Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Табиғат жанашыры -

Табиғат жанашыры

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1903 | Размер: | Автор: гость
. Қарағанды облысы
Шет ауданы
С.Сейфуллин кенті
«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші:Ақтаукенова Ботакөз

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Топ № «Балапан»
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті №2
Күн, айы: 29.04.14 ж
Тәрбиеші: Ақтаукенова Б.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі:Экология
Тақырыбы: «Табиғат жанашыры».
Мақсаты:Балалардың табиғатқа деген жанашырлығын таныту.Білімділік:Балаларға,табиғат пен адам үйлесімділігі,оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Дамытушылық:Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту. Тәрбиелік:Табиғаттың аң-құстарына,өсімдіктеріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Жабдықтар:Кейіпкерлер:Жер-Ана,Буратино,Жыл мезгілдерін киінген балалар,Табиғат суреттері.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең -Балалар,тобымызға қонақтар келіп отыр,қане-
некей,амандасып алайық.Бір-біріне жылулық сезімдерін білдіру.Шаттық шеңбер құру.
- Жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Көктем мезгілінде неше ай бар,қанекей атап айтайықшы?
-Қазір қай ай?
Өткен оқу іс-әрекетіне шолу.

-Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Армысың,мейірімді жеріміз!
Армысың,Табиғат- біздің анамыз!
Келді сізге өзіңіздің балаңыз!
Бізде одан жақсылықты аямайық,
Сүйейік табиғатты аялайық!
-Көктем мезгілі.
-Даладан білдік.
-Қар еріп,жылғалардан су ағып жатыр,күн жылына бастады.
-Үш ай бар.Наурыз,Сәуір,Мамыр
-Сәуір айы.
Ұйымдастыру, іздену кезеңі


Ғажайып сәт:Құстардың,ағаштардың,судың дыбысы естіледі.Балалар ненің дауысы?-Дұрыс айтасыңдар,олай болса біздің,бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:«Табиғат жанашыры»-деп аталады.-Балалар,біздің төбемізде күлімдеп,жарқырап не тұрады?-Егер,күн шықпаса көңіл-күйіміз қандай
болады?-Балалар,дұрыс айтасыңдар.Күн бізге шуағын шашады.Жер бетіндегі тіршілік иелерінің барлығы,күн
нен нәр алады.Күн шуағын шашқан кезде,біздің де көңіл-күйіміз көтеріліп,жадыраймыз,ойнаймыз.
-Табиғатқа тағы да не жатады? –Дұрыс айтасыңдар.
-Ауа не үшін қажет?-Дұрыс,ауасыз дем ала алмаймыз.
Ауа,бізге аспан арқылы келеді ауа болмаса тыныстай алмас едік.Барлық тіршілік иелері ауасыз өмір сүре
алмайды.-Су бізге керек пе?-Дұрыс айтасыңдар,су-
тіршілік көзі.Сусыз ешкімде өмір сүрмейді.Жер бетінде өсіп жатқан егін де,гүлдер де,ағаштар да жану-
арлар да,сумен қоректенеді.Сондықтан суды орынды
пайдалануымыз қажет.-Тау-тас не үшін керек?
-Дұрыс айтасыңдар,тау-тас табиғаттың сәні болмақ.
Олар өспейді,өнбейді.Тек қана табиғаттың сәні үшін
қажет.Құстар не үшін керек?-Өте жақсы,құстар жерді
құрттан тазартады,оларға қамқорлық жасауымыз керек
Ұя жасап,жем,су беріп,нанның қоқымын беріп,қамқор болу керек.Оларды үркітпей,тиіспеуіміз керек.-Ал ағ-
аштар не үшін қажет?-Дұрыс айтып отырсыңдар,біз
көктем мезгілінде ағашты жерге отырғызсақ,оларды уақытымен суарып,топырағын қопсытып отырсақ,олар
үлкен болып өседі.Күннің ыстық кезінде,яғни жазда
өскен ағаштың саясында,көлеңкесін де дем алып отыруға септігін тигізеді.Балалар,қараңдаршы сондық
тан табиғатқа жанашырлық танытып,оларды күтуіміз керек.Ауаны ластамай,күл қоқысты тастамай,жерді бап
тап күтуіміз керек.
(Есік қағылады.Тарсылдатып,Буратино кіреді,арқасына асынған дорбасы бар).
-Сәлеметсіңбе,Буратино,сен«Балдәурен»балабақша -сының «Балапан»тобына келдің,тобымызға «хош келдің»,төрлет!.Арқаңдағы асынған не дорба,ішін де не бар?-Азықтарыңды,біздің топтың балаларына әкелген боларсың?-Буратино,сенің бұның не?

(Сол,кезде есік қағылып,ішке Жер-Ана мен балалары- мезгілдер кіреді).Шашылған заттарды көріп,былай-дейді:Сәлеметсіздер ме,Жер-Ана,хош келдіңіздер,бұл Буратино ғой,шашқан.-Буратино,Жер-Анамыз,ашулы екен,көрдіңбе,өсімдіктерді таптауға,от жағуға,айқай-, лап,шулауға болмайды,ауаны,ластап,шашқаның жарамады.

Балалар,Буратино,Жер-Анаға не деп,-айту керек?-Дұрыс айтасыңдар,Буратино Жер-Анадан кешірім сұрағаның жөн-Қанекей,балалар Буратиноға көмектесейікші.

(Жер-Ананың көңілін аулап,сергіту жаттығуын жасатады.
(Музыка әуені ойналады).
Сергіту сәті: Буратиномен би:

(Буратиномен қоштасу).
-Жер-Ана,енді сіздің құрметіңізге,біздің бүлдіршін-
деріміздің табиғат туралы түсініктерін қабыл алып,
балаларыңызбен бірге тамашалаңыз,отырып демалыңыз.(Балалардың жыр-шумақтары).-Ал,Жер-Ана,енді,сіздің балаларыңыздың қандай өнері бар?

-Жер-Ана,сіздің балаларыңыздың айтқандарын,
бүкіл адамзат баласы-орындауға құқылы.Табиғатты аялап,күту біздің өз қолымызда.
-Жер-Ана,енді сіздің құрметіңізге ойын ойнағымыз келеді,ойынның аты- «Табиғат құбылыстарын орналастыр»-деп аталады
Д/ойын:Ойынның шарты әр мезгілдің суреттеріне,әр
құбылыстарды орналастыру.

-Жер-Ана,біздің бүлдіршіндеріміз, табиғат туралы біраз мағлұматтар алды.Адамдардың қасиеттерінің бірі-табиғатқа жанашырлық танытып,аялау.
Оны,бүгінгі қателік жасаған-Буратиноның іс-әрекеті-
нен біліп,табиғатсыз өмір сүре алмайтындығымызға көзімізді жеткіздік.
-Жер-Ана енді,біз сізбен мәңгілік біргеміз.




-Табиғаттың дауысы.



- Күн тұрады.

-Жабырқаулы боламыз.



-Жер,ауа,су,тау-тас,өсімдіктер,
ағаштар,құстар жатады.
-Жерде жүреміз,өмір сүреміз.
-Біз тыныс алу үшін керек.
-Иә,тамақта сумен піседі,кірдіде
сумен жуады.


-Тау-тас табиғаттың сәні.

-Олар жердің құртын жейді.Адам-
ның досы.


-Ағашты күтіп,баптап,суарып отырсақ ,олар өсіп,бізге көлеңке
болады.



Буратино:.-Сәлеметсіздер ме?,мен қайда тап болдым,ә-ә-ә(таң қалу).
-Бұл дорбада азықтар бар.
-Жоға,өзім жеуге әкелдім.(деп,ішіндегі тамағын ала сала жеп жанжағына лақтыра бастайды,да шашады)

ЖерАна:«Оу,ұрпақтарым,қасиет-
ті жерімізді қандай қайғылы күйге түсіргенсіңдер?!Мынау не,мені таптап,көкірегімнен теуіп,ауаны ластағандарың?!
Табиғатты көздеріңнің қарашы-
ғындай сақтап,игіліктеріңе жарат
пайсыңдар ма?Табиғат өздеріңді қоршаған орта емеспе?!
Күл-қоқыстарды,қоқыс тастайтын
жәшіктерге,тастау керек емес пе,
солай ма?

Балалардың жауабы:-Жер-Ана-
дан кешірім сұрау керек.

Буратино:(Шашылған қоқыстар- ды жинау),Буратино өз істеген
ісіне ұялып,балалардан да кешірім сұрайды)-Мен бәрін түсіндім,ауаны ластағаным жарамады,кешіріңіз-Жер-Ана,
бұл қоқыстарды үйіме әке-
тіп,қоқыс тастайтын жәшікке тастаймын.Балалар,рахмет маған көмектескендеріңе,кешіріңдер,енді олай істемеймін.Балалар,қане кей,Жер-Ананың көңілін көтеріп,
,сергіту сәтін орындайықшы.
-Жер-Ана:-Менің көңілім көтеріл ген сияқты.
-Буратино:Ал,ендіменқайтайын,
өз қатемді түзететін болдым.-Сау болыңдар,( кетеді.)
-Жақсы,тыңдайын.
1-бала З.Ақнұр:
Табиғат-бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы,аялы бесігі,менің өсіп, өнген өлкем.
2-бала Аяулым:
Табиғаттың басты байлығы жер. Адамдар,өсімдіктер, жануарлар өз қорегін осы жерден алады.Табиғаттың байлығын сақтау адамдардың өз қолында.
3-бала: Нұрмұхаммед:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша. .
-Менің де,балаларым құр алақан емес.
Қыс:Бақытбек:Адам-Жер Ана мен табиғаттың перзенті.Жер Ананы сүйе білу,
оны аялау-адамдардың азаматтық борышы. Көктем:Азат:-Мен көктеммін,,мен
шыққан кезде,менің жылылығыма құстар, маған ұшып келеді,менің үс-
тіме,гүлдер,жасыл шөптер шыға бастайды.Ал,адамдар,жемістерін салады,табиғатқа жанашыр болу
керек.
Жаз:Кәусар:-Мен жазбын,маған күннің көзі жадырап түседі,же- містер пісіп,адамдар қамқорлық жасайды.Қысқа,дайындалып,азықтарын меннен алады.
-Күз:Әсел:Мен,күзбін.Адамдар,
меннен,піскен егінін жинап,жеміс
жидектерін алады.Мен суытқан кезде,ағаштардан жапырақтар сарғайып,түседі.Ал,адамдар түскен жапырақтарды жинап,та-
зартады.Олар маған қамқорлық жасайды.
-Жер-Ана:Мінекей,балаларым
ның айтпағы,осы.
Рефлексивті түзету -Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қорытындылайық,
-Оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы қалай аталады?
-Оқу іс-әрекетімізде қандай кеіпкерлер болды?
-Табиғатқа қалай түсінесіңдер? - «Табиғат жанашыры»деп,-аталады
-Буратино,Жер-Ана,мезгілдер
-Ол,бізді қоршаған орта
-Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:Оқу іс-әрекетінде қызығушылықпен қатысты.
Нені білді?Табиғаттың не екенін ,Қоршаған орта жайлы ақпараттарды,толық білді.
Қандай түсініктерді игерді:Табиғат адамнан қамқорлықты,жанашырлықты,тазалықты
күтетінін игерді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Осы тақырыпта ойларын ашық айтуды меңгерді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.