Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі. Тіл дамыту -

Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі. Тіл дамыту

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2112 | Размер: | Автор: гость
. Астана қаласы № 60 мектеп-лицейі

Пәні: әдебиет Сыныбы: 6 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі. Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірі мен қызметін таныстыру. Тіл байлығын ұлғайту,ой еркіндігін дамыту. Әдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетінің бір түрі болатын ертегінің өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын ұғындыру. Тәртіпті,сауатты болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,оқу,аудару,түсіндіру.
Көрнекілік: оқулық, сөздік, ертегілердің кейіпкерлердің суреттері.
Пәнаралық байланысы: орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
- амандасу; -түгендеу; -тазалығы;-тәртібі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Жаңа тақырыпты жариялау,мақсатын айту.

Сөздікпен жұмыс
Отыз күндік мереке - қазақта үлкен ұзақ уақыт тойлаған дәстүр болған. "Отыз күн ойын, қырық күн тойы" деген сөз содан қалған.
Жай оты - найзағай
сұсы басты - айбатынан сескенді
еткен еңбек ұшты желге - пайдасы болмады, зая кетті
Егілмеген - жыламаған
Хронологиялық кестемен жұмыс (өмір жолы бойынша тапсырма)
1909 жылы 4 - ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген
1995 жылы 23 – қыркүйекте дүниеден өткен.
1978 жылы «Толағай» әдеби ертегісі жазылған
1933жылы тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» жарық көрген.
50 шақты кітаптың авторы.
"Толағай" ертегісінен теңеулерді тауып, теріп жазыңдар.
ақ маралдай, айменен тең, жандай, ақ меруерттей, жұлдыздай, өрттей, Аждаһадай, анасындай.
Поэманы сатылай кешенді талдау
кім?
1. авторы
2. тақырыбы
3. жанр түрі
4. идеясы -
5. құрылысы:
а) шумақ -
ә) тармақ -
б) бунақ -
в) буын -
г) ұйқас -
6. Көркемдік ерекшелігі:
1) эпитет -
2) метафора -
3) риторикалық сұрақ -
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау:
1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?
2. Толағайдың жанашырлық, елге деген сүйіспеншілік сезімдері өз бойыңнан табыла ма?
3. Шығарманың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша мазмұндап бер.
4. Ертегіні бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қой.
5. Ертегінің қысқа мазмұн - жоспарын құр.
6. Толағайды әдеби кейіпкер ретінде сипатта. (Дүниеге ерекше болып келуі, мінез - құлқы, ерлік істері, ел есінде қалуы).
7. Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме? Алда - жалда жұрт күйзелсе сен не істер едің?
8. Толағайды бұрын оқыған кейіпкерлермен салыстыр!
Үйге тапсырма:
1. Үзінді жаттау
2. Сурет салу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.