Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Текті білу тегін емес -

Текті білу тегін емес

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1165 | Размер: | Автор: гость
. Текті білу тегін емес
Қазақстан тарихы 5-сынып
Хадиметов Арзимат Хайитматович
Шымкент қаласы, №14 жом, тарих пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру. Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көнекті құралдар: ұнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
- Балалар, бүгін бізге бір топ ағалар қонаққа келіп отыр. Сабағымызды келген қонақтармен амандасудан бастаймыз.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен амандасады.
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер ана!
Армысыздар аяулы ұстаздар,
Армысыз, ардақты ата!
Ағалар балалармен амандасады.
- Ал, балалар амансындар ма ? Менің де сендер сияқты кішкентай немерелерім бар.Сендердің де мен сияқты аталарың бар шығар? «Көптің атын білгенше, бірдің атын біл» деген қазақта.Аттарың кім болады, қай тектің балаларысыңдар? Сендермен жақын таныспақшымын.
4-5 оқушы өздерін таныстырады.
Мұғалім : Осы тақырып төңірегінде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :
Текті білу тегін емес
Оқулықпен жұмыс
Тізбектете оқыту
Сұрақ: Жеті атаға кімдер жатады?
Жауабын бәйтерекке орналастыру.
Сұрақ: Жеті атаны білу не үшін керек
- Алдымен оқушылардың ойын тындап көрейік.
- Дұрыс айтасыңдар, яғни «Туысы бірдің, уысы бір» деген сөз бар атадан жақын туыстар Ұйымшыл, бір-біріне бауырмал болады.
- Ал. Енді осы сұрақ төңірегінде атамыздың дана сөзін тындап көрейік.
- Атаның сөзі
- Дәптермен жұмыс
Дәптердегі дәйексөзді оқыту
Сонымен бірге бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі «Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»
Сөз жұмбақ шешу
Сергіту сәті
- Жеті атаға байланысты, жалпы туыстық қарым-қатынасқа байланысты мақал-мәтел айту.
- Енді атаға өзіңізді әрі қарай таныстыра отырайық.Олай болса, «Менің отбасым» атты фото альбомға шолу жасайық
(4-5 оқушы таныстарады.)
Ескендір Хасанғалиевтың әні «Келші, келші балашым»
Атаның сұрағы
Қазақта жігіттің үш жұрты бар-дейді.Соны атап бере қойыңдар
Өз жұрты, нағашы жұрты,қайын жұрты.
Сұрақ: Нағашы деп кімді айтады?
Жауап: Анамның тумаластары маған нағашы болады.
Мұғалім : Балаларымыздың жауабына риза болған атамыздың жақсы тілегін тындап көрелік.
Атаның батасы
- Атаның берген батасы қабыл болсын. «Жаңбырмен жер көгерсе, батамен ел көгерер» ал бір-бірімізге жақсы сөз айтсақ, көңіліміз көтерілер.
Сондықтан «Журектен-журекке» деп ортада бір-бірімізге жақсы тілек айту үшін шеңбер құрайық.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.