Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәжірибе алаңы-2016 -

Тәжірибе алаңы-2016

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2670 | Размер: | Автор: гость
. «Тәжірибе алаңы-2016»

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да
білікті адам жетер тілек, бағына»
Ж. Баласағұн

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 4,6 күндері №17 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте мектеп басшысының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
А. Алуашованың ұйымдастыруымен шығармашылықпен айналысатын мұғалімдердің «Тәжірибе алаңы» болып өтті.
Іс-шараның мақсаты-шығармашылықпен жұмыс жасайтын мектеп мұғалімдерінің үздік әдістемелік тәжірибесін айқындау, қолдау, тарату.
Іс-шара аясында мұғалімдер өзара шығармашылық пікір алмасып, үздік идеяларды, авторлық бағдарламаларды көруге үлкен мүмкіндік алды. Бұл шараға мектептің
18 мұғалімі қатысты.
Іс-шара аясында «Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары» атты идеялар аукционы, «Қазіргі сабақты сындарлы оқыту технологиясы негізінде жобалау» (понарамалық сабақ), «Топтың педагогикалық шеберханасы» атты көрме, «Үздік авторлық бағдарлама» және де «ІТ мұғалім» сайыстары болып өтті.
«Тәжірибе алаңының» басы-қасында жүріп, өзінің әділ бағасын берген мектептің
І ілгері деңгей бойынша сертификатталған, бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. Жанаева, оқу ісі жөніндегі орынбасар М. Елеусіз, әлеуметтік педегог
Ұ. Бисенбай, қосымша білім беру маманы А. Маңғұтова болды. Ұйымдастырылған түрлі шаралар аясында қатысушы бастауыш сыныптың мұғалімі – А. Жүндібай І орын, МАД тобының мұғалімі- Г.Әбсеметова ІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – А. Теңгебаева жүлделі ІІІ орынды иеленді. «Көшбасшы», «Жаңаша», «Білім теңізшілері» топтарының арасындағы сайыста ерекше көзге түскен, әрі өздерінің ұйымшылдығымен қазылар алқасының назарын аударған «Білім теңізшілері» І орынды иемденді.
«Тәжірибе алаңы» жұмысының қорытындысы салтанатты түрде мектеп басшысы Эльмира Сматуллаеваның жүлделі орындарды ақшалай және заттай марапаттауымен аяқталды.
Мектеп мұғалімдерінің екінші легі «Тәжірибе алаңына» қызу дайындық үстінде. Алдағы уақытта мектебімізде осындай берері мол іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Теңгебаева Айгерім
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы,
№17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.