Меню
Назад » » »
Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.
загрузка...

загрузка...
Пікір

Биоголия пәнінің мұғалімі Айтқұлова Маржанның «Деңгейлеп оқыту» бойынша өткен сабақтары оқушының ойлау қабілетін дамыту мен біліктілігін, ізденімпаздығын арттыруға негізделген.
Оқушыларға оқытудың жаңа технология элементтерін қолдана отырып, пәнге қызығушылығына ықпал еткен.
Сабақтар құрылымдары жүйелі түрде құрылған. Оқушылардың сабақта алған білімін жетілдіру, табиғатты терең танып білуде, өздігінен іздену негізінде өткізген кештері, биологиялық сайыс сабақтары берілген. Сабаққа қажетті көрнекіліктер сапалы жасалынып, оқушылар білімін тиянақтауға арналған сұрақтар тиімді құрылған.Айтқұлова Маржанның шығармашылық жұмысын аудан мектептеріне таратуға болады.

Пікір жазған: Р.Сейітова – аудандық білім беру бөлімі
әдістемелік кабинетінің әдіскері

Кіріспе

Оқушының жеке тұлғасын,рухани әлемін,ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.
Оқушыларға дұрыс бағыт бағдар беру,шығармашылыққа баулу,ақыл ойын жан-жақты дамытуға көмектесу жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай туғызуға әрбір пәнді оқытуға жаңашыл әдіс тәсілдермен қамтамасыз етуге тиіспіз.
Мұғалімнің негізгі мақсаты жан - жақты білімді өзіндік ой талғамы бар,адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып, оқушыларға терең де тиянақты білім беру.Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында әрбір сабақта қолданылатын оқытудың жаңа формалары мен техногологиялары оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруға,ойлау қабілеттерін жетілдіруге,білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясына сүйене отырып,оқушылардың өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аудара отырып,сабақтарда үнемі қолданамын.Жас мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқауды ұсынамын.
8-сынып.

Сабақтың тақырыбы: § 41. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға тағамның маңызын, құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін, ұлттық мақал-мәтелдердің денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс жолға қоюдағы маңызын айтып түсіндіру.
Дамытушылық:Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру, дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу
Көрнекіліктер.Кітап көрмесі, таблицалар, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі.Саралап, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын сұрайтын деңгейлік сұрақтар магнит тақтасына 3 түрлі түсті қағазға жазылып ілінеді.Сол тапсырмаларға оқушылар, сұрақты оқи отырып, қолдарын көтеріп жауап береді.
А.деңгей
1. Тынысалу деген не және тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.
2.Қанайналым деген не және қанайналым жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.
3.Лимфа жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, лимфа тамырларының қантамырларынан қандай айырмашылықтары бар?
В.деңгей
1. Жүректің құрылысы қандай?
2. Өкпенің құрылысы қандай?
3. Жүректің жұмысы қанша жолмен реттеледі?
С.деңгей
1. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?
2.Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?
3. Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары мен тынысалу мүшелерінің ауруларының қандай түрлерін білесіңдер?
Үй тапсырмасын сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, қорытындылаймын.
Жаңа сабақтың жоспары.
1. Тағамның маңызы.
2. Тағамның құрамы.
3. Тағамдық заттардың қызметі.
4. Қазақ халқының ұлттық тағамдары.

1.Тағамның маңызы.
Қоректену- барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.
Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі,дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады.Ағзаға қажетті тағамды заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады.Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді.
Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға,ұлпаларға таралып,қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам-ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.

2.Тағамның құрамы.

Тағамның құрамы

Органикалық заттар Бейорганикалық заттар



Нәруыз Май Көмірсу Витаминдер Минералды Су

Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі.Нәруыз адам ағзасына өздігінен түзілмейді,тек тағаммен бірге қабылданады.Нәруыз еттің,
балықтың,жұмыртқаның,бұршақтың,жаңғақтың құрамында мол болады.
Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі.Май сүт өнімдерінің,жұмыртқаның құрамында мол болады.Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады.Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді.Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет.
Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп,нәруыздар аз болады.Жануар- текті тамақта нәруыздар көп, көмірсулар аз болады.Адам күнделікті пайдаланылатын көмірсулар негізінен крахмал және қант.Крахмал түрлі жармалардың,ұнның,картоптың құрамында көп болады.Қант,қант қызылшасында,сәбізде мол болады.Адам ағзасы үшін жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы,өйткені ол тез сіңеді.Қант балдың,жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі.Адам ағзасында жиналған артық көмірсулар бауырда,бұлшық еттерде қор ретінде жиналады.
Витаминдер тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат.Ағзаның өсуі,дамуы тіршілігі үшін дәрумендер аз мөлшерде болса да өте қажет.Дәрумендерді адам ағзасы тағамның құрамынан алады.Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі аурулар пайда етеді.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен су арқылы қабылдайды.Адам пайдаланатын барлық тағамдардың құрамында тұздар кездеседі.Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады.
Су- адам ағзасы үшін өте қажет.Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.Адам денесіндегі физиологиялық процестердің бәрі де, судың қатысуымен жүреді.Суды дұрыс пайдалана білу керек.Суды шектен тыс пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп,зиянды әсер етеді.


Органикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері Бейорганикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері
1.Нәруыз 100-120 г 1.Минералды тұздар 5-6 г ас тұзы
2.Көмірсу 500 г 2.Су 1,5-2,5 л
3.Май 70-100 г
4.Витаминдер Аз мөлшерде

3.Тағамдық заттардың қызметі.Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады.2-түрлі қызметін ерекше атап өту керек.1-ден тағамдық заттар адам ағзасында тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады.2-ден тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден бір көзі болып табылады.

Тағамдық заттардың қызметі


Құрылымдық Энергетикалық

4.Қазақ халқының ұлттық тағамдары.Әр халықтың ертеден келе жатқан ұлттық тағамдары бар.Қазақ халқы асқа,тағамға үлкен мән берген.Халқымыз кәделі әрі,орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. «Ұлттық тағам-ұлы байлық» деген мақал бар.Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик Төрегелді Шарманов ұлттық тағамдардың адам ағзасына әсерін зерттеп келеді.

Қазақ халқының ұлттық тағамдары
Сүт өнімдері Айран,қатық,құрт,ірімшік,қымыз,шұбат,сүзбе,құрткөже,
малта,уыз көже,шалап,наурыз көже.
Ет Ет,қазы-қарта,жал-жая,қуырдақ,шұжық,құйрық-бауыр,т.б.

Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап,қан мен лимфаға өтуі асқорыту деп аталады.
Жаңа сабақты жалпы қорытындылап болғаннан соң,оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таратып беремін.
І.Деңгей.
1.Органикалық заттар
а) нәруыздар,көмірсулар в) су және тұз с) нәруыз,тұз
д) көмірсулар,су е) липидтер,тұздар
2.Бейорганикалық заттар
а) нәруыз, су в) көмірсу және тұз с) нәруыз,көмірсу
д) су,тұз е) майлар,тұздар
3.Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәулігіне орта есеппен қанша грамм нәруыз қажет?
а) 60-100 г в) 80-120 г с) 50-100 г д) 100-120 г е) 200-300 г

ІІ.Деңгей
1.Адам тіршілігі үшін қажетті судың тәуліктік мөлшері
а) 0,5-1 л в) 1,5-2,5 л с) 2-3 л д) 1-2 л е) 3-4 л
2.Тағам құрамындағы күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап,қан мен лимфаға өтуі ........ деп аталады.?
а) тынысалу в) қанайналу с) асқорыту д) зәр шығару е) көбею
3.Ас тұзының адам ағзасына қажетті тәуліктік мөлшері
а) 3-4 г в) 2-4 г с) 5-6 г д) 6-7г е) 0,5-1 г

ІІІ.Деңгей
1.Тағамның құрамындағы органикалық заттарды сызбанұсқамен бөліп,аттарын,
әрқайсысы қандай тағамдарда кездесетінін көрсет.

Оқушылардың деңгейлік тапсырманы орындауына байланысты білімдерін бағалау.Күнделіктеріне бағалар қойылады.
5. Үйге тапсырма: Тағамның маңызы,құрамы және қызметі.Халқымыздың ас-ауқат туралы айтылған мақал-мәтелдерін жазып келу.

Бағалау парағы

№ Оқушының
аты-жөні І-деңгей
5 ұпай
ІІ-деңгей
10 ұпай ІІІ-деңгей
15 ұпай Бағасы
1 2 3 1 2 3 1 2 3 І

ІІ
ІІІ Жалпы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20 Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тағамның маңызы, құрамы және қызметі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 445 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar