Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тарих сабағында интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары -

Тарих сабағында интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2630 | Размер: | Автор: гость
. Аззамкулов Комилжан Эргашович
Сайрам ауданы, N25 Д.Қонаев атындағы колледжінің тарих пәні оқытушысы
Тарих сабағында интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары

ХХІ ғасыр - ақпараттық сайыс инновациялық технологиялар және экономикалық өзгерістермен ерекшеленеді. Кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой - өрісі жоғары халықаралық деңгейге сәйкес бәсекеге қабілетті білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттің ең маңызды стратегиясы.
Қазіргі кезде оқыту процесінде білім алуға, әлеуметтік және интеллектуальдық дағдылар мен бағыттарды дамытуға мүмкіндік беретін жаңа ұтымды әдістемелер жасау қажеттігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп атап көрсетті. Осыған орай, білім берудің сапасын арттыру мақсатында оқытудың заманауи технологияларын сабақта тиімді пайдалану арқылы білім сапасын жоғары деңгейге жеткізу мәселесі қарастырылады. Білім сапасын жақсартудың бірден-бір жолы оқыту процесінде оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын пайдалану.
Интерактив» сөзiн ағылшын тiлiнен аударғанда «inter» – аралық, бiрнеше, «action» – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Демек, интербелсенді оқыту әдістері тұлғааралық қарым–қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, арықарай дамытады.
Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқыту үдерісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интербелсенді оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.
Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері:
Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы –сабақтағы атқаратын жұмыс түрлерінің сан алуандығы десек,педагог-ғалым К.Д.Ушинский бала қажымай–талмай жұмыс істеу үшін оның қызығушылығын жоймай, шаршатпай, бір сарынды емес, бір жақты емес, әр түрлі іс-әрекет қажет екендігін айтқан. Егер сабақтарда жұмыстың алуан түрлігі қамтамасыз етілсе балалар сапалы білім игеруде жетістікке жетеді.
Интербелсенді әдістерді әртүрлі тұрғыдан түрлендіреді: мазмұндық, қолдану, технологиялық сипаттары т.б. Интербелсенді әдістерді түрге бөлуде М.Новиктің жіктеуін алып отырмыз.
Тектері Түрлері
Имитациялық емес Проблемалық лекциялар
Проблемалық семинарлар
Тақырыптық топтық пікірталастар
Ой қозғау
Дөңгелек үстел
Педагогикалық ойын жаттығулары
Стажировка
Имитациялық
а) ойын түрінде емес Нақты ситуацияларды талдау (кейс стади)
Имитациялық жаттығулар
Тренингтер
ә) ойын түрінде Рөлдік ойындар
Іскерлік ойындар:
Оқу ойындары
Өндірістік ойындар
Зерттеу ойындары

Интерактивті оқуды ұйымдастырудың ережелері
«Интербелсенді оқуды неден бастау керек?» деген сұраққа жауап бергенде, ең алдымен төмендегідей ережелерді ұстануы қажет. Олар:
1. Сынып бөлмесін жұмысқа дайындау. Тиімді жұмыс жасау үшін сынып бөлмесінде компьютер, интербелсенді тақта, флипчарттар, маркерлер, А-4 форматындағы қағаздар болғаны дұрыс. Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы оқушылардың бәрі де бір мезгілде мұғалімді көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
2. Топқа бөлу. Әр сабақта оқушыларды шағын топқа бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Топқа бөлу әдетте кездейсоқ жасалады. Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты етіп өткізген жөн.
3. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша мұғалім өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, оқушылардан қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.
4. Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды әрі қарай қатаң ұстану оқушыларды тәртіпке шақырып, тиімді, әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ережелер сан алуан болуы мүмкін, жұмыс уақыты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың барлығы бірлескен жұмыста сыйласымды қарым-қатынасқа бағытталғаны жөн.
5. Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздері ыңғайсыз, әрі дискомфортты сезінуі мүмкін.
6. Барлық оқушылардың жұмысқа белсене қатысуы. Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене араласқаны абзал.
7. Тыңдай білу. Топтық бірлескен жұмыстан соң әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігі беріледі. Ол үшін топ атынан бір үйренуші берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
8. Жазбаша жұмыстар. Үйренуді басты мақсаты –– тұлғаның ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларының өркендеуі. Ал жазу –– ойлаудың шырқау биігі. Жазуда оқушы өзінің ішкі жан–дүниесін ашып, оны асқақтата түседі.
9. Кері байланыс. Кері байланыс дегеніміз сабақтың әдіс-тәсілдері, олардың тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылардың ой-пікірлерін білдіруі.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру. Баланы тарих сабақтарында 5-сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, өзіндік шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі десек бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс - әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Әрбір жаңашыл, әрі балаға жанашыр ұстаз сапалы білім беру мен саналы тәрбие берудің ең тиімді жолдарын іздестіреді.
Қазіргі уақытта жаңа технология әдістерін негізгі ала отырып, әр түрлі дидактикалық, қимыл-қозғалыс, фантазиясын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытатын ойын түрлерін, сондай-ақ интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыруды мақсат етемін.
Әрбір интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін пайдаланғанда тарих сабақтарынан белгілі бір тақырыптар қамтылады. Мысалы, «Қазақ Хандығының құрылуы»тақырыбы бойынша «Екі жақты күнделік», «Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», т.с.с. әдіс-тәсілтүрлері пайдаланылады.
Тарих сабақтарының халқымыздың өткені, бүгіні, келешегі туралы оқушыда жүйелі білім беруде тәрбие–танымдық мүмкіншіліктері мол десек, Қазақстан тарихын оқып үйрену барысында оқушылардың өздік жұмысын мынадай түпнұсқалармен:
а) Оқулық;
ә) Тарихи көздер мен материалдар: деректер, құжаттар, фотоқұжаттар, статистика, көркем әдебиет және басқалар;
б) Анықтамалық, қоғамдық – саяси, ғылыми –көпшілік әдебиеттер;
в) Күнделік бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз материалдары;
г) Иллюстрация, нобай, диаграмма, кесте, аппликация;
д) Жұмыс дәптерлері;
ж) Компьютермен, электронды оқулықпен және басқалармен ұштастыруға болады.
Тарихты оқып–үйренуде мұғалім басшылығымен оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді. Оқулық мәтінін түсінуге, оны оқуға, оқығанын есінде сақтап қайта әңгімелеп беруге, түрлі құжаттардың жай және күрделі жоспарын жасауға, тезис, конспект, реферат жазуға үйренеді, оқыған материалды саналы әрі берік меңгеруге тырысады.
Мысалы:Сабақта «Қазақ Хандығының құрылуы» тақырыбын өткенде «ой шақыру» әдісін тиімді қолданамын. Оқушылардың «Хандық, хан, мемлекет» сөздерінің мағынасын қалай түсінетіндіктері бойынша өз ойларын ортаға салуға ұсынылады. Оқушылардың өз ойларын ортаға салу арқылы тақырып меңгертіледі. Немесе “Даталар сөйлейді” әдісі бойынша қазақ Хандығының құрылуы туралы жазылған тарихи деректерді талдау жұмысы жасалады.
1. 1445, 1456, 1465, т.б.

Хан сөзіне «Топтастыру» стратегиясы бойынша ортақ жауап шығарылып, талдау жасалады.

“Венн диаграммасы” арқылы оқушылар хандар арасындағы байланыстарды айқындай білуге дағдыланады.
Сабақ соңында оқушылардан өзара кері байланыс арқылы қорытынды жасаймын:
Кері әсері парағы :
Білемін Білгім келеді Сұрағым


XXІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріске ұшырап жатыр, өйткені оқытушының міндеті білімді көбейту емес, білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету екендігі баршамызға белгілі. Тарих сабақтарын өткенде интербелсенді тәсілдерді қолдану арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
- берілген ақпаратты қарастыра отырып, ондағы көрсетілмеген жақтарын анықтай алады;
- үйренген білімді дереу қолдана біледі;
- шығармашылық қабілеттері шыңдалып, өмірмен байланысы күшейді;
- нақты ақпаратты жүйелей алады;
- ынта қызығушылықтары, танымдық іс-әрекеттері, ойлау белсенділіктері, тапқырлықтары артады;
- оқушының дербестігі, өз-өзіне сенімі, өзін ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдылары , құзіреттіліктері қалыптасты;
- алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады;
- шығармашылық қабілеттері артады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.