Меню
Назад » » »
Тапқыр достар
загрузка...

загрузка...
Тапқыр достар
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;
3 сынып аралық білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды, білімді оқушыны анықтай білу, жеңімпаз, озат болуға тәрбиелеу.

1 – ші жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ұстаздар!
Мектебімізде «жазғы мектеп» аясында әртүрлі сабақтар өткізілуде. Бүгін сондай іс-шараның «Тапқыр достар» атты сайыс өткізілмекші.
2 – ші жүргізуші: Ал, қанекей, келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе серік болып еріңдер
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп
Бақтарыңды сынап, сайысқа қатысып бір көріңдер - деп білім сайысына құлшынып келген білімді ұстаздарымызды ортаға шақырамыз
1 – ші жүргізуші: Психологиялық ақуал
Армысың ару Күн!
Армысың көк Аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым.
-Біз бір-біріміздің қолдарымыздан ұстағанда не сезіндік? (Жылу)
-Біз жылуды қайдан аламыз? (күннен, бір-бірімізден)
-Ендеше осы жылудан біз сіздерге де сыйға тартпақшымыз. (Қонақтарға күннің суретін беру)
-Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші, ұятқа қалмауға тырысайық, Сабаққа бар ынтамызбен қатысайық.
Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп, жан жағымызға күлкі сыйлайық!
2 – ші жүргізуші: Енді бізге келіп кез – келген бір түсті таңдап және сол түстегі партаға отырайық. Бүгінгі сайысқа қатысушыларды мынадай күн суреті бейнеленген қағаз беру арқылы бағалаймыз. Әр күн суреті бар қағаз 1 ұпай болып саналады.
1 – ші жүргізуші: 1. Сайыс барысында тыныштық сақтау;
2. Топпен жұмыс жасау;
3. Тапсырмаларды орындауда жылдамдық таныту
4. Тапсырманы орындау барысында сұраққа уақытынан бұрын жауап бергілеріңіз келсе ЖАСЫЛ түсті текшені, түсінбеген жағдайда ҚЫЗЫЛ түсті текшені көтеру керек.
2 – ші жүргізуші: Енді байқағанымыздай әр топтың алдында әріп қиындылары жатыр. Сол әріптерден сөз құрастыру арқылы біз тобымыздың атын анықтаймыз. (2 минут)
1 – ші жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз V кезеңнен тұрады:
1-кезең: «Алма теру» ойыны
2-кезең: Мақал – сөздің мәйегі
3- кезең: Кітап алтын қазына
4-кезең: «Көшбасшылар» сайысы
5-кезең: «Маған қымбат жандар»
2 – ші жүргізуші: «Алма теру» ойыны
Мазмұны: Тақтаға үлкен алма ағашының суреті орналастырылады. Оқушыларға математикалық тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады. Ағашта ілінген алмаларды үзіп алып, тиісті себеттерге салады.Себеттің сырты топтың түсімен сәйкес, ал алмаларға өрнектердің мәні жазылған. (5 минут)
1 – ші жүргізуші: 2-кезең: Мақал – сөздің мәйегі
Бұл кезеңде біз мақалдарды бастап оқимыз, сіздер жалғасын табасыздар және сол тапқан мақалды сөйлем мүшелеріне талдайсыздар. (3 минут)
2 – ші жүргізуші: Ендігі кезекте орнымыздан тұрып, бойымызды жазып, сергіту жаттығуларын жасап алайық. (3 минут)
1 – ші жүргізуші: 3- кезең: Кітап алтын қазына
Сайысымыздың бұл кезеңінде әр топ таңдап алған тақырыптарына сәйкес тапсырмаларды орындайды. (3 минут)
2 – ші жүргізуші: 4-кезең: «Көшбасшылар» сайысы
Сайыс ережесі әр топ 3 баған бойынша 10, 20, 30, 40 ұпайдан тұратын сұрақтарға жауап береді. Әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт. Берілген топ сұраққа жауап бере алмаған жағдайда жүргізушінің «қарсыластар» сөзінен кейін текшені бірінші болып көтерген топ сұраққа жауап беру мүмкіндігін алады. (1 минут)
1 – ші жүргізуші: 5-кезең: «Маған қымбат жандар»
Тақтада берілген өлең жолдарын пайдаланып «Маған қымбат жандар» тақырыбына эссе жазып, оны топ басшылары қорғайды.
2 – ші жүргізуші: Құлпырған дала гүліндей,
Жүретін ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жүре берсін сүрінбей, – дей келе бүгінгі сайысқа қатысушыларға мақтау қағазын табыс етеміз.
1 – ші жүргізуші: «Тапқыр достар» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті. «Адам досымен, ағаш тамырымен мықты» деген екен дана халқымыз. Достықтың арнасы кең, тамыры терең. Ендеше, дос бола білейік! Адал дос болайық!
2 – ші жүргізуші: Міне бүгін сіздердің мынадай талапты, білімді екендеріңізді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңызға нұр жаусын!
Жарыстарда озатын,
Бәрінен алда болатын.
Болашаққа бүгіннен,
Құлшына қол созатын,- балаларымыз аман болсын. Осымен «Тапқыр достар» сайысы аяқталды.Келесі кездескенше, сау болыңыздар! Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тапқыр достар можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 306 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar