Меню
Назад » » »
Тұңғыш Президент Көмекші есімдер
загрузка...

загрузка...
АУЫЗША САБАҚ 1
6 СЫНЫП

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Тұңғыш Президент
Көмекші есімдер
МАҚСАТЫ: .
Білімділік: еліміздің еңсесін тіктетіп,мемлекетіміздің іргетасын қалаған, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасы туралы білгізу.
Дамытушылық: мәтін арқылы оқушылардың есте сақтау, сұраққа байланыстырып дұрыс жауап беру және қисынды ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, көмекші есімдерді сөйлем құру барысында дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Елін сүйген, елі сүйген Елбасыдан үлгі алуға тәрбиелеу
Үстеме міндет: Берілген тақырып бойынша оқытудың
нормативтік көрсеткішіне жету.
Сабақтың түрі: «Биоэнергетика және синергетика» технологиясының Ауызша сабақ-1 картасы бойынша жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І.Бағыт беру кезеңі:
-Ұйымдастыру кезеңі
-оқушыларды жаңа сабаққа бейімдеу
Жылдамдыққа жаттықтыру:
1.Қазақстан 2.Республикасы 3.Тәуелсіз 4.Мемлекет 5.Астанасы 6.Астана 7.Президент
Слайд көрсету
ІІ.Іске асыру кезеңі:
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫН АЙТУ.
Сабақтың кезеңдері:
1.Тірек сөздермен жұмыс. (жаңа тақ. б-ша кілт сөздер беру, мағ. түс-у)
2.Қарама-қарсы сұрақтар қою. (жаңа тақ б-ша)
3.Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
4.Тақ. сөздік қор (жаңа тақ. бойынша)
1-КЕЗЕҢ:
I.ТІРЕК СӨЗДЕРМЕН ЖҰМЫС.
ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
1.Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің кіріспе сөзі.(тақтаға ООМ сызу керек)
2.Сөздікпен жұмыс: Тақтада 7кілт сөз.
7 КІЛТ СӨЗ
Жастық шағы- молодость
мамандық- профессия
еңбекқор- трудолюбивый
Үкімет төрағасы-председатель правительства
сайланды- избран


- Әр сөздің мағынасы түсіндіріліп, аударылады;
-Мұғалім мәнерлеп оқиды;
-Оқушылар бірге дауыстап қайталайды;
-Оқушылар есте сақтап, дәптерге жазады;
- тірек сөздерді ООМ тексеру

ЖАҢА СӨЗДЕРДІ ЖАЗУҒА 1 МИНУТ УАҚЫТ БЕРІЛЕДІ.
Уақыт біткен соң,оқушылар дәптер алмасып,бір-бірінің жазған сөздерінің санын санайды.ООМ бойынша тексеріледі. 6-7сөз + деп есептеледі.
- оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрады.
2-кезең:
III.Қарама-қарсы сұрақтар қою. (жаңа тақ б-ша)

Мәтінді оқуға 5.минут уақыт беріледі.
1.ҚР тұңғыш Президенті кім?
2. Ол қай жылы туған?
3. Президент қай жерде дүниеге келген?
4. Әкесінің аты кім?
5. Анасының аты кім?
6. Олар қандай кісілер болған ?
7.Президент жастайынан қандай азамат болған ?
8. Президенттің мамандығы кім?
9. Жастық шағы қай жерде өтті?
10. Президент неше жасында Үкімет төрағасы атанды?
11. ҚР Президенті болып қашан сайланды?
12. Н.Ә. ел тарихындағы нешінші президент ?
13. Тұңғыш Президент күні қашан аталып өтті?
14.Жас кезінде Қарағандының қандай зауытында жұмыс істеді?
15.Тұңғыш Президенттің туған күні қашан?

Берілген уақыт біткеннен кейін ООМ бойынша сұрақ қою басталады.Әр оқушы өзіне қойылған сұраққа жауап береді.

Грамматикалық тапсырмалар орындату (ережені оқушылардан сұрау)
Көмекші есімдер
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.Көмекші есімдерді тауып, астын сызыңдар.

Көше... бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қала... сырты... орналасқан. Мектеп... қасы... үлкен саябақ бар. Саябақ... іші... әдемі гүлдер өсіп тұр. Саябақ... қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіш... арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.

Елбасы сөзін жазған МУЗ АРТ тобының орындауындағы «Үшқоңыр» бейнебаянын тыңдату,көрсету.
IІІ.Сын тұрғысынан сұрақтар қою.
1. ҚР –сының тұңғыш Президенті (Қонаев, Колбин, Каримов)
2. Президенттің мамандығы (сәулетші, геолог,тарихшы)
3.Президенттің әкесінің аты кім?( Әшім,Әбіш,Әбдіраш)
4. Ел тарихындағы нешінші Президент? (2,3,4-ші)
5. Президенттің анасының аты кім? ( Күнжан, Айжан, Балжан)
6.Жастық шағын қай жерде өткізген?( Теміртау-Қарағандыда, Қарағанды-Алматыда, Қарағанды – Көкшетауда)
7.Тұңғыш Президент қай жылы дүниеге келді? ( 1941,1942,1943ж)
8.Жастық шағы қандай зауытта өтті? (мұнай өндіру, газ, мыс өнд.)
9. Н.Әбішұлының туған күні шілденің ( 6-сы, 16-сы, 26-сы)
10. Неше жасында Үкімет төрағасы атанды? ( 43,45,46)
11. Тұңғыш Президент қай жылы сайланды? (1990ж, 1992ж, 1993ж)
12. Н.Әбішұлы қай облыста дүниеге келген? (Қарағанды обл-да, Алматы обл-да,Ақмола обл-да)
13.Қандай қызметтерге ерте араласты? ( ұстаздық, шаруашылық, дәрігерлік)
4-КЕЗЕҢ:
ІV.Тақ. сөздік қор (жаңа тақ. бойынша)

ҚОРЫТЫНДЫ:
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ: мәтін бойынша 3тест сұрағын құру, сөздерді жаттау.
БАҒАЛАУ: Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тұңғыш Президент Көмекші есімдер можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 277 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar