Меню
Назад » » »
«Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде» (Жас мамандар сайысы)
загрузка...

загрузка...
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Педагог-психолог
Изтлеуова Гаухар Молдакуловна

Тақырыбы : «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде» (Жас мамандар сайысы)
Мақсаты : Мұғалімдер мен оқушылар арасында ынтымақтастық құру,
білімді, тапқыр, ізденімпаз мұғалімдер мен оқушылар қатарын көбейту. Егемен еліміздің 23 жылдық мерейтойын кең көлемде насихаттау. Мектебіміздің білімді жан - жақты мұғалімі мен оқушысын анықтау
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, құрметті ұстаздар! «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде» атты жас мамандар сайысымызға қош келдіңіздер !
Жүргізуші:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін - деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Ақын-жазушы Мағжан Жұмабаев айтып кеткен.Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді. Бүгінгі білімділер сайысына қатысып ортырған
«П.Тәжібаева мектебінің» жас мамандары және 11 сыныптың алтын белгі үміткерлері. Сайысқа қатысып ортырған 6 топпен таныс болыңыздар

Жұптарды таныстыру.
1топ Қабылов Пернехан, математика пәні мұғалімі
Тұрсынбай Гүлшат
2-топ Нурымбетова Гулмира, үйірме жетекшісі
Махамбет Абылай
3-топ Есжанов Таңат, орыс тілі пәні мұғалімі
4-топ Сұлтанова Ұлбосын, ағылшын тілі пәні мұғалімі
Қансейіт Нұрмахан
5 топ Қалымбетов Ержан, технология пәні мұғалімі,
6 топ Жумагулова Жанар, бастауыш сынып мұғалімі

Бүгінгі сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады.
1 кезең - «Ойлан тап!» (жабық тест сұрағына жауап беру)
әр сұраққа бір бал (жалпы 12 сұрақ)
2 кезең – «Таңдау табыс » 3 кезеңге бөлінеді
3 кезең – «Пәндер бойынша » (ұяшық таңдау) Әр дұрыс жауап 10 ұпай
4 кезең – Сергіту сәті
5 кезең – «Суреттер сөлейді» әр дұрыс жауап 1 ұпай
6 кезең – «Ой жүйрік» (логикалық сұрақ) әр сұрақ 1 ұпай
7 кезең – Тақырыпқа бір шумақ өлең шығару – 10 ұпай
8 кезең – «Бәйге» - әр сұрақ 1 ұпай
Қорытынды.
Марапттау
Арман асқақ жүрегінде жалыны бар
Талаптарың оң болсын жас дарындар ! - деп білімділер сайысын
бастауға рұқсат етіңіздер
1.кезең – «Ойлан тап!»
Атына заты сай бұл ойын жылдамдықты талап етеді. Жауап нақты әрі тез
болуы керек. Қай команда бірінші болып қолын көтереді, сол оқушы бірінші
жауап береді. Бағалануы 1 ұпайдан
1). Саптама сөздің мағынасы
А) Киізден иленген теріден жасалған қамыт.
Ә) Егіні алынған жер.
Б)Арасына жүн мақта тартып тігілген етік
В) Тізеге суық өтпеу үшін киетін аяқ киім .
2 Қазақстанда етек алған аштық жылдары?
А) 1930-1935 ж.ж
Ә) 1930-1931ж.ж.
Б) 1930-1934ж.ж
В) 1930-1932 ж.ж
3 4кг судағы заттың мөлшері
А) 121 моль
Ә) 222 моль
Б) 221 моль
В) 142 моль
4 «Ескісіз жаңа болмайды»есебі .Екі сегіз,он алты және сегіз және алты.Жандап жүрген бір алты.Барлығы қанша?
А) 36
Ә) 46
Б) 52
В) 108
5 «Әспембет азан шақырып, Адай деп қойды атымды.» Үзінді қай дастаннан ?
А) «Адай тегі»
Ә) «Бастапқы сөз»
Б) «Атамекен»
В) «Маңғыстау»
6 Маңғыстаудың Комсомол шығанағы мен Өлі қолтық соры аймағында сәуірде
20 000 жуығы ,ал қазан айында құс қайтқанда 40 000-50 000 дарағы кездесетін,
саны азайып бара жатырған құс:
А) Кіші суқұзғын
Ә) Кіші аққұтан
Б) Қызғылт қоқиқаз
В) Үлкен суқұзғын
7 Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін және конституциялық құқық саласының бөлігі болып табылатын конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы бұл :
А) Конституциялық құқықтың әдісі
Ә) Құқықтық институт
Б) Конституциялық құқықтың пәні
В) Құқықтық құбылыстар
8 Су пайда болатын реакция
А) Белгілі жағдайда сутегінің азотпен әрекеттесуі
Ә) Мыстың тотығуы
Б) Алюминий гидроксиді ыдырауы
В) Күкірттің жануы
9 Алғашқы ЭЕМ-нің негізгі кемшілігі :
А) Бағдарламаны сақтай алмаушылығы
Ә) Өте ауқымды, икемсіздігі
Б) Қыздыру қылы бар шамдардан жасалуы
В) Құпия сақталғандығы
10 Жобалау объектісін кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі:
А) Арнайы модельдер
Ә) Тәжірбиелік модельдер
Б) Оқу модельі
В) Логикалық модельі
11 Где нужно поставить ъ
А) с...ехал
Ә) в...юга
Б) п...ешь
В) друз...я
12 Катализдік емес реакция:
А) Этилен және су
Ә) Азот пен сутек
Б) нитробензол және сутек
В) көміртек оксиді (II) және оттек

2-кезең «Таңдау табыс»
«Тәуелсіз Қазақстан»
«Өнер алды – Қызыл тіл»
«Көшпенділер мәдениеті»

«Тәуелсіз Қазақстан»
10 ұпай
Астана қаласында Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ - ның саммиті өткен жыл? (2010ж)
20 ұпай
ТМД - ның құрамына қанша мемлекет кірді? (12 мемлекет)
30 ұпай
1997 жылы қазан айында ҚР Президент Н.Ә. Назарбаев жариялаған жолдауы
Дұрыс жауап : «Қазақстан-2030» стратегиясы .

«Өнер алды – қызыл тіл»
10 ұпай
Жалғасын тап .......
Жемісті ағаш жер бауырлап өседі ,
Жетелі ..............
Дұрыс жауап : Жемісті ағаш жер бауырлап өседі ,
Жетелі жігіт ел бауырлап өседі .
20 ұпай
Ойды түйінді сөзбен жеткіз. Тұрақты тіркестердің құрамындағы жетпейтін сөзін тауып, мағынасын ашып түсіндіресіздер.
Аяқ, бас, қол, төбе ( көкке жетті)
Төбем көкке жетті - қуану

30 ұпай. Кез келген сөзінен мақал құрау
Арық

Қой

жауабы: семіздікті қой көтереді
Семіз
Толық

Жуан

«Көшпенділер мәдениеті»
10 ұпай
Қазақстанның шөлді аймақтарында өсетін жусанның бір түрі улы өсімдік
орта Азияда ,Тәжікстанда көп кездеседі.Жүрек талмасы бар наухастар жиі пайдаланады. Дулат Исабековтің дәрілі өсімдікпен аттас повесьті бар .
Дұрыс жауап : Дермене

20 ұпай
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі
Дұрыс жауап: массагеттер, аландар болды.

30- ұпай
1. Тарихи деректерде қай мемлекет «Маңғыт жұрты» деп аталады
Дұрыс жауап : Ноғай ордасы.

3 кезең
Пәндер бойынша сұрақтар
1 ұяшық Математика
Үнділіктер оны «Сунья», ал араб математиктері «Сифр» деп атаған.
Біз оны қазір қалай атаймыз? Жауабы: (0)

2 ұяшық Қазақ тілі
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?)
Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
Жауабы: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры, қоштасу.
3 ұяшық Орыс тілі
Какое значение имеет фразеологизм «Вставлять палки в колеса»
Создавать трудности, мешать в чем-то.
4 ұяшық Қазақтан тарихы
Қай жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді.
Жауабы: (1994ж)
5 ұяшық География
Африканың Экваторға жақын қай жерінде мәңгі қар мен мұздықтар бар?
Жауабы: Кениядағы Калиманджаро тауы (вулканы) шыңдарында мәңгі қар мен мұздықтар бар.
6 ұяшық Биология
Отаны-Оңтүстік Америка. Оның қолдан өсіріле бастаған алғашқы жері-Чили мен Перу. Оны Чилиден испандықтар 1536 жылы Еуропаға алып келіп, әуелі Испанияның өзінде өсірген. Кейіннен ол Испаниядан Италияға, Голландияға, Англияға және басқа елдерге тараған көрінеді.
Перуліктер оны папа деп атаған, папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атаған
Ресейге тарауына І Петрдің еңбегі зор
Жауабы: (картоп)
4 кезең - Сергіту сәті
5 кезең – «Суреттер сөлейді»















6 кезең – Ситуациялық сұрақтар: әр сұрақ 1 ұпай
Тек мұғалімдерге ғана
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
5. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
6. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек?

7 кезең – Тақырыпқа бір шумақ өлең шығару – 10 ұпай
Тәуелсіздік, Қазақстан

8 кезең – «Бәйге» - әр сұрақ 1 ұпай
1.Алтын адам табылған жер (Есік қорған)
2.. Барлық қабырғалары тең үш бұрыш ? Тең қабырғалы
3 Өсімдікке жасыл түс беретін пластид Хлоропсласт
4.Үш бәйтерек дегеніміз кімдер? (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
5. Қай түлік тұқымы мен қасиетіне қарай жампоз,керделі,
желмая т.б болып бөлінеді? Түйе
6. Адам мен компьютер арасын байланысты қамтамасыз ететін
жүйелік бағдарлама ? Операциялық жүйе
7. Сөйлеушінің түрлі көңіл- күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем?
Лепті сөйлем
8 Асқазан сөлінің құрамындағы қышқыл ?Тұз қышқылы
9. Орта бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигура ?
Екі жақты бұрыш
10. Астана Қазақстанның нешінші астанасы (4)

Жүргізуші
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін,-
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.

Жүргізуші
Білімі мен біліктіліктерін сынаған сайыскерлерге,
Тура төрелік жасаған әділ қазыларға,
Жанкүйер болған тыңдармандарға,
Қадірлі қонақтарға
Үлкен рахметімізді айтамыз!

Қорытындылау.
Марапаттау

1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата – анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?
4. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?
5. Мұғалім сабаққа кірген кезде, тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
6. Сіз жаңа сабақ түсіндіріп жатырсыз, бір оқушы сізге сабақ түсіндіруге мұрша бермейді. Сіз оқушыға тыныш отыр дедіңіз , оқушы тыңдамады. Не істеу керек? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде» (Жас мамандар сайысы) можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 351 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar