Меню
Назад » » »
Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
загрузка...

загрузка...
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»
К.Ушинский
Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше.
Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:
- оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Мектептегі сабақ беру кезіндегі оқыту жұмысыма өзгерістер енгізу арқылы, өзімнің және оқушыларымның бойынан өзгерістер байқадым. Сабағыма енгізген өгерісімнің бірі – психологиялық ахуалды реттеуге арналған тренингтер. Тренинг – оқушы назарын сабаққа аударып, қызығушылығын арттыруға тиімді тәсіл.
Топтық жұмысты бұрындары сабақтарымда сирек қолданатынмын. Ал қазір, топтық жұмысты кеңінен қолданып келемін. Оқушыларымның «бүгін топқа қалай бөлесіз», «топпен жұмыс жасайықшы» деген сауалдары мен өтініштерінен оларға топтық жұмыс ұнайтынын түсіндім. Топтық жұмыс оқушыларға бірін-бірі оқытуға, үйретуге себебін тигізді, өз жұмысына деген сенімін арттыра түсті.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін әр сабақта пайдаланып келемін. Сабақтарымда тарихи фактілерді білумен қатар, оқушының оған деген көзқарасын сұраймын. Оқушының өз бетінше ойын еркін жеткізуге, талдауға, салыстыруға дағдыландыру – білім сапасын көтеруге итермелейтін амалдың бір түрі.
Сонымен қоса, сабағыма енгізілген ерекшеліктің бір түрі – рефлексия кезеңі. Бұл әдістің тиімділігі – әр оқушы сабақтағы іс-әрекетіне талдау жасап, өзін-өзі реттеуге мүмкіндігі болады.
Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-11 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Мысалы:
1.«Тарихи лото». Карточкалардағы салық түрлерінің кімнен алынғандығын көрсет.
Малшылар Егіншілер Қала халқы
Тағар Зекет Харадж Қалан Соғым Баж Қапшуыр
2. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»
Жүздер Территориясы Ұраны Тайпалары



3. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер» 1.Территориясы______________________________
2. Қоғамдық құрылысы ________________________
3. Ішкі саясаты _______________________________
4. Сыртқы саясаты ____________________________
5. Құлау себебі _______________________________
6. Қорытынды _______________________________
4. «Деректер мен мәліметтер» Оғыз тайпалық құрамы
Деректер Мәліметтер
Қытайлық
Махмұд Қашқари
Әл-Марвази

5. «Венн диаграммасын толтыру»
«Алаш» партиясы Ұқсастығы «Үш жүз» партиясы


6. «Жел және қолжазбалар». Тарихи шығарма туралы жоғалған мағлұматтарды жазу.
«Шыңғыс-наме»
А. Авторы...................................................... .
Ә. .................................... жылы жазылған.
Б. Кітапта ......................................... әулетінің тарихы баяндалады.
В. Бұл ............................................................ суреттелген ғылыми еңбек.

7. «Таңертеңгілік жиын».
1. Оқушылар дөңгелене тұрып сағат тілі бойынша бір-біріне тілек айтады.Бірін- бірі қайталамауы керек.
2. Оқушылар дәл осы ретпен өткен сабақтан қайталау сабағы ретінде бір-бірден ереже немесе сұрақты өзі қойып өзі жауап береді.Мысалы: 1-оқушы «Абылай хан 1711жылы дүниеге келді». 2-оқушы «Төле бидің қойған аты Сабалақ». 3-оқушы «Абылай хан 1771жылы хан тағына отырды» т\б.

8. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Қабанбай Бөгенбай
9. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
10. «Тарихи оқиғаларды теңестіру»
.......................... + IV =Ортталық Азия.
Қидан + Жетісу = ............................... .
1143 + тақ = ................................... .
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе? Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 346 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar