болсын! (Ақбота)
Береке-бірлік болсын! (Жаңагүл)
Мәңгілік жасасын! (Айтолқын)
Соғыс болмасын! (Нұрсұлтан)
Ашық аспан болсын! (Ерғанат) (20 слайд)
(Тәуелсіздіктің шежіре ағашына өздерінің жүрекжарды тілектерін жазады)
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Тәуелсіздік-таң нұры» атты әдеби-сазды еске алу кешін көңіл бөліп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.