Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Теңдеулер жүйесін  қолданып есептерді шығару. -

Теңдеулер жүйесін қолданып есептерді шығару.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 5039 | Размер: | Автор: Публикатор
. Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептерді шығару.
МАҚСАТ:
Білімділік: Алгоритмді қолданып теңдеулер жүйесін шешуге дағдыландыру.
Теңдеулер жүйесін құрастырып, есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін
қалыптастыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және танымдық ойлау, өзін-өзі
бағалау, ақпараттық- коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту .
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Оқыту әдістері: практикалық
Көрнекілігі: оқулық , интерактив тақтамен жұмыс, үлестірме қағаздар.
Күтілетін нәтижелер :
-Нақты білік пен дағды қалыптасады:
-өзіндік әрекет жасайды;
- игерген білімді пайдалана біледі;
-мәтінді есептерге алгоритмді қолданып, теңдеулер жүйесін құра біледі;
-проблемаларды шеше біледі.

Сабақтың өту барысы: І . Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б)оқушыларды түгелдеу
в) сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: а) Мәтінді есептерді шығарған кезде қолданылатын алгоритмді еске түсүру.
1. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
1) Қандай теңдеулерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айтамыз?
2) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз?
3)Қандай теңдеулер мәндес теңдеу бола алады?
4) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қандай тәсілдермен шығаруға болады?

Сұрақтың жауаптары:
1) ах+ву =с түрінде берілген теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп айталады, мұндағы х, у- айнымалылар; а,в,с – нақты сандар және а мен в бір мезгілде нөлге тең емес.
2) ах+ву =с теңдеуді қанағаттандыратын кез келген сандар жұбы екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі деп аталады.
3) Егер екі теңдеудің бір ғана шешімі болса немесе екеуінің де шешімі жоқ болса , онда олар мәндес теңдеулер деп аталады.
4) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу, алмастыру, графиктік тәсілдермен, сонымен қатар жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығаруға болады.

б) Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.(Өзін өзі бағалау)
ІІІ Дамыту кезеңі.
1) Кім жылдам? (“Бинго” лото ойыны)
а) алгоритмді қолдана отырып , мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін құру арқылы , деңгейлік тапсырмаларды орындау; А деңгей (20 ұпай)
б) оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Барлық оқушы орындауға міндетті;
в)уақытынан бұрын шығарған оқушы тапсырмасын тексертеді;
г) ең төменгі деңгейдегі оқушының да кем дегенде, осы деңгейге жетуін қамтамасыз етеді; (20 ұпаймен есептеледі)

Білімді қолдану ( ойын шарты)

Тапсырмалар: 1) 13 санының тапсырмасы.
Ауданы 72 см ² , ал периметрі 36 см болатын
тіктөртбұрыштың қабырғаларының
ұзындықтарын табыңдар.


Жауабы: 6см, 12 см

2) 1 санының тапсырмасы :
Гипотенузасы 13 см болатын тікбұрышты үшбұрыштың
бір катеті екінші катетінен 7 см артық. Тікбұрышты
үшбұрыш катеттерінің ұзындықтарын табыңдар.


Жауабы:5 см ,12 см

3) 8 санының тапсырмасы :
Екі санның арифметикалық ортасы 7-ге , ал квадраттарының
айырмасының мәні 14 ке тең. Осы екі санның квадраттарының
қосындысының мәнін табыңдар.

Жауабы: 98,5

4)
5) 11 санының тапсырмасы :
Екі оң санның көбейтіндісінің мәні 96-ға тең.
Біреуі екіншісінен 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар.

Жауабы : 8 және 12

6) 4 санының тапсырмасы :
Қосындысының мәні 20-ға ,ал көбейтіндісінің мәні
75-ке тең екі санды табыңдар.

Жауабы: 5 және 15
2) Сергіту сәті. (“Санамақ” - оқушылар 1- ден 30-ға дейінгі сандарды ретімен шапшаң санау керек )

3) Топтық жұмыс В деңгейі (40-ұпай)
Оқушылар топпен төмендегі тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Жауаппен салыстырып, өзін бағалайды.
Жауаптарын тақтада көрсетіп әркімнің өзін бағалауына жағдай жасайды. Оқушылардың ұпайларын жалпы ведомостьке енгізеді.
Тапсырмалары: 1) Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 4 есе артық және ауданы шамасы бойынша периметрге тең болса, онда тіктөртбұрыштың
ауданын табыңдар.

Жауабы: 25 кв. бірл.
7) Мәдениет үйінің көрермендер залында 160 орын бар. Әрбір қатардағы орын саны бірге, ал қатар саны екіге арттырылды. Егер орындар саны
38-ге артса, онда арттырғанға дейін көрермендер залында неше қатар болған?

Жауабы: 16 н/се 20


Алғашқы білімдерін жетілдіріп, қорытынды жасау .
Кім тапқыр? Топбасшымен жұмыс. (С-деңгейі 50ұпай)
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту күрделі тапсырма орындайды.
Екі топтың топбасшылары орнында отырып тапсырманы орындайды.Тапсырманы болған соң тексертеді.
Тапсырма:
Екі кран бірге жұмыс атқарған кезде баржадағы жүкті 6 сағатта түсіреді. Егер бір кран баржадағы жүкті екіншісінен 5 сағат жылдам түсіретін болса, онда әрбір кран баржадағы жүкті неше сағатта түсірер еді?

Топбасшылар болғанша сыныптың қалған оқушылары практикалық тапсырма орындайды. «Ой қозғау»
Балалар өзіміз оқып отырған бөлменің ауданын шамамен 20 см , ал периметрін 18 деп алып, оның қабырғасы мен ұзындығының мәнін табайық .



ІҮ Үйге тапсырма:
В деңгейінен №70 (а,ә) С деңгейінен №77 (а)
Ү Қорытынды
1) Жалпы ұпай шығарылады.
Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні Қайталау сұрақтары 1-деңгей 2-деңгей 3-деңгей Практикалық тапсырма Бағалау
Балл 10 20 40 50 20 Қорытынды





Әр оқу өзінің жинаған ұпайы бойынша бағаланады.
10-30 ұпай- “3”
40-70 ұпай –”4”
80-100 жоғары –”5”
2) Сабақ туралы әңгімелесу
3) Рефлекция (смайликтерге оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойлары жазылған
қағаздарды жапсыру)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.