Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәжірибеде бағдарлама мазмұнының жеті модулі -

Тәжірибеде бағдарлама мазмұнының жеті модулі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 964 | Размер: | Автор: гость
. Кентау қаласы № 11 негізгі
орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі
Хасенова Клара Абдиханқызы
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Уильям Уорд, ағылшын ағартушысы

Тәжірибеде бағдарлама мазмұнының жеті модулі
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында саналы да сапалы біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары ,жан-жақты дамыған маман дайындау керек делінген.
Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық іс - тәжірибесін бағалау және жетілдіру мақсатында білім берудегі осы бағдарламаның әдіс – тәсілдерін игерту . Барлық жаңа бастамада ізгілік бар демекші бұл курстың ашылуы еліміздегі барлық ұстаздар қауымы үшін өте тимді болды деп есептеймін. Себебі қазіргі мұғалім беделін көтеру Елбасымыздың және халқымыздың бірден-бір игі ісіне айналып отыр.
Жаңа білім беру бағдарламасымен өткен бірінші «бетпе – бет» кезеңі маған көп нәрселерге жаңаша көзқараспен қарауыма себеп болды. Мен осы аталған үш айлық курста , оқыту , оқытудағы жаңа тәсілдер мен білім берудегі жаңалықтар туралы ақпаратпен таныстым . Мұғалімдерге арналған жаңа бағдарламаны тыңдау нәтижесінде оқу, білім беру үдерісіне көзқарасым түбегейлі өзгеріске ұшырады .Өзімнің көзқарасымды, сабақ жоспарымды және сабақ өткізу тәсілін өзгерттім . Бала еркіндігін шектемеуді, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуды, өзімді-өзім реттеуді және формативті бағалауды үйрендім.Үйренген әдіс-тәсілдерімді іс жүзінде пайдаланып, әріптестеріммен де бөлісіп, зор ықпалымды тигіздім. Осы бағдарламаны оқу барысында бұл оқудың білім беруде өте тиімді екеніне өз іс-тәжірибемде көзім толық жетті. Бағдарлама мазмұнының жеті модулін өз сабақтарыма кіріктіріп өткіздім. Нәтижесінде, оқушыларымның сабаққа деген қызушылығы артты өз пікірлерін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға, сыни ойлау қабілетінің артуына, жеке тұлға болып қалыптасуына осы тұрғыдан бағдарлама өте жақсы бағыт береді екен. Кембридж Бағдарламасының сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі бұл "ойлау туралы ойлану"- деп сипатталады. Сыни тұрғыдан ойлау- білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын модульдің бірі. Бұл мұғалімнің де оқушының да сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин : «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Біз ұстаздар «мектептің жүрегі» болумен қатар, Қазақстанның болашағын айқындар жас ұрпақты жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, білімді де білікті ұстаз болуға тиістіміз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.