Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
. Сағындықова Дана Колхозқызы,
І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш мұғалімі
ОҚО, Созақ ауданы
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;
Дамытушылық: Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Табиғатты қорғай алатын , аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мақал – мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету,өлеңдер оқу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер, мақал-мәтелдер жинағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, сәлемдесу
2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Окушылардан үйге берілген тапсырманы сұрап, тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Әртүрлі суреттерді кесіп, ортаға бір жәшікке салып қоямын, оқушылар өздері келіп суреттерді таңдап алып келесі бөлігін табуы қажет. Сонда белгілі бір табиғаттың суреті шығады, әрі оқушылар топқа бөлінеді. Мысалы: тау, өзен, ағаш.

- Балалар қолдарыңдағы ненің суреті? Кім түсіндіріп береді?
- Табиғат дегенді қалай түсінесіндер?
- Табиғат! Осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде каншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат-ең қасиетті де қастерлі ұғым.
- Табиғатты қазақ халқының бар өмір-тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. Табиғат – бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта үнемі тепе-теңдік сақталып тұрады.

1-жаттығудағы мәтінді оқып, мәтіннің мазмұнын сұрау. Сұрақтарға жауап беру.
Сұрақ-жауап (ауызша топтарға сұрақ қою).
- Адам өміріне не қажет?
- Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады?
- Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
- Тірі табиғатты ата.
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата-бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал-мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен. Ал енді балалар, ата-бабамыздан қалған осы сөздерді еске түсірейік. Балалар білетін мақалдарын айтады.
Мақалдар:
1. Сулы жер – нулы жер.
2. Бұлақ көрсең көзін аш.
3. Су жүрген жер –береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім,
Айтылмаған сөз жетәм.
6. Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа – өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар.

Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал-мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?
Тыйым сөздер:
1. Суға түкірме.
2. Суда лайлама.
3. Су ішетін құдыққа түкірме.
4. Бұлақты былғама.
5. Көкті жұлма.
6. Орманды өртеме.
7. Құмырсқаның илеуін бұзба.
8. Аққуды атпа.
9. Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

Сергіту сәті. «Бұл қай кезде болады?» ойыны. Бейне сюжеттен табиғи құбылыстарды, табиғатта болатын өзгерістерді қимылмен көрсетеді. Оқушылар сипатталған құбылыстарды табады.
Кітапта берілген ережеге сәйкес сұраулық шылауларға назар аударамын. – Ма, - ме, -па, -пе, -ба, -бе сұраулық шылауларының қолданысын түсіндіремін. Мысалы: Мынау тау ма? Өзен бе? Көл ме? Ағаш па?
Енді осы алған білімімізді тексеру мақсатында келесі жаттығуды орындайық.
3-жаттығуда берілген сұраулық шылауларды дұрыс қолдана білу.

ІV. Сабақты бекіту. Табиғат жайлы жұмбақтарды шешу арқылы сабақты бекіту.
Жұмбақтар:
1. Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, жаның рахат табады. (Ағаш)

2. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

3. Үлкен үлкен түйені,
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)

4. Әдемі түнде мен жүрсем, бірге жүреді. (Ай)

V. Бағалау

VІ. Қорытынды:
Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем-деп жырлағандай, табиғатты қорғап, аялай білейік.

VІІ. Үйге тапсырма: Табиғат жайлы мәтін жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.