Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«ТАПҚЫР ИНФОРМАТИКТЕР»  атты  сайыс  сабағы -

«ТАПҚЫР ИНФОРМАТИКТЕР» атты сайыс сабағы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1279 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. «ТАПҚЫР ИНФОРМАТИКТЕР» атты сайыс сабағы

Салқымбек Гүлмира Камалқызы, Молдабекова Тұйғын Ергенқызы
«Информатика» пәнінің оқытушылары
Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

Оқытудың ерекше түрі – сайыс сабақ. Бұл сабақтың мақсаты – студенттердің білім деңгейін көтерумен қатар пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылық болғанда ғана, оқушы сабаққа көңіл қойып үйрене бастайды. Оқушының білім сапасы артады. Төменде екі топтың арасында өткен «Тапқыр информатиктер» атты білім сайысымыздың жоспарын ұсынып отырмыз.

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың логикалық сауаттылығын және компьютерлік іскерлігін дамыту, теориялық
білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерді пайдалана отырып
шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, қиялын ұштап, білімін шыңдауға жетелеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа,
шапшаңдыққа, ойын ашық жеткізуге, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындай білуге, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ конкурсы
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, лозунгілер, интербелсенді тақта, мультимедиялық проектор,
Қабырға газеттері, сөзжұмбақ , слайд, компьютер.
Қанатты сөздер: «Тапқыр информатиктер», «Интернет – ақпараттық магистраль» (Б. Гейте), «Білім асыл
қазыналы сандық, оны алатын кілт – еңбек» (П. Буаст), «Компьютер – ғасыр ғаламаты».
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар мен көрермендер! ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға
Көмек беретін «Тапқыр информатиктер» білім сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Білім сайысы 7- кезеңнен тұрады:
І-кезең. Таныстыру.
ІІ-кезең. Сергіту сәті (8 сұрақ - жауап)
ІІІ-кезең. «Футбол» ойыны
ІV-кезең. Cөзжұмбақ
V-кезең. Ой толғаныс
VI-кезең. Көрермендермен логикалық ойын
VII-кезең. Білім шыңы

Жүргізуші:

Пайдасын елге тигізген
Компьютер емей немене
Бәріңіз маған қараңыз!
Ойынымызды бастайық
«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бұл ойынға
2 топ катысады. Қай топтың бірінші бастайтынын білу үшін жеребе қағазын Әділ –қазылар алқасынан алуларыңызды
өтінеміз. Әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын. I - топ – «АРУЛАР»,
II - топ – «СҰЛТАНДАР» тобы.
Жүргізуші: ІІ кезең. Сергіту сәті (8 сұрақ - жауап)
1. Ең алғашқы бағдарламалаушы кім? (Ада Лавлейс)
2. 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы,ол кiм, сол кезде неше жаста
болды?.
(Француз математигi Блез Паскаль - он тоғыз жасында)
3. Бит деген не? (Ақпараттың өлшем бiрлiктерi. Бит дегеніміз – 0 мен 1 ден тұратын тізбек)
4. Қазiргi дербес компьютерлер қай буынға жатады?( IҮ буынға жатады)
5. Диаграмманың түрлерінің атауын жазыңыз.
6.Диаграмманың типтерінің атауын жазыңыз


Жауабы: (Бағандық, сызықтық, дөңгелек, нүктелік, сақиналық, көпіршіген, жапырақшалық, цилиндрлік, конустық, пирамидалық).
7.Білген сайын келеді, біле бергім”. Екі топқа ортақ беріледі.
1)Қазақстан Республикасының «Дарынды балалар» бірлестігінің ресми сайты(daryn.kz).
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты (edu.gov).
3)Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайты (akorda.kz).
4) Google ақпараттық-іздеу порталының сайты (google.kz).
5) Қазақстан Республикасы «Хабар» телеарнасының ресми сайты (khabar.kz).
6)Қазақстан Республикасының «Ксеll» қалта телефон байланысының ресми сайты(kcell.kz)
7) Ресей Федерациясының тегін электрон пошта қызметі(mail.ru)
8) Ресей Федерациясының Rambler ақпараттық-іздеу порталының сайты(rambler.ru)
9)Студенттер мен оқушыларға арналған дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының Ресей Федерациясына тиісті қор көзі(bankreferatov.ru)
10) Студенттер мен оқушыларға арналған қазақша дайын рефeраттар, курстық жобалар мен дипломдық
жұмыстарының қор көзі(kazref.kz)
Жүргізуші: ІІІ-кезең «Футбол» ойыны. Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен
шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші доп қақпаға енеді. Ойын шарты бойынша интерактивті
тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс. І 2 І



Жүргізуші: IV кезең «Cөзжұмбақ» шешу
Кездестік міне тағы да
Саласында білімнің
Сараптауға асықпай
Компьютердің қызығын дей отырып, «Арулар» тобына берілген «Графика» сөзжұмбағын шешіп көрейік.
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)




«Сұлтандар» тобына берілген «Интернет» сөзжұмбағын шешіп көрелік.
1. Ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі (бит)
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттарды шығаруға арналған құрылғы(принтер)
3.... – қоршаған ортамен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер(ақпарат)
4.Мәтіндік және сызбалық ақпараттардың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы(сканер)
5. Компьютерлік ... дегеніміз - әдетте шағын өлшемді «көбею» және басқа программаларды «зақымдау» қабілеті бар арнайы компьютерлік программа(вирус)
6. Қатты дискінің басқаша аталуы(винчестер)
7. Бір уақыттың өзінде видео, анимация, дауыс, графика және мәтінді қолдануғы мүмкіндік беруші компьютер технологиясы(мультимедия)
8. Есептеуіш техникасы арқылы ақпараттарды жарату, сақтау, қайта өңдеу және ұзату тәсілдерін үйретуші техник пән(информатика).


Жүргізуші: V кезең «Ой толғаныс» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Электрондық кесте тақырыбында көп
нүктенің орнына тиісті терминдерді қойып, толықтырады. Ойлану уақыты – 1 мин. [ Ә-1, 2 41-250 бет]
Кітап – ?
Кітап ..... парақтан тұрады.
Әрбір парақ жеке ...... болып табылады.
Кесте .......... мен ............. тұрады.
Жол нөмірі – электрондық кестедегі ...... анықтайды, ........... белгіленеді, барлығы .......... жол бар.
Бағана әрпі – электрондық кестенің ........... анықтайды, ........ әріптерімен белгіленеді, барлығы ........... бағана бар.
Жауабы:
Кітап – Excel бағдарламасында өңдеу нысаны болып табалады.
Кітап ..3... парақтан тұрады.
Әрбір парақ жеке ..бет.... болып табылады.
Кесте ....жол...... мен .....бағаннан........ тұрады.
Жол нөмірі – электрондық кестедегі .қатарды...... анықтайды, .санмен....... белгіленеді, барлығы .......65536....... жол бар.
Бағана әрпі – электрондық кестенің .латын алфавитін......... анықтайды, ....бас........... әріптерімен белгіленеді, барлығы
.....256.............. бағана бар.
Жүргізуші: VI кезең «Көрермендермен логикалық ойын». Сұрақтарға жауап беріледі.
1. Бұл өмірде ең ұзақ, ең қысқа, ең қымбат, ең арзан не? (Уақыт)
3. Қолды көтермей үйшіктің суретін салайық

Берілген фигурада неше үшбұрыш бар? Дұрыс жауап (12)
1) 4 2) 10 3) 12 4)8

Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Дауыс бер, білімді жас таланттарға- дей отырып, VII кезең «Білім шыңына» сіздерден жеңіске жеткен және өз білгірлерімен көзге түскен топқа дауыс берулеріңізді сұранамыз. Жеңімпаз топ «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушылар «Ынталандыру грамоталарымен» марапатталады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. О. Камардинов «Информатика», Ш., 2000 ж
2. «Информатика негіздері» 2010 № 3
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.