Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіздік толғауы -

Тәуелсіздік толғауы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1445 | Размер: | Автор: гость
. Тәуелсіздік толғауы
«Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім
іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын
еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның
жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың
еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев». Қазақ тарихында
елдің кемелді дамуына сара жол салған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім
ханның ескі жолы» секілді «Нұрсұлтанның нұрлы жолының» жариялануы
тарихи маңызы зор дана шешім болды. Бұл көне мен жаңаның үйлесімі,
«айшылық алыс жолдарға ас піскенше жетсем» деген ата-бабаларымыздың
асыл арманы. Енді міне, оған да мүмкіндік туды. Президент Қазақ даласының
шығысы мен батысын көлденеңінен тура жалғаймыз деді! Бұл идеяның
алғашқы игілігін халық бірден көре де бастады.«Тәуелсіздік толғауы» - тарих
бедерінде «мың өліп, мың тірілген халықтың» ендігі жарқын болашағына
деген сенімі мен серті. Елбасымыз киелі Қазақ жерінің кіндігі Астананы
таңдады. Мойындамағысы келгенді мойындатты.Келешекте, Балқаш пен
Бұқтырмаға көпір түсіп, еліміздің шалғай аудандарына түгелдей ұшақ
қатынап жатса, оған да таң қалмаймыз. Тарихта талай-талай ауыртпалықты
бастан кешірсе де, ешкімге басын имеген қазақ халқы қазір әлемдік дүбірге
қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде.
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын
кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздігі нығая берсін, көк
аспанымызбен астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін!
Мәңгілік тәу етер тұғырымыз –Тәуелсіздігіміз жасай берсін!
«М.Горький атындағы №1 орта мектебі» КММ
11 «А» сынып оқушысы Ли Инесс
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.