Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінде өтетін «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты іс-шараның бағдарламасы... -

Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінде өтетін «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты іс-шараның бағдарламасы...

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 964 | Размер: | Автор: гость
. Педагог – ұйымдастырушысы:
Балабиева Улжалгас Сәрсенбековна
Шымкент қаласы.
Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі.

Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінде
өтетін «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты
іс-шараның бағдарламасы...
Фанфар:
Мақсаты:1986 жылдың желтоқсанындағы адал да аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан Желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату; оқушылардың тіл байлығын сөйлеу мәдениетін дамыту, оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Газет-журналдар, шар, үнтаспа, буклет, плакат,
бейнекамералар т.б.
Әнұран:
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ата-аналар. Дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты кешімізге қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: «Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн.
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн.
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуылып көлінен
Қарғалдақ билік алған күн.
1-жүргізуші:Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
9 сынып оқушыларының өлеңдері:
1. Айдана
2. Ақмарал
3. Ерболат
4. Алтынай
2-жүргізуші: 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып тускен озбырлық куні, өктемдік күні еді.Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы кунді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Сан тарихтың парақтарын ақтарды
Тәуелсіздік туы көкке желбіреп
Барлық қазақ азатпыз деп мақтанды
Жас жүрегім жалындайды елім деп
Келер күнге менде қанат сермедім
Тербеледі бейбіт өмір бесігім
Қайрат, Ләззат, Ербол сынды ерлердің
Ел есінде сақталады есімі.

Көрініс:Қ.Рұсқұлбеков өмірі жайлы
1-жүргізуші: Намысты от жалынға шыңдайық біз,
Қайраттың ерлігіне лайықпыз.
23 жыл толған Желтоқсанға,
Әумин, қабыл болсын, жыр-әніміз!
Ән: Түзелбай Шағдат «Қазақ жігіттері»
2-жүргізуші:Жас арудың жанарында- Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында- Желтоқсан
Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан
Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан
Жазықсыздың көз жасына жуынып
Абақтыға тастағанда-Желтоқсан
Көрініс: Ләззат
Слайд: «Желтоқсан желі»
2-жүргізуші:Мұңаймашы анашым!
Тарттың тағдыр наласын.
Кеше жүрген құзғынның
Құртты елім қарасын
Ана жүрек елжіреп,
Құлыншағым келші деп
Аңсаймысың анашым,
Жүргенімде еркелеп.
Желтоқсанның ызғарын,
Жүрегімде сыр барын.
Ескер туған- Отаным!
Опат болған қыздарың
Ұландарым бүгінгі
Тыңда, менің үнімді
Танытыңдар әлемге
Тәуелсіздік күніңді!
Ән: Нүрсейіт Ердаулет «Қазағым»
1-жүргізуші:Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Иә, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді!
Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың атасымен келді!
Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер! Ербол, Қайрат, Ләззат сынды аға-әпкелеріміздің есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин орнымыздан тұрып, үнсіздікпен еске алайық.
2-жүргізуші: Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа табыс етті. Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы-28 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.Осыдан 28 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізуді армандады.
1-жүргізуші: Желтоқсан-тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
2-жүргізуші:Желтоқсан-қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған
Тәңірімнің Желтоқсан-шуақты кун.
Би: «Қазақ елі»
9 сынып оқушыларының өлеңдері.
1. Баратов Бақыт
2. Жұмантаева Мереке
3.Сапарбек Гүлажар
4. Снасапова Аяжан
2-жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмас алауы
Лаула-лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы
2-жүргізуші: Қазақстан, Қазақстан алтын күн
Жанымызды жарқылтайтын жарқын күн
Атандың сен барлық әлем тілінде
Атымен «Қазақ» деген халқының

1-жүргізуші:Қазақтың мұңы айтарым менің
Жайнатшы жердің базарын елім
Әр үйдің Қыдыр бесігін тербеп
Өркен деп өрлен қазағым менің
Ән: Қонысбек Нұрғали «Алға Қазақстан»
2-жүргізуші:Тәуелсіздік елінің
Ерте солған гүлімін
Тарихтарға жазылған,
Желтоқсанның үнімін.
Ұландарым бүгінгі
Тыңда, менің үнімді
Танытыңдар әлемге
Тәуелсіздік күніңді!
Ән: Әлиша «Қазақ елі осындай»
1-жүргізуші:Жеткен арман жасқа тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерік тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, Бейбіт мемлекетпіз біз бүгін
Туған жерің кең далам
Көркіңе мен таң қалам
Дербесің боп өзіңе
Жырым осы арнаған.
2-жүргізуші:Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншалық қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдар тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталып қалады. 16 желтоқсан қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан өз тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды.
Би: Флейшмоб
1-жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін! Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз бен Туымыз мәңгі болсын!
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді, Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ, мәңгі-бақи желбіресін!
Ән: Нұралы Дарын «Көк тудың желбірегені»

Сөз кезегі:
2-жүргізуші:Міне, бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын. Тәуелсіздігіміз ұзақ жарылқасын!
1-жүргізуші:
Тәуелсіз елдігіміздің шаңырағы шайқалмасын!
Мақтанамын, кең байтақ елім үшін,
Құнарлы, мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінгін деп,
Тілерім сол, туған жер, пейілім шын,-деп бүгін Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.