Меню
Назад » » »
Тәуелсіздік жалауы
загрузка...

загрузка...
Тақырыбы: «Тәуелсіздік жалауы»
Мақсаты:Балаларға еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Өз Отанын сүюге тәрбиелеу,туған елге сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі:Тәуелсіздікке байланысты плакат,желтоқсан құрбандарына арналған бүктеме,елтаңба,ту,әнұран,бейнетаспалар.
Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,ата-аналар,бүлдіршіндер сіздерді тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Тәуелсіздік –халық мұраты » атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.Ертеңгілігіміздің шымылдырығын ашып беру үшін құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Жадыра Амангелдіқызына береміз.
Қадірлі қауым ,тарихтың ойлы-қырлы белестерінде , халықтың жүрегінде сақталып,жадында жатталып қалатын,қоғамдық дамуға айрыша әсер етіп,ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады.Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы еді.
Міне бүгін сол оқиғаға тура 29 жыл толып отыр.Ұзақ жылдар бойы тұншығып келген Әділет үнінің алғаш рет ашық айтылғанына жығыла жаздаған шақта намыс туының қайта желбірегеніне 24 жыл .Желтоқсан жаңғырығ көзден де көңілден де кетпейді.
Нашақорлар деп,ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп бар күнде.
Қайғыға халық батқан күн.
Көрініс: «Желтоқсан жаңғырығы»
Жүргізуші:
Ызғарлы желтоқсан,
Әлі есте борап,қақағаны,
Тағдырды қиындыққа тақағаны,
Қазақтың қайсарларын жалмағасын.
Қаралы желтоқсан деп аталады
–дей келе назарларыңызға «Желтоқсан желі» әнін ұсынамыз.
Жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялады.Мыңдаған жылдық тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды.Еліміз егемендік алғаннан кейін ,Ата заңын қабылдап,өзінің мемлекеттік рәміздерін белгіледі.

Әнұраным,жанұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика әнұраны –деп Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.
Әнұран орындалады.
Жүргізуші: Рәміздерім елдігімнің белгісі.
Білу керек бала дағы ең кіші,
Рәміздерім әнұран,ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
(Қолдарына рәміздерді ұстаған балалар залды айналып өтеді.)
Жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп бейлейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала бейлейді би ,-деп ортаға «Домбыра» биімен Сұлтанай Еркеназды шақырамыз.
Жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін бөбектерге берелік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың бір нәтижесін көрелік.
-дей келе бөбектердің тақпақтарын тыңдайық.
Еркеназ: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Берік: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің-Қазақстан.
Мәңгі соғып тұатын ,
Жүрегімсің Қазақстан!
Жүргізуші:Бишілер бар біздерде ұлдар тбы,
Мерекеге өнермен келген бүгін.
Таң қалдырып қанеки би билеші,
Қол соғып ,демеу болар көрермендер!-демекші тобымыздың кішкентай ғана жігіттерін қарсы алайық.
Жүргізуші:Мадияр,Үмбет,Исламбектің тақпақтарын тыңдаңыздар.
Мадияр: Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.

Исламбек: Мерекеге шығады
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.
Үмбет:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанеки көңіл- күйлер.
Алдарыңызда бүлдіршіндер.
Би: «Вальс»
Жүргізуші:Ертеңгілігімізді «Атамекен» әнімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Назарларыңызда «Атамекен» әні. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуелсіздік жалауы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 226 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar