Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТАБИҒАТ – ДЕНСАУЛЫҚ МЕКЕНІ -

ТАБИҒАТ – ДЕНСАУЛЫҚ МЕКЕНІ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2501 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Тлеубаева Әсел

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Сабақтың тақырыбы: ТАБИҒАТ – ДЕНСАУЛЫҚ МЕКЕНІ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қасиетті туған жеріміздің әсемдігін, кең даламыздың сұлулығын сезіне білуге ой-пікірін еркін айта білуге үйрету.
Білімділігі:Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, денсаулықтың бағалы байлық екендігін үсіндіру.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, сөйлеу шебірлігін арттыру.
Көрнекілігі: Мақалдар жазылған плакаттар, суреттер, слайдтар, тірек сызба техникалық құрал.
Сабақтың барысы:
1. «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» гимін орындау.

2. Экраннан табиғат әлемін көрсету

Әділ:Армысыз қайырлы Күн!
Райхан: Армысыз қайырымды Аспан ата!
Арай: Армысыз мейірімді Жер ана!
Ердәулет: Армысыз шұғылалы Алтын күн!
Маржан:Армысыздар қонақтар!

Құстардың үнін естірту

Маржан:
Әтештің де әні бар, Көкектіңде әні бар. Әндетеді өзінше,
Барлық құс жан –жануар

Ердәулет:
Неше түрлі торғайдың, Өздерінше жырлайды. Аққу үні-үніндей, Сыбызғының, сырынайық.

Аружан:
Қазақ әні, қаңқылы-
Көл тойының қызығы. Шағаланың шаңқылы- Ол да бір әннің үздігі.

Нұрболат:
Дауылдың да әні бар, Жауынның да әні бар. Әрқайсының өз әні- Өздеріне ән ұран.
Әділ: Әннен әлем нәр алған, Ойға мұны түйген жоқ. Ән мен күйді адам да Табиғаттан үйренген

Экранға табиғат суретін көрсету.

Арай:
Табиғат ол-анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағыңда ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.

Дариға:
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында.

Маржан:
Табиғат әсемдіктің төресісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

Ердәулет:
Тамаша ғой
Бүгін сен Табиғатқа жүгінсең.
Құлақ түріп,
Көз тігіп,
Төңірекке үңілесің

Өркен:
Еріп бұлттың ырқына,
Жоқ болады бір күн ай...
Табиғатта бір кітап,
Оқи алсаң шіркін- ай!

Айбек:
Табиғат сұлу мекенім
Өзіңді пана етемін
Саяңда жүріп ер жетіп
Биікке самғап жетемін.

Мұғалім: Табиғатсыз мына ғаламда еш бір нәрсе болмайды. Табиғат адам заттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы.Табиғатты аялауға, қасиетті туған жерімізді сүйе білу, қоғай білу әрбір тіршілік иелерінің міндеті. Адам мен табиғат әрқашанда егіз.

Мүғалім:
Осы әсем табиғаттың тіршіліктің иесі адам баласының ұзақ өмір сүруіне ең қажет нәрсе не деп ойлайсыңдар?
Балалар хормен: Денсаулық!

Дұрыс айтасыңдар.
Халқымыз адам баласы үшін бірінші байлық денсаулық деп айтса керек.
Осы сөзді естігенде ойларыңа не келеді?

Тірек сызба

КҮН ТӘРТІБІ

ТАЗА СУ ДЕНСАУЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ЕҢБЕК ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ

Осы айтқан қасиеттер адам бойынан табылатын балса әрине ол адамның денсаулығы да күшті болғаны.Денсаулықта табиғатта адам баласына берген сыйы.Сол сыйды жоғалтпай сақтау керек.

Экранға ана мен бала суретін көрсету.

Сондықтан әрбір жас нәресте дүниеге келген күннен бастап анасының қамқорлығында болады.Халқымызда қарды қылау,баланы сылау өсіредеген сөз бар. Анасы сәбиін қойдың құйрық майымен сылай отырып былай дейді:

Дауыс: Ей қасиетті қой майы.
Сен сәбиімнің бойына тастай, темірдей денсаулық бер,қайтпас қайрат дарыт, көңілін сүттей ақ ет, пейілін періштедей пәк ет, үйіме дерт кірмесін, балама салқын тимесін.

Мұғалім: Осы тілек сөздерден кейін ананың бала денсаулығына деген қамқорлығын мейрімін сезінгендей боласың.Қазіргі таңда біздің елімізде ана мен бала денсаулығына көп көңіл бөлінуде.Енді аз уақытта еліміз қандай мерекені тойлағалы отыр. Тәуелсіз ел болғанымызға 20 жыл толды. Бүкіл еліміз бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылын тойлағалы жатыр. Егеменді еліміз күш қуаты барынша мол,өндірісі тез қарқынмен дамыған мемілекеттердің біріне айналды. Осы тәуелсіздік жылдары халқымызға не берді?

Нұрдәулет: Қазақстан саны көбейді.

Аружан: Халықтың жағдайы жақсарды.

Айбек: Елімізде 100 мектеп,100 аурухана салыну жұмыстыры жүріп жатыр.

Арай: Денсаулығы әлсіз балаларға дәрі-дәрмек тегін берілуде.

Мұғалім: Бұдан Тәуелсіздіктің елімізге халқымызға жасаған жақсылығы мен игілігі ұшан теңіз екенін білеміз.Соның бір дәлелі ретінде айтарым Қазақыстанда Денсаулық поезы қала, ауылдарды аралап халыққа қызымет көрсетуде.Ондағы адам жанының арашасы болған дәрігерлердіңде еңбегі шексіз деп айтуға болады. Біз сабағымызды поезға мініп табиғаттан денсаулықтың мекені болатын жерлерді іздеп жолға шығамыз. Онда сендер әрбір аялдамаға тоқтап,берілген сөздердің мағанасын ашып,сұрақтарына жауап беретін боласыңдар. Денсаулық поездына міну үшін сендер «Денсаулық » туралы білетін мақал-мәтелдеріңді айтыңдар.

Қане кім айтады?

Айбек: Бірінші байлық денсаулық.

Жұлдыз: Жұпар ауа- дертке дауа.

Аружан: Тыста ұзақ жүргенің,
Ұзақ өмір сургенің.
Нұрсұлтан: Жаны саудың-тәні сау.

Маржан: Дене қимылы-дәрісіз ем.

Мұғалім: Қане поезға мініп болсаңдар шырқайық.

Хор: Ән «Гүлжазира Қазақыстаным»

Дауыс: Жолаушы азаматтар.

Денсаулық поезы «Ауа өмір тынысы»,бекетіне келіп тоқтауы.
Қош келдіңіздер!
Экраннан «Ауа-өмір тынысы» мақалы көрсетіледі.
Балалар аялдама қалай аталады
Экраннан бір сұрақ шығады.

1 сұрақ: Ауа не үшін қажет?

Нұрсұлтан: Адам,жануарлар мен өсімдіктер ауасыз тіршілік ете алмайды.
Арай: Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды.

2 сұрақ: Табиғатта таза ауа қай жерде мол болады?

Балнұр: Орманда таза ау мол болады.(орман суреті шығады).

Өркен: Ағаш жапырақтары көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегін бөліп шығарады.

Айбек: Орманды үлкен шаң сорғыш десек те болады.

Әділ: Орман ағштары ауадағы шаңды тонналап сорады екен.

3 сұрақ: Ауа таза болу үшін не істеу керек?

Маржан: Ағаш көшеттерін отырғызып, бөлме өсімдіктеріне су құйып күтсек, олар бізге таза ауа береді.

Нұрдос: Сондықтанда «Бір тал кессең, он тал ек дейді халқымыз».

Мұғалім: Олай болса денсаулықтың мекені түрлі ағаштар көп өсетін ауасы таза «Саялы орманнан» табылады екен.
Балалар саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

Табиғат суреті көрсетіледі

Ән хор: « Бау- бақша белдер».

Дауыс: Жолаушы азаматтар «Денсаулық поезды» Су- тіршілік көзі бекетіне келіп тоқтады.

Экранға сұрақ шығады.

1 сұрақ: Адам өмірінде судың қаншалықты маңызы бар?

Оқушы: Сусыз өмір сүру мүмкін емес.

Оқушы: Суды ішеміз,жуынамыз.

Оқушы:сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.

Экранға су, өзен, көл суреті көрсетіледі

Сумен кір жуамыз.
Суға жануарлар да,өсімдіктерде шомылады.

Нұрдәулет: Табиғат көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су.
Судың да сұрауы бар – дейді халық.

Ердәулет:Сулы дала. Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жараылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың көркемсің.
Экраннан шығады.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН
Сұрақ: Егер де ... не болар еді?
Егерде су болмаса,не болар еді?

Оқушы: Шөптер қурайды.

Оқушы: Қатты шөлдейміз.

Оқушы: Жуынбаған соң ауруға шалдығамыз.

Оқушы: Үлкені де кіші де кір қожалақ болар еді.

Мұғалім: Балалар қыздардың қуыршақтары кірлеп кетті қане соған көмектесейік.
Ол бір-бірне жұмбақ жасырып шешулерің керек болып тұр. Қане кім айтады?
Азиз: Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? САБЫН.
Балнұр:
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жаныңды
Бұл не? СҮЛГІ.
Нұрдос:
Қалтамда жатыр, тісі бар,
Тістемей-ақ ісі бар.
Бұл не? ТАРАҚ.
Райхан: Дәмі де жоқ , түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ СУ

Жұмбақтардың шешуі болған сабын, сүлгі, тарақ қыздардың қуыршақтарына өте қажет екен. Ал сендердің араларыңда тазалықты сүймейтін, таза жүрмейтін бала бар ма?
-Жоқ.

Өркен: Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар.

Дауыс: Поездың тиқылдағаны мен релістің дыбысы.
Жолаушы азаматтар Денсаулық поезы «Ас - адамның арқауы» бекетіне келіп тоқтады.
Қане балалар! Аялдама қалай аталады оқыйық. Осы сөздердің мағанасын ашайық.

Әділ: Адам күш қуатын тамақтан алады.(Экраннан тамақ , жемістер).

Маржан: Денсаулықтың досы- тамақ.

Азиз: Тамақты асықпай дұрыстап шайнап жеу керек.

Арай: Бау- бақша өнімдерін жеместен бұрын оны жууды ұмытпауымыз керек.Өйткені жеміс-жидек өнімдері жұқпалы іш ауруынжылдам туғызады.


ОЙЫН «ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗДЕР»
Мұғалім: Біз қазір сендермен «жасырынған сөздер» айтып ойнайық. Мен сендерге тұспалдап , қалдырып, жұмбақтап сөздер айтамын. Ол сөздің қандай сөз екенін табыңдар. Егер дұрыс тапсаңдар сол сөздердің бірінші дыбыстарымен сөз құрауға болады. Ол қандай сөз екенін табыңдар. 1) Іш ауырса, тіс ауырса
Анам......... береді. (ДӘРІ)
( дәрі жазылған шарды оқушыға беру)
2) Басыңнан сипап, арқаңнан қағатын аяулы жан кім? (ӘЖЕ)
3) Талап еңбек терең ой,
Қанағат......... ойлап қой. ( РАҚЫМ )
4) Киіз үй шаңырағын біріктіріп көтеріп тұратын не? (УЫҚ)
5) Тардай болып кіресің,
Таудай болып шығасың. Ол не? (МЕКТЕП)
6) Мықты ағаш, одан парталар жасалады. (ЕМЕН)
7) Дастарханға бірінші қойылатын ас. (нан).

Мұғалім: Осы тапқан сөздеріңнің бірінші дыбыстарнан қандай сөз шыққанын оқыйық.
Бәрі хормен «Дәрумен»

Райхан: Қазіргі уақытта адам ағзасының қорғаныс қабілетін арттыруда дәрумендердің атқарар қызметі зор.

Нұрболат: Тағамдар түрлі дәрумендеге бай. Дәрумен жетіспеушілігінен адам әлсіреп тез шаршайды, түрлі ауруларға шалдығады.
Мұғалім: Ендігі сөзді дәрумендерге берейік.(шарлар ұстап тұрады)(экраннан жемістер шығады).
Өркен: А-дәрумені жетіспегенде көру қабілеті төмендеп, шашы түсіп, денесі құрғап кетеді.
А- дәрумені тек мал өнімдерінде болады. Жұмыртқаның сары уызында сүт тағамдарында мол.

Райхан: В-дәрумені жетіспесе асқазан, ішек жаралары пайла болады.
Жүйке жүйесі зақымданып адам сал болып қалуы мүмкін.
Бұл дәрумен бұршақ өсімдіктерінде сүтте, бидай кебегінде көп.

Аружан: С-дәрумені өсіп-өнуге ми қабаттарынаң жетілуіне қажет.
С-дәрумені жетіспегенде адамның жұмысқа қабілеі төмендейді.Ұйқысы бұзылып тәбеті кемиді. Бұл дәрумен негізінен жеміс-жидекте болады.

Нұрдәулет: Тіршілікке аса қажетті дәруменнің бірі Е дәрумені. Оның жетіспеуінен бұлшық ет солып адам семе бастайды.
Е-дәрумені мал өнімдерінде, көкөністерде кеөдеседі.

Жұлдызай: Д-дәрумені өсіп-өнуге әсер етеді.
Д-дәрумені балық майында болады.
Айбек: Халқымыздың сүйікті сусыны – қымыз.Қымыздың құрамында түрлі дәрумендер көп. Күніне жарты литр ішіп тұрғанның өзі өте пайдалы.Ал шұбат болса дәрумендерге екі есе бай.

Дауыс: Жолаушы азаматтар денсаулық поезды «Денсаулықты еңбекпен ізде» бекетіне келдік.

Мұғалім: Еңбек дегеніміз не?

Маржан: Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты еңбек.
(Гүл өсіріп еңбек етіп жатқан адам)

Балнұр: Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек.

Нұрболат: Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек.

Хор: Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

Мұғалім: Ара мен көбелек ертегісінен көрніс.

АРА МЕН КӨБЕЛЕК
Жазғы маусым кезі. Қырда қызғалдақ, сарғалдақ сияқты сан алуан гүлдер жапқан.
Бәрі сәнді көбелек алақанын жайған әр гүлге бір қонып, армансыз ойнап- күлді. Сауық іздеп ұзақ ұшты. Жолда көрінген, ұшып жүрген жәндіктерді жақтырмады, сөйлеспеді ойнамады.
Бір кезде тынымсыз бал жиып, ерінбей әр гүлге қонып жүрген араға кездесті.
-Әй ара жүр ойнайсың ба?
- Жоқ қолым тимейді.
-Не істеп жүрсіңмешкей екнсің тамағың әлі тойған жоқ па?
- Жоқ мен бал жинап жүрмін.
- Оны қайтесің?
- Қыста жейміз. Бұл мезгіл жалт беріп әлі-ақ өте шығады емес пе. Гүл солады, суық болады,сонда тамақ керек болады.
-Әлі ерте емес пе, жүр ойнап-күлейік, сауық сайран салайық..
- Жоқ бара алмаймын.
- Мм, ойнамасаң қой. Өзім ойнаймын.
-Балалар ара қандай жәндік?
-еңбекқор.
-Көбелек ше?
-Жалқау, еріншек, сауықшыл.

Мұғалім: Еңбек пен жалқаулық туралы Абай Құнанбаев не деді?

Нұрсұлтан: Еңбек қуаныш.

Нұрдос: Денсаулықтың тағы бір досы-дене шынықтыру.

Дариға: Денешынықтыру әрбір тіршілік иесіне қажет нәрсе

Нұрболат: Түнде ұйықтап жатқанда біздің денеміз дем алады.

Өркен: Бұлшық еттеріміз босап, жүрегіміз бен өкпеміз баяу ғана жұмыс істейді.

Мәлік: Ол үшін денеге шынықтыру керек.

Аружан: Дене қимылымен айналыспайтын бала әлсіз, әлжуас болады.

Азиз: Күніне 10-15 минуттық дене жаттығуларын жасаудың өзі пайдалы.

Жұлдызай:Дене шыныққан соң адамда сергектік пайда болады.

Мұғалім: Елімізге қайта оралған «Қара жорға» биінің қимыл қозғалыстары дене жаттығуларына ұқсастығы көп. Қазір осы би денешынықтыру ретінде қолданылуда. «Қара жорға биін» көріңіздер.
Жолаушы азаматтар Денсаулық поезды «Табиғатты қорғау» бекетіне келіп тоқтады.

Нұрдәулет: Табиғат - халық қазынасы . Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты. Күш-қуатты бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.

Маржан: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік! Бір-бір ағаш егейік .
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Мұғалім: Табиғатты қорғау, табиғатпен дұрыс- қарым-қатынас жасау дегеніміз ағаштардың бұтақтарын сындырмау.

Азиз: Көшеге лас қоқысты тастамау.

Балнұр: Су көздерін былғамау.

Нұрсұлтан: Жануарларды қорғау.

Нұрдәулет: Күшік.мысықтарды жәбірлемеу.

Ердәулет: Құстардың ұясын бұзбау.

Райхан:Табиғатты зиянкестерден қорғау.

Мұғалім: Табиғатты қорғау, оған үнемі қамқорлық жасау- әрбір адамның міндеті.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Денсаулығың жақсы болу үшін уақытыңды, күш жігеріңді, еңбекті тіпті барлық дүниені аямау, жұмсау керек.
Денсаулығы мықты адам ыстыққа да, суыққа да төзе алады.

Сабақты қорыту:

Тірек сызба

Денсаулық мекені

Таза ауа Мөлдір су Көрікті жер
Мұғалім: Біз іздеген денсаулық мекенін қайдан таптық?
Оқушылар:Денсаулық мекені ауасы таза, суы мөлдір, көрікті табиғаттан таптық.
Мұғалім: Табиғат- денсаулықтың мекені екен.
Ол әсем табиғат қайда екен?
Оқушылар: Қазақстанда
Мұғалім:Денсаулықтың мекені болған тәуелсіз еліміздің табиғатын аялап қорғайық
Оқушылар:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Тәрбие сағаты аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.