Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғат кешені -

Табиғат кешені

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2618 | Размер: | Автор: Публикатор
. Тексерілді: Оқу ісінің меңгерушісі Сакова А
Сыныбы:7 күні
Сабақтың тақырыбы : Табиғат кешені
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушыларға табиғат кешені, географиялық қабықтың құрылысы, жерқыртысындағы заттар айналымы жөнінде түсіндіру.
Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже. Оқушыларға табиғат кешені, географиялық қабықтың құрылысы, жерқыртысындағы заттар айналымы жөнінде түсінедіӨз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыланып,. өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттері артады.
Түйінді идеясы: Адамзат географиялық қабықтың тұтастығын сақтауға міндетті.
Сабақтың әдіс-тәсілдер,жұмыс түрі:Жигсо,топтық жұмыс,Кім жылдам?Сәйкесін тап,Ойлан,бірік,бөліс.
Ресурстар :Интерактивті тақта,атлас карта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б.
Бағалау:Смайлик арқылы бағалауы,топтық бағалау.
Сабақтың барысы:
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, психологиялық жақсы ахуал туғызады,биосфера,атмосфера,литосфера,гидросфера топтарына бөледі.
2 Топтарға Гидросфера тарауын қорытындылау үшін "Сәйкесін тап" тапсырмасын орындатады. 1.Оқушылар амандасады, сабаққа назарын аударады,топқа бөлінеді,топ міндеттерін бөліседі.

2.Тапсырманы орындайды,жауабын интерактивті тақтадан көріп,қатесін түзетеді,дұрыс жауап берген топ жеңімпаз болады.
Тұсаукеср 1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды
2. Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін «ЖИГСО» әдісін пайдалануды ұсынады.
Сергіту сәті
1Оқушылар бейнебаянды тамашалайды сұрақтарын қойып,талқылайды.
2Мәтінмен танысады, .«ЖИГСО» әдісі бойынша оқушылар мәтінді топқа бөлініп оқып, әрқайсысы өз тобына келгенде оқығанын айтып беруге тырысады

Негізгі
бөлім
Ойлан,бірік,бөліс тапсырмасын постерге орындатып,қорғатады.

2тапсырма Кім жылдам? ойыны
Географиялық қабықтың ырғақтылығы,зоналығы,тұтастығы,зат және қуат алмасуы сөздерін дәптерге жаздырып оған жауап іздетеді Ойлан,бірік,бөліс тапсырмасы
1топ Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі атмосфера
2топ Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі биосфера
3топ Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі литосфера
4топ Географиялық қабықтың құрамдас бөлігі гидросфера
Оқушылар критерий бойынша смайлик арқылы бірін- бірі бағалайды
Оқушылар дәптермен жұмыс жасап,тапсырманыорындайды.
Смайлик арқылы бағалайды.
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Үйге тапсырма береді :
1. Өтілген тақырыпты оқуға , Табиғат кешені тақырыбы бойынша сурет салу.
Оқушылар кері байланыс жасайды
Не ұнады:............................................
Не қиын болды: ................................
Тілегім: ...............................................
Сәйкесін тап тапсырмасы.
1. Жердің су қабығы.
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит.
3. Дүниежүзілік мұхит бөліктері.
4. Мұхит суының тұздылығының өлшем бірлігі.
5. Теңіздің түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын.
6. Мұхит пен теңіз суының зор көлемде бір жерден екінші жерге ауысып тұруы.
7. Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма.
8. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі кең, ұзын ойыс .
9. Өзеннің өзенге, көлге теңізге, құятын жері.
10. Өзеннің барлық салаларымен жиынтығы.
11. Жер бетінің өзенге су жиналатын бөлігі.
12. Жер шарындағы ең биік сарқырама.
13. Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
14. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыс.
15. Дүние жүзіндегі ең ірі көл.
16. Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.
17. Жердің терең қабатындағы қысымды су.
18. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суы.
19. Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін мұзтаулар.
20. Жасанды су қоймасы

Жауаптың нұсқалары:
1. Тынық мұхиты
2. Саға
3. Гидросфера
4. Цунами
5. Мұхит ағысы
6. Өзен аңғары
7. Промилле
8. Мариан шұңғымасы
9. Анхель сарқырамасы 1054 м
10. Көл
11. Тасқын
12. Өзен жүйесі
13. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
14. Минералды су
15. Артезиан суы
16. Бөген
17. Айсберг
18. Өзен алабы
19. Каспий теңізі
20. Жер асты сулары



Дұрыс жауабы: 1-3; 2-1; 3-13; 4-7; 5-4; 6-5; 7-8; 8-6; 9-2; 10-12; 11-18; 12-9;
13- 11; 14-10; 15-19; 16-20; 17-15; 18-14; 19-17;20-16.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.