Меню
Назад » » »
Табиғат - тіршілік көзі
загрузка...

загрузка...
Табиғат - тіршілік көзі

«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен - құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғымдар. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат - адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер. Ертеден қалған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған. Халқымыздың мақтанышы, ғалым Шоқан Уәлиханов та: «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғатты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым - жорасын жасаттыру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі» деп, атап көрсеткен.
Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сол кезде-ақ қазақ «Су ішкен құдығыңа түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш», - деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Сол тәрбие, бабалар салған игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып жатыр. Дегенмен, табиғат Анаға бүгінгі күннің көзімен қарайын болсақ, қоршаған ортамыздың шынымен де жетімдік тартып отырған тұстары бар. Оған,әрине, бүгінгі заман қажеттілігі, өмір талабы себеп болып отыр.
Елдің өрлеп, шарықтағаны қаншалықты маңызды болса, табиғаттың тазалығы да соншалықты маңызды. Өйткені, адамзат болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек, ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
Бүгінгі таңда елімізде осы бағытта біршама іс-шаралар орындалып келеді. Құдайға шүкір, табиғатқа жаны ашитын жанашыр жандар аз емес. Міне, көктем де келді. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемде табиғат жаңа түлеп, қайта туғандай күйге енеді. Бұл мезгілде табиғат та, Жер - Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарып, адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал -теректер бүршік жарып, даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсіп, бел-белестерге қызылды-жасылды кілем төселеді. Сол сәттегі табиғат сұлулығын көрегенде көкірегімнен еріксіз жыр ағылады:

Көктем келді..
Көктем келді, қандай ғажап, тамаша,
Жандар едік ойнап өскен балаша.
Қырдағы шалғын әсем гүлге оранып,
Құлпырады, құлпырады - ау жаңаша.

Көктем келді, о табиғат, жер ана
Көзіңді сал айналаңа, маған да.
Қыс түссін, мейлі, күз түссе де бұл көктем,
Сайрап тұрар бұлбұлша менің санамда.

Көктем, сенсің тіршіліктің күткені,
Сен келген соң жылынар қыр бөктері
Болшы мәңгі жүрегімнің шуағы,
Сайрап салар көңілімнің көктемі.

Көктем, көктем, өзің неткен кербез ең,
Жайнады ғой, таулар, бөктер, бұл өзен.
Сұлулық пен сымбатыңды ән қылып,
Бел ортаңда ойнақ салып мен келем.
Көктемнің шуақты күні қандай тамаша?!
Көктеммен бірге сәні кіріп, жаңарған табиғатымызды таза ұстап, аялау - біздің парызымыз. Өйткені «болашақ біздерден басталады» Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Табиғат - тіршілік көзі можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 338 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar