Меню
Назад » » »
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын А.Құнанбаев.
загрузка...

загрузка...
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТКЕ ДАЙЫНДАУДА
ҚОЛДАНАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы
ТУРСЫНБАЕВА Гульшат,
№7 жалпы білім беретін орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын А.Құнанбаев.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең.
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмей, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі бос.
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.
Осы заманғы білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелері, оқушылардың білім сапасын арттыру, оқушыларды ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары туралы мәселелерді қандай жолмен шешуге болады?
Республикамызда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдау ЖОО–да өтетін кешенді тестілеу арқылы жүзеге асырыла бастады. Ал 2004 жылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдау үшін Ұлттық біріңғай тестілеу жүйесі енгізілді. ҰБТ нәтижесі қорытынды аттестацияның бағасы ретінде және сынақтан өтушілердің жоғарғы оқу орнына түсу бағасы ретінде қолдануда. Сынақ тапсырушы бес пән бойынша тестілеуден өтеді. Оның бір пәні тестілеушінің таңдаған мамандығына сәйкес таңдау пәні, сол таңдау пәндерінің бірі – география болып табылады. ҰБТ енгізілген алғашқы жылдары географияны таңдаушылар саны басқа пәндерді таңдағандар санынан анағұрлым артық болды. Ал соңғы жылдары техникалық мамандықтарға деген сұраныстың артуына байланысты географияны таңдаушылар саны біршама азайғаны белгілі. Бірақ бұл уақытша құбылыс болса керек. Алдағы уақытта ҰБТ-ны біршама блокқа бөліп өткізу енгізілген жағдайда географияны таңдаушылар саны қайта артпақ.
ҰБТ-ның тиімді жақтары:
• Білім әділ бағаланады.
• Оушы бір рет тест тапсыру арқылы мектептегі дәстүрлі емтихандардан босатылады.
• Білім әділ бағаланғандықтан, оқушының болашаққа деген сенімі артады;
• Бір рет тест тапсыру арқылы оқушы мектеп бітіру туралы аттестат алуы және ЖОО түсу үшін конкурсқа қатыса алуы мүмкін.
Оқушыларды тестке дайындауда кездесетін қиындықтар:
• әлеуметтік;
• әдістемелік құралдардың аздығы;
• психологиялық кедергі;
(мұғалім мен оқушылардың психологиялық тұрғыдан тестке дайын болмауы)
• техникалық базаның өз деңгейінде болмауы;
• пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігінің өз деңгейінде болмауы;
• оқушыларға оқу жүктемесінің көптігі;
• мұғалімдерге қоғамдық жұмыстардың көп жүктелуі.
Оқушыларды география пәнінен тестке дайындаудың негізгі бағыттары:
Оқушыларды әдістемелік құралдар, қосымша оқулықтар, электронды оқулықтармен қамтамасыз ету;
Кітапханада оқушылардың тестке дайындалуы үшін ҰБТ бұрышын ұйымдастыру;
Оқушыларды қосымша әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
«География» (Шың), «Анықтама», «География» ЖОО түсушілерге арналған әдістемелік құрал, «География» 4000 сұрақ-жауап сияқты қосымша оқулықтармен қамтамасыз ету;
Электронды оқулықтармен қамтамасыз ету;

Пән мұғалімдері және сынып жетекшілерімен жұмыс.

Ата-аналармен жұмыс.
Ата-аналар жиналысын өткізу;
Жеке сұхбаттар ұйымдастыру;
Үздік оқушылардың ата-аналарын марапаттау;
Ата-аналарды тест нәтижелерімен таныстыру.

3-11 сынып оқушыларын тестке дайындау.
Оқушыларды ҰБТ–ға дайындау жұмыстары бастауыш сатыдан (3-сыныптан) жоғары сатыға дейін (11-сыныпқа) жүргізіледі.

Оқушыларды тестке дайындауда мына құжаттар болуы тиіс:
Оқушыларды тестке дайындау іс-шарасы;
Оқушылар тізімі;
Қосымша сабақтар тізімі;
Қосымша сабақтардың жылдық жоспары;
Қосымша сабақтардың күнделікті жоспары;
Оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуын тексеру парағы;
Тест материалдары;
Талдау жұмыстары;
Тест нәтижелерін түсіру парағы;
Оқушылардың жұмысы.

ҰБТ-ға дайындауда оқушылардың арасында тестік бақылау алып қана қоймау керек. Тест алғаннан кейін оқушыларға тестік талдау жасатқан жөн.
Талдау – нәтижеге жетуді айқындайды. Талдау сабақтары оқушылардың жұмыстарындағы жіберген қателерін талқылау үшін қажет. Түрлі талдау жұмыстарын жүргізу барысында түрліше уақытта, әр түрлі жұмыс тәртібін және түрлі әдістер мен тәсілдер жүйесін пайдалануды керек етеді. Оқыту әдісі мен талдау әдісі бір–бірімен байланысты болуы керек. Оқыту барысында мұғалім үнемі талдау әдісіне үйретіп отыруға міндетті. Олардың өздігінен білім алуы осыған байланысты. Тесті талдау оқушылардың білімін дамытудың негізгі тәсілі болып есептеледі. Оқу мен талдауды ұйымдастыру кезінде мұғалім сабаққа тек ғылыми тұрғыдан ғана қарап қоймай, оған ойлау тұрғысынан да қарауды ұмытпаған жағдайда ған табысқа қол жеткізеді.
Табысқа қол жеткізу үшін мұғалім оқушымен тығыз байланыста болуы қажет.
ҰБТ-ны енгізгеннен кейін географияны оқып үйрену және мұғалімдер үшін оқыту көптеген қиыншылықтар туғызғаны анық. Әрине бірнеше оқу құралдары, мектеп оқулықтары, тесттер жинақтары бар, бірақ олар мектеп бітіруші түлектердің барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алмағаны анық.
Мен де өзіміздің мектеп ашылғалы бері жоғары сынып оқушыларын тестке дайындаймын. Оқушыларды тестке даярлауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен бөліскім келеді.
Теорияны толық меңгертіп болғаннан кейін мен қайталау жұмыстарына және оларды түрлендіріп өткізуге жоғары мән беремін. Тест сұрақтары, негізінен, оқулық материалдарынан келеді. Соған орай дайындық жұмыстарын 6-11 сынып оқулықтары арқылы жүргіземін. Сондай-ақ оқушы білімін жетілдіруге оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар, хрестоматия, жұмыс дәптерлері, атлас, кескін карталарды тиімді пайдаланамын. Биылғы оқу жылында 6-сыныпта Қ.Д.Карпеков, Ш.Айтақынова және Ә.Бірмағамбетова, К.Мамыровалардың жаңадан өңделген «Физикалық география» оқулығымен оқып жатырмыз.
Тестке дайындық барысында оқушыларға дәптер арнатамын. Дәптерге сынып бойынша тақырыптарды қайталау жұмыстарын, жаңадан кездесетін сұрақтардың жауаптарын жазып отырады. Мысалы: бұрынғы оқулықтарда Қазақстандағы алғашқы мұнай кеніші 1911 жылы Доссорда өндіріледі десек, қазіргі жаңа буын оқулығында 1899 жылы Ембідегі Қарашүңгілде өндірілген деп жазылып жүр.

Тақырыптарды қайталауда қолданатын жұмыстарымның түрлері:
1.Есімдермен жұмыс.
Х.Колумб Ф.Магеллан Ш.Уәлиханов М.Бехаим
Есімдермен жұмыс ауызша да, жазбаша да болады. Мысалы, бір есімге әр оқушы бір анықтамадан айтады, әрине география оқулығында кездескен анықтамаларды айтып шығуы тиіс.

2. Сандармен жұмыс
6378 шқ. 40000 шқ. 6357 шқ. 21 39960 шқ
Сандармен жұмысты дәптерге жазбаша орындатамын, әр санға оқушылар тақырыптар бойынша өткен сабақтарға байланысты анықтамаларды түгел жазулары керек және жатқа айтуы керек. Мысалы: 3000 санының өзіне бірнеше анықтама шығады, 3000 минерал, 3000оС ішкі ядроның температурасы т.б.

Болжау картасы (оқушылар берілген суреттерден қандай өзендер екенін тауып, картаға орналастырады). 1000 - ҚР-дағы 7 ірі өзен

3. Пайыздық көрсеткіштермен жұмыс.
97% 21% 78% 95%
Бұл көрсеткіштерге де география пәнінен кездесетін анықтамалар бойынша сипаттама беріледі.

4. Жылдармен жұмыс.
Бұл жұмысты жылдарды қайталау және есте сақтауда қиындық туғызбау үшін әрбір сынып бойынша топтап беремін.
Мысалы 6-7 сыныптың география оқулығы бойынша жылдармен жұмыс.
1492 1519 1845 1835 1865

5. Термин сөздермен жұмыс.
Абсолют Салыстырмалы Невилир Горизонтальдар
Кейбір сөздер әртүрлі тақырыптарда қайталанып келеді. Мысалы. Абсолют сөзі – абсолюттік биіктік, абсолют ылғалдылық, салыстырмалы сөзі – салыстырмалы биіктік, салыстырмалы ылғалдылық.

6. Қысқарған сөздермен жұмыс.
БҰҰ АТЭХА ФАО ХЕҰ

Тест сұрақтарында қысқарған сөздер көп жағдайда халықаралық ұйымдарға байланысты келеді. Оқушылардың халықаралық ұйымдар туралы білімдерін тексеру мақсатында қолданамын.

7. Географиялық есептермен жұмыс.

Географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.
1. Берілгені: карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020 шқ) арақашықтық 8,5 см құрайды. Картаның масштабын анықтаңыз?
Табу керек: 1020 шқ : 8,5 см = 120 (шқ 00000)
Жауабы: картаның масштабы: 1: 120 00000
Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің ең басты міндеті. Сол себепті кабинетке 5-6 сыныптан бастап 11- сыныпқа дейін тараулар бойынша тақырыптық тест жұмыстарын жинақтап қойдым. Оқушылармен ҰБТ- ке дайындықты, негізінен, тест сұрақтарын талдай отырып жүргіземін.
8. Тест сұрақтарын талдау барысында картамен жұмыс жасаудың да маңызы зор. Себебі, оқушы шартты белгілер арқылы картаны оқу, салыстыру, карта арқылы ақпарат алу дағдыларын меңгереді.
9. Кестемен жұмыс
Өзендер Бастауы Қайда құяды? Салалары Қоректенуі
Ертіс Қытай Зайсан көліне, Обь өзеніне Есіл. Тобыл, Бұқтырма Қар, мұздық, жауын-шашын
Тақырыптарды қайталау кезіндегі қолданып жүрген жұмыстарым оқушыларға үлкен қызығушылық туғызумен қатар тестке дайындық барысында сапалы білім меңгеруге үлкен ықпалын тизіп жүр.
Қазіргі кезде тест кітапшалары көптеп шығарылуда. Біздер көбіне оқушы 11- сыныпқа келгенде ғана сол тесттерді жаттап, есептерін шығартып «науқанға» айналдырып жібереміз. Әрбір мұғалім тест сұрақтарын әр сыныпта оқушылармен бірге, әр тақырыпты бекіткенде 10-15 сұрақтан тест құрастырып, пайдаланса өте тиімді. Бұл жұмыс оқушы 11-сыныпты бітіргенше жүйелі жүргізілуі керек. Әр тараудан соң тест алынып, нәтиже шығарылса, бүгін жаттап ертең оны ұмытып қалғаннан құтылар едік. Мұғалім тек оқулықпен қана шектелмей, оқушыларына қосымша материалдарды да пайдалануды үйрету керек.
Тест әдісін тек бір түрлі емес бірнеше түрмен жүргізуді басшылыққа алу керек.
Мысалы:
Дұрыс жауапты таңдау тесті; Альтернативтік (балама) тесті; Толықтыру тесті; Ашық тест.
Сонда оқушы қандай сұрақ келсе де, оған жауап беруге дайын болады. Сонымен, қазіргі таңда оқушылардың білім сапасы сараланатын ҰБТ-дің нәтижесіне жету жолдарын бастауыш сыныптан бастап ҰБТ-ке дайындау керек.
Мектептегі оқу бағдарламасын тесттегі сұрақтар мазмұнын қалыпты сабақта тестке дайындау жұмыстарын өзара үйлестіру;
5-11 сыныптар арасында айлық бақылау тест, тоқсандық бақылау тестілерін жүргізу
Тесттің қорытындысы үнемі шығарылып, жетістікке жету жолдарын қарастыру;
Тесттің қорытындысы сарапталып, педкеңесте, директор жанындағы отырыста қаралып, нәтижесін шығарып отыру;
Сондықтан тест технологиясын қолдану барысында қол жеткізген табыстарымыз бен жетістіктерімізді жетілдірудің жеңіл жолдарын қарастырмай, кемістіктерін жоюға басты назар аударуымыз керек. Бірақ тесттегі кемшіліктерді желеу етіп, оқушы тақырыпты түсінбей, мән-мағынасын ашпай, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен ғана жүрмей, бүкіл 11жылғы алған білімін-біліктерін қолдануы тиіс. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын А.Құнанбаев. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 375 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar