Меню
Назад » » »
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
загрузка...

загрузка...
Сағындықова Пакизат Кенесовна,
Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектептің тарих пәні мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы»
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушыларға Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы оның ішкі және сыртқы заңы, қазақ халқының дарынды Төле би, Айтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би би туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, елін, Отанын сүйюге, салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, Сөйлеу, есте сақтау қаблеттерін дамыту.
ІІІ. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
ІҮ. Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.
Ү. Сабақтың көрнекілігі: Карта, трек-сызба, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би суреттері.
ҮІ. Пәнаралық байланыс: Әдебиет
ҮІІ. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын, оқу құралдарын түгелдеу.)
2. Үй тапсырмасын сұрау: Есім хан
Хронологиялық жұмыс.
1. 1613-1614 ж.
Тәуекелдің інісі Есім сұлтан хандық билікті алады. Алайда Есімде қарсы тұрған саяси топтар да болады. Оның бірі Тұрсын Мұхаммед деген Сұлтан өзін хан етіп жариялайды
2. ХҮІІ ғасыр.
Сол кезде қазақ хандығын екі хан билеп елде саяси бытыранқылық орын алды. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан деп жариялады.

3. 1603 жыл.
Есім хан өзінің хандық билігінің алғашқы кезінде Бұхар ханмен бітім шартын жасасып Орта Азия қалалары мен бейбіт эканоииялық байланыс орнатуға ұмтылды. Алайда Бұхар ханы қазақ хандығы бытырынқылығын пайдаланып, бұрынғы бітім шартын бұзып, қазақ жеріне жорттар ұйымдастыра бастады.
Алғашқы Бұхар- қазақ шайқасы Айғыржар деген жерде өтіп бұл шайқаста Бұхар хандығы жеңілді.
4.1611 жыл.
Бұхар әскерін Йманқұли хан басқарып Ташкент түбінде ұрыс болды. Есім хан жеңіске жетіп, Бұхар ханы келісімге келді.
5. 1627жыл.
Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы Есім хан жорыққа аттанды. Есім жорықта жүргенде Тұрын хан барлық әскерін жинап Түркістанды шабады ханның әскерлері Есім ханның көптеген адамдарын қырғынға ұшырытып әйелін, балаларын тұтқындап Ташкентке әкетеді. Енді Есім ханның көзін жоюды ойластырады. Бұл жағдайды естіген Есім хан барлық әскері мен Ташкентке қарай бет бұрады.


Есім хан Тұрсын ханға ілесіп бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» атады.

6. «Есім ханның ескі жолының»қандай тарихи маңызы болды?

Қасым ханның «қасқа жолының» арқасында қазақтың күшті мемлеектті құрылғандығы айтылады.Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осындай қиын кезде Есім хан м емлекет билігін қолына алдып ішкі –сыртқы саясатта тәртіп орнатты.
«Есім ханның ескі жолы»деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Әсәресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнәнде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екендігін көрсетті.
Ал балалар, үй тапсырмасында Есім хан тұсындағы елдің саяси жағдайы, бұхар-қазақ хандарының арасындағы талас-тартыс, «Есім ханның ескі жолы» деген далалық заңдары туралы оқып білдік.

Енді жаңа сабағымыз Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.

Жоспары:
1. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.
2. Тәуке хан (1680-1715.)
3. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
5. Ұлы билер

Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз,
Он сан алаш біріп,
Ойран болды жауымыз. ( халық өлнңі)
Өткен сабағымызда Есім ханның кезіндегі Қазақ хандығының ішкі- сыртқы жағдайы туралы айтылды.Осыдан кейін Есім ханның баласы Жәңгір шамамен 1628-1652 жылдар аралығында хан болды. Қызақ халқы оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атаған.
Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса көктеп кіреді. 50 мың әскермен кірген Батыр қонтайшыға 600 сарбазы мен Жәңгір хан қарсы тұрады. Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай,Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек, Дулат Жақсұқұл, Суан Елтынды батырлар болды. Қосқалаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары жоңғардың 10 мың әскерін талқандады.
Көмекке Самарханның Әмірі, қолбасшысы Алшын Жалаңтөс батыр (1576-1656ж.) 20 мың әскр мен келіп, жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдады. Бұл соғыста күйрей жеңілген жоңғарлар көпке дейін қазақ даласына шабуылдамады.
Орбұлақ шайқасы қалқымыздың тарихындағы өшпес жарқын беттердін бірі және оның маңызы қазақ әскрлері жанқиярлық ерлік үлгісін көрсетті. Жоңғар әскерлері 1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса –көктеп кіріп, олар Сайрам, Шымкент,Ташкет т:б қалаларын басып алды. Тәуке хан хан болу қарсаңында осындай ауртпалықта еді.

Саясаткер Дипломат
Тәуке

Ақылды Құдіреті
күшті хан


Тәуке хан хандық билікті нығайтты

Тың өзгерістер енгізді Тәуке хан

«Хандық кеңестің», «билік
кеңестің» ролін арттырды
Феодалдық талас-тартыс
Хан мен билер ғана соттық пен бытыраңқылықты
мансапты атқаруға тиіс болды жойып, бір орталыққа
бағынған қуатты Қазақ
хандығын құруға
Билер жергілікті атқарушы күш салды
өкіметке айналды


Тәуке хан феодал шонжарлардың өкілднрі мен билерден құрылған «Билік кеңестің» ролін арттырды. Ханның қасындағы билер негізгі рол атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінде аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Билер кеңесі Битөбеде ( Түркістан), Мәртөбеде ( Сайрам), Күлтөбеде ( Ташкент)өткізілген. Даулы мәселелерді шешу билер сотына жүктелді.
Тәуке хан билігінің бір бөлігін билерге беру арқылы ықпалды билерді мемлекеттік істерді шешуге,елді басқаруға тырысты. Үш жүздәің атақты Төле, Қазбек, Әйтеке билердің қатысуымен «Билер кеңесінің»құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Хандық таққа Тәуке хан отырғанда елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды.
Ру- тайпаларға билік жүргізген үстем тап өкілдерінің арасында өз ара ішкі талас-тартыс пен ала ауыздық өршіп, ұлғайа түсті. Қазақ жүздері бір тұтас қазақ хандағын мойндағанымен, іс-жүзінде олар Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды. Өз алдына жеке –дара бөлініп ктуге ұмтылды.
Тәуке ханның алдына қойған басты мақсаты –ыдырай бастаған хандық тағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
Қазақ хандығының тағына берік отырған кзде Тәуке ханның ел ішіндегі тәртіптті реттеуге қатысты жүргізілген саяси еркіндік шаралары қазақ тарихында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деп аталады.
Ол ежелгі жол- жора тұрғысында жасалған жаңа заман, жаңа ортаға икемделген айрықша мәнді құжат болып, бұған «Билер кеңесін құру»арқылы қол жеткен . «Жеті жарғы»Ұлыстың бере бірлігін сақтауға бағытталған негізгі заңға ғана емес қоғамдық жалпы барысқа арналға мемлекеттік саяси еркіндік заңы еді.
Жеті жарғы: Жеті баптан тұрады. («Жеті жарғы» кестесі)
Бұл шыққан заң тарихта «Тәуке хан заңдары»деп аталады. Қазақша жарға деген сөз «Әділдік» дегенді білдіреді Тәуке ханның «Жеті жарғы»заңы қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.
Осыдан кейін оқушылар өздері ізденіп тауып келген материалдары боынша ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандарын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуге Ұлы билердің қосқан үлестері мен өмір баянын шешендік өнерін сахналық қойлым арқылы сынып үш топқа бөлініп сөйледі.
І топ. Төле би аулы.
ІІ топ Қаз дауысты Қазбек би аулы.
ІІІ топ Әйтеке би ауылы.

ҮІІІ. Сабақты бекіту. Жаңа сабақты қаншалықты меңгергендіктерін білу үшін «Тұлғаны тану арқылы»сұрақтар қойылды.

Төле Әлібекұлы (1663-1756жыл).
Жамбыл облысы , Шу ауданы, Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле бидің ата-бабалары ,әкесі Әлібекте би, сөзге шешен, ділмәр адам болған, Төле жас кезінен, хат танып, сауатын ашқан. Ол арабша, парсыша тарихи кітаптарды аңыз әңгімелерді көп оқыған. Төле 15 жасынан-ақ ел билігіне араласып өзінің ақыл парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнері мен көзге түседі.
Төле би туралы сақталған аңыз- әңгімелерге, қарағанда, ол жас кезінде талай атақты абыз- билердің алдынан өтіп, батасын алған.
Баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде көптеген әңгімелер айтып отырған.
Қаз дауысты Қазбек би (1667-1764ж)
Қазбек Келдібекұлы Сырдария жағалауындағы бір ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Әкесі Келдібек те елді аузына қаратқан атақты, шешен би болыпты. Ол ел арасындағы айтылып жүрген мақал-мәтел, нақыл даналық сөздерді, билердің ұтымды билік кесінділерін жадында сақтап өседі.
Әйтеке би (1682-1766ж)
Бәйдібекұлы Әйтеке би (шын аты Айтық) Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Би атақты Жалаңтөс батырдың ұрпағы.
Әйтеке биге шешендік, тапқырлық өнер жас кезінен-ақ дарыған екен.

ІХ. Сабақты қортындылау:
Оқушылардан жаңа сабақ бойынша тест алу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 330 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar