Меню
Назад » » »
Тарих сыр шертеді
загрузка...

загрузка...
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы, Теңдік ауылы
«Теңдік орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі
Жапенова Гульмира Жикеновна

Тарих сыр шертеді
(танымдық және тәрбиелік мәні бар сайыс)

Сабақтың мақсаты: Отанын, халқын сүюге тәрбиелеу. Отан қорғау – басты патриоттық міндет екенін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, өз бетінше зерттеу өзара бәсекеге түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, тарихи тұлғалардың портреттері. Психологиялық ахуал: «Ізгі тілек» оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.
3 топқа бөлінеді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өтккен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп өткен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанда!
(М.Мақатаевтың «Қазақ жері» туралы өлеңінен үзінді айтылады).
Оқушылар! «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай «Тарих сыр шертеді» атты танымдық және тәрбиелік мәні бар сайысымызды бастайық. Сайыс төрт кезеңнен тұрады.
І. «Мені түсін»
ІІ. «Бізден сұрақ, сізден жауап»
ІІІ. «Портреттер сөйлейді»
IV. «Рөлдік ойындар»
Тәуелсіздік оңайлық пен өз-өзінен келген жоқ,
Тарту етіп ешкім сыйға бізге оны берген жоқ.
Қазақ-қазақ болғалы ата-бабам күрескен,
Бір жапырақ жер үшін жан аямай тірескен.
І. «Мені түсін» Берілген сөздердің мағынасын ашу.
1-топ: Хан дегеніміз кім?
2-топ: Би дегеніміз кім?
3-топ: Батыр деп кімді айтқан? Осы сөздерді қалай түсінесіңдер? Қазақ хандарын, билерін, батырларың ата. Қазіргі кезде бұл сөздерді қолдана ма?
1-оқушы: Жаудан қашық жүріңдер дүрлікпе тек,
Жаудан қашып қор болып үрікпе тек.
Біріктірді қазақты Төле би,
Бақыт, жеңіс, азат күн бірлікте деп.

2-оқушы: Абылайлап сабалақ қол бастады,
Абылай хан аталып ел бастады.
Ерлігінен ханжардың басталады,
Егемендік елдіктің сел бастауы.

3-оқушы: Есте егес Бөгенбай даңа батыр,
Өткен емес кек алмай дарабатыр.
Айдары боп елдіктің ердің ісі,
Айғағы боп ерліктің дала жатыр.

4-оқушы: Ер елінің Қабанбай тірегі боп,
Өренінің мақтаныш жігері боп.
Ерлік сапта жүр мәңгі өзі бастап,
Әр ұрпаққа күш берер жүрек оты.

ІІ. «Бізден сұрақ, сізден жауап» екі топ бір-біріне сұрақ-жауап әдісі арқылы Қазақ хандығы туралы тарихи мәліметтерді еске түсіру.
1. «Қазақ» атауының шығуы.
2. Қазақтың тұңғыш ханы кім?
3. «Жеті жарғыны» жасаған кімдер?
4. Қазақ хандығының астанасы қай қала?
5. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қашан болды?
6. Қай хан тұсында Қазақстанның Ресейге қосылуы басталды?
7. Абылайды мадақтаған жырау.
8. Абылай хан билік құрған жылдар.
9. Абылай хан қандай тарихи оқиғаларға қатысты?
ІІІ. «Портреттер сөйлейді»
Көз алартқан талай жау содан бері,
Бермеуге бір қарыс жер қолдан келді.
Монғолы, Қытай, Жоңғар, Қалмағы бар,
Қазақтың шоқпарының салмағы бар.

Хандар бар батыр болған, қол басқарған,
Үлгі боп көп батырға жол бастаған.
Жәңгір хан, Әбілқайыр, Абылай хан,
Бұлардың алдын орап жан баспаған.
Жәңгір хан, Әбілқайыр, Абылай хандар туралы әр топ ақпарат беру, олардың ерлік қадамдарын айту.
IV. «Рөлдік ойындар».
Жол бастау қиын емес,
Соңына ерер елің болса.
Қол бастау қиын емес,
Ту ұстайтын ерің болса.
Бәрінен де сөз бастау қиын
Тауып айтсан береке қылады,
Тауып алмасаң келеке қылады.

1-топ: Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған. Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.
Сонда. Төле бала:
- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
2-топ: Әй¬те¬ке Бай¬бекұлы (1666-1722) - қазақ халқының бірлігін нығай-туға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мем¬ле¬кет қай¬рат¬кері. Әлім тай¬па¬сының төртқара ру¬ынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажы¬ның бесінші ұрпағы. Бүкіл пар¬сы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты « Си-несоф буа» (жа¬ны пәк жан) атаған Сейітқұл әули¬енің үшінші ұрпағы. Әбілқайырға ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсын¬да Са¬марқан¬ды би¬леген Жаңатөс ба¬тыр¬дың жақын ту¬ысы. Әй¬те¬ке бес жа¬сын¬да мол¬да¬дан оқып са¬уатын ашқан.
1. Бай болсаң, халқыңы пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!....
1. Шешендіктен не пайда,
Артында сөз қалмаса.
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қалмаса.
2. Шеге тағаны сақтайды,
Таға тұлпарды сақтайды.
Тұлпар ерді сақтайды,
Ер елді сақтайды.
3-топ: Қазбек би (1665-1765) Қаз дауысты Қазбек – аса айтулы айбынды, шешен, бидің бірі. Оның өмірі негізінен қазақ-қалмақ шапқыншылығтары өршіп тұрған жаугершілік заманда өтті. Қазбек есімі ел аузындағы әңгімелерде, тарихи деректерде, көбінесе Абылай ханмен, Бұхар жыраумен қатар аталады. Халық оны «Қазып айтқан Қазыбек» - деп қастерлеген.

Кім жақын?
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – інің жақын,
Инабатты болса – келінің жақын,
Сыйлас болса көршің жақын.

Не қымбат?
Алтын ұяң – әйелің қымбат,
Құт-береке – атаң қымбат,
Аймалайтын – анаң қымбат,
Мейрімді – апаң қымбат.

Не қиын?
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса – дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.
Рефлексия: «Туған жерге тілеймін...»
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар биік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
Қорытынды:Оқушыларды мадақтау Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Тарих сыр шертеді можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 370 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar