Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тамақ өнеркәсібі -

Тамақ өнеркәсібі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1950 | Размер: | Автор: гость
. Байдаулетова А.М.
В.Комаров атындағы
жалпы орта мектеп
география пән мұғалімі

Тамақ өнеркәсібі

Сабақ мақсаты: Тамақ өнеркәсібінің негізгі салалары мен таралу аймақтарын, орналасу факторын анықтау. Жергілікті жердегі шикізат көздерінің жұмысымен
танысу
Күтілетін нәтиже: Тамақ өнеркәсібі мен таралу аймағы, орналастыру факторы жайында топтау арқылы танып біледі. Жергілікті жердегі базар нарқы бойынша білімін жетілдіреді
Сілтеме: Суретті деректер,слайдтар
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағыттау, «жүзімнің шоқтары», «қызықты сұрақтар», «болжау», «қар кесегі», «сәйкестендіру»
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Ұйымдастыру кезеңі; Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды топқа 1-4 санау арқылы бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу;сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; сабақтың өткізу жоспарын көрсету
Топқа бөлу (2,3,4,бірігу арқылы)
Топ ережесі тақтаға ілінеді.
Сабақ жоспары:
Кім жылдам?
«Қар кесегі» білімдерін шыңдау
Біз не білеміз?
Негізгі бөлім: Тамақ өнеркәсібі, топтық тапсырма
Қорытынды, рефлексия
Кім жылдам./ оқушыларға сұрақтар беріледі, «кім жылдам?»әдісімен жауап беріледі/
1. Еліміздегі экономикалық аудандар саны...
2. Жер көлемі...
3. Техникалық дақылдардың дәнді дақылдардан айырмашылығы неде?
4. Көлемі жөнінен ең кіші экономикалық аудан еліміздің қай жағында орналасқан?
5. Сіз тұрған облысқа қай экономикалық аудан жақын жатыр?
6. Қай су қоймасы бізге жақындау?
7. Суармалы егіншіліктің тәлімді егіншіліктен айырмашылығы неде?
8. Елімізде «ақ алтын» деген не?

«Қар кесегі» әдісі. Оқушыларға тапсырмалар «кесектер» беріледі, топпен ойлана отырып жауап беріледі.
1. Агроөнеркәсіптік кешен ұғымын қалай түсінесіздер, мысалдармен келтіріңіз
2. Ауыл мен қаланың арасында шикізат пен өңдеуші өнеркәсіп байланысына мысал келтіріңдер...
3. Неге ауыл шаруашылығы экономиканың маусымдық саласына жатады. Көктемде, жазда, күзде, қыста қандай жұмыстар жүргізіледі?
4. Ауыл шаруашылығы қандай екі саладан тұрады, неге ел экономикасы ауылдан басталады? Мысалдар келтіріңіз....
Біз не білеміз? Берілген кесте-сызбамен жұмыс. Жалпы сала бойынша өз ойын ортаға салады. Мал шаруашылығы салалары бойынша суретті кестемен жұмыс; онда негізгі салалар бойынша мал түрлері көрсетілген, суретті дерекке қарап өткен тақырып бойынша сипаттама беру керек.
Негізгі бөлім: Тамақ өнеркәсібі. Тақырыптың мазмұны мен мәнін оқушылардың өз бетінше ашуы үшін «жүзім шоқтары» мен «болжау» әдісі бойынша тапсырмалар мен сауалдарға оқушы жауап береді.
Тамақ өнеркәсібі салаларымен байланысты атауларды қатыстырып сұрақтар қойылады. Ортаға негізгі сөз «тамақ өнеркәсібі» жазылып жүзім шоқтары түрінде келесі сөздер жазылады. Мысалы: тамақ өнеркәсібі, ұн тарту...
Болжау бойынша негізгі тамақтың түрлері слайдты материалдан көрсетіледі. Бала нақты болжамға келеді. Ет, сүт т.б өнімдері көрсетіледі де бұл тұжырымнан кейін топтық тапсырма болады.
Топтық тапсырма : контурмен жұмыс
1. Тамақ өнеркәсібі ерекшелігі неде?
Қант алу қалай жүреді?/124-сурет/ неден алады? Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы 125 сурет. 126-суретпен жұмыс

2.Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы. Шикізат, тұтыну.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі
Балық өнеркәсібі

3.Тамақ өнеркәсібі қандай салалардан тұрады?/ұн тарту,май шайқау, қант алу,май айыру,ет, консерв..../ сипаттама беріңдер?
Ет өнімдері

4.Сүт өнеркәсібі салалары
Май айыру өндірісі
Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы 125 сурет
Үшінші болжам.
«Рахат», «Сұлтан», «Баян сұлу», «Фудмастер», « Дамир», «Ақмаржан», «Корона», кәсіпорындары қандай өнімдер өндіреді?/балаға ойлануға уақыт беріледі. Біраз уақыттан кейін жауабы суретті-дерек түрінде көрсетіледі./
Төртінші болжам. Сәйкестендіру. Балаға 1мин көрсетеді.Мақсаты: Есте қалу қабілетін байқау.
Кондитер өнімдері «Рахат»...............Алматы, «Баян сұлу»................Қостанай
Шарап жасау заводы Алматы, ОҚО; Балық өңдеу кәсіпорындары Атырау, Балқаш, Арал; Мақта майы.......Шымкент, Қант эауыты.......Алматы, Тараз; Маргарин майы........Алматы
Бағалау, постер қорғау
Кері байланыс. Оқушының шығармашылық жұмысы

Базар нарқы мен кәсіпкер жұмысының пайдасы мен зиянын зерттеу

Қолданылған материалдар:
1. В.Усиков «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Алматы «Атамұра» 2013
2. Интернет парағы
3. Оқушылардың шығармашылық жұмысы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.