Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ -

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1902 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы , Түркістан қаласы,
«Қарашық» жалпы орта мектебінің тарих
пәнінің мұғалімі
Ганишев Надир Джахангирович

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

Қазір әлемде тестік тасырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейі тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған.
«Тестілеу» сөзі адамзат тарихындағы ең ескіден келе жатқан сөздің бірі.
Ежелгі Қытайда азаматтық қызметке орналасатын адамдарды тест беріп тексеріп отырған. Қызметке орналасушы осы қызметке қажетті белгілі іскерліктер мен дағдыларға ие екендігін көрсетулері керек болған.
Мұндай істер Византия империясында да мемлекеттік қызметке адам қабылдау үшін бірнеше рет енгізіліпті. Бұл осы кезеңдегі « Тестілеу жетістіктері» деп аталатын тәжірибенің бастамасы еді.
Еуропа елдерінде «Ақыл тесті» ұғымы алғаш рет психологиялық әдебиетте -1980 жылы америкалық психолог Дж. Кэттелдің мақаласында айтылған.
Ол колледж студенттерінің интеллектуалды деңгейлерін анықтау үшін қолданылған бірнеше тест топтары туралы ақпарат берген.
Осы кезеңде Француз психологы Альфред Бине өз зерттеулерін интеллекті өлшеу әдіс-тәсілдеріне арнады. Бине 1905 жылы «1905 жылығы Бине-Симон шкаласы» деп аталған жаңа бағыт ашты. Бұл шкала бойынша тестерге мынадай талаптар қойылған: тест тапсырмаларын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топтау; тапсырмалардың біртіндеп қиындатылуы; бір тестің 30 тапсырмадан тұруы. Тестердің көпшілігі вербалды (сөзді) материалдан құралды және олар кең ауқымды функцияларды атқарды.
Бине интеллектің негізгі компоненттері деп талдауға, түсінуге, ой елегінен өткізуге қабілеттілікті бағалаған. Осы тұжырымдарды ғалымдар қарапайым әрі нанымды деп санады.
Көптеген елдер Бине тестерін өздеріне ыңғайлап бейімдеді. АҚШ-тың Стэдфорд университеті үшін бейімделген «1916 жылғы Стэндфорд-Бине шкаласы» өте ұтымды болды. Осы нұсқада алғаш рет тексерілушінің ақыл-ойы мен құжаттық жасының арасындағы қатынас ретінде түсіндірілді, ІQ (Ай-Кью) деп аталған интеллектуалдық коэффиценті енгізілді. АҚШ және Батыс Еуропа елдері үшін ІQ-ді анықтау мектептерде бақылау жұмыстарын өткізу сияқты күнделікті іске айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталасымен жаппай тестілеу жүргізу істері басталды. Бұл нөсер Кеңестер Одағына да келіп жетті. Бірақта сол кезеңдегі орталық партия басшылары тестілеу арқылы білім тексеруге қарсы болды, сондықтан бұл мәселе оқу процесіне енгізілмеді, одақтас республикаларға тартылмады.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап, жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде талапкерлердің білімін бағалауда және мемлекеттік білім гранты мен мемлекеттік білім кредиттерін беру мәселелерінде әділдікті барынша сақтау үшін кешендік тестілеу технологиясы қолданылып келеді.
Тестік тапсырмалар арқылы жеке оқушыда қалыптасқан және жалпы білім ұйымының берген білім сапасы тексерілді. Сондықтан біз ең алдымен «білім дегеніміз не ?»-деген сұраққа жауап алу мақсатында дидактикалық зерттеулер жүргізілді.
Тест (ағылшын тілінде «test»-«сынақ»)- белгілі бір ретпен орналастырылған сұрақтар мен тапсырмалар жиыны. Тестің мақсаты- адамның белгілі бір сапасы мен дағдыларын бағалау. Тестің сұрақтары мен тапсырмалары сөздік (вервалды) және көрнекі (вервалды емес, мысалы суреттермен) формаларда берілуі мүмкін.
Бланктік тестілеу- бүкіл әлемде қолданылатын баспа бланктердің көмегімен тест өткізу әдісі. Бұны «қағаз негізінде сақталатын» тестілеу деп те атайды. Тексерілуші қажетті жауаптарды ерекше бланкіге жазады. Бланктердегі жауаптар айрықша трафареттердің жәрдемі мен қолмен өңделеді немесе компьютердің ерекше есіне көшіріледі. Ресейде бірыңғай мемлекеттік емтихан «қағаз негізде сақталатын» тестілеу бойынша жүргізіледі.Біздің елімізде де жоғары оқу орнына оқушы қабылдау осылай жүргізіліп келеді ҰБТ де осылайша жүргізілмекші. ҰБТ сақтандыру штрих кодтары бар.
Компьютерлік тестілеу –сұрақтар мен тапсырмаларды компьютердің мониторында беру арқылы тестілеу әдісі. Кейде машинаның өзі тестті өткізу уақытының белгілі бір режимін береді немесе тапсырманы жақсы орындап отырған оқушыны жеңіл тапсырмалардан қиындалуларына біртіндеп көшіреді. Бұл әдіс біздің елде және Ресейде орталықтандырылған тестілеу жүйесінде ғана қолданылып отыр. ҰБТ әзірше қолданылмайды.
Матрица (ол кілт те болады)- өңделмеген тесттерді алғашқы талдау кезінде қолданылатын құрал. Кейбір жағдайларда матрицаны трафарет ретінде пайдалануға болады. Тест жауаптары толтырылған арнайы қағаз бетіне матрицаны салғанды, ол дұрыс жауаптарды қате жауаптардан бөліп көрсетеді.
Дидактика ғылымында тест ұғымына әртүрлі анықтамалар беріледі:
Тест- ол диагностикалаудың әдісі.
Тест-ол стандартты түрге келтірілген тексеру әдісі.
Тест –ол сұрақтарды, тапсырмалардың, т.с.с жиыны, т.б.
Тестілеу – белгілі бір сапа мен дағдыларды өлшеу және бағалау үшін сынақ (тест) өткізу процедурасы. Ол топтық және жеке болып екіге бөлінеді.
Жеке тестілеудің көмегімен белгілі бір қызмет түрін орындаға қажетті психофизикалық әсерді, интеллектуалды деңгейді (тестілеудің ІQ ), іскерліктер мен дағдыларды бағалауға болады. Бұл психологиялық тестілеудің өрісі. Белгілі бір мектеп пәнін меңгерудегі жетістіктерді білім тесттері бойынша мамандар өткізеді.
Білім деңгейлері оқушыларды тесттік балдары бойынша орналастырылады.
Егер тесттік балл қажетті деңгейден (өлшенетін критерийден) төмен болса, онда оқушылардың көрсеткен білімінің, іскерліктерінің, дағдыларының критериялық деңгейі жетпейтінін байқатады. Бұл деңгей ең көп таралған және жаппай кездеседі. Оқушылардың басым көпшілігі оқу процесінде өз білімін шыңдап, бұл жағдайдан шыға алады.
Педагогикалық өлшеулер тұрғысынан білім сапасының мынадай екі көрсеткіші енгізіледі: білім дейгейі және құрылымы. Олар тексерілетін материалдық барлық компоненттері бойынша білім және білімсіздігі үшін қойылған бағалары тіркеу арқылы бағаланады. Бұл процестің объективтілігі білімі тексерілетіндер үшін барлық сұрақ компонеттерінің және бағалау ережесінің бірдей болуымен айқындалады. Осы шарт білім мен білімсіздіктің жеке құрылымдарын объективті түрде салыстыруға мүмкіндік береді. Білімді тест тәсілі бойынша тексерудің басқа тексеру түрлерінің ерекшелігі: ол бірден біліммен қатар білімсіздікті, кейде, тіпті, қарсы білімді тексереді.
Тестілеу процесінде сөздіктерді, анықтамалықтарды, карталарды, кестелерді, т.с.с қарауды қажет етпейтін, оқушының есінде сақталатын білім ғана тексеріледі.
Тест тапсырмаларының 6 типі бар:
1. Дұрыс бір жауабы таңдалатын тест.
2. Ең дұрыс бір жауабы таңдалатын тест.
3. Дұрыс бірнеше жауабы таңдалатын тест.
4. Дұрыс сәйкестігі тағайындалатын тест.
5. Дұрыс реттілігі тағайындалатын тест.
6. Ашық формадағы тест.
Тест түріндегі тапсырмаларға қойылатын талаптар :
-тапсырмалардың қысқалығы;
-формасының дұрыс таңдалуы;
-тұжырымдамалардың логикалық формасы;
-жауаптарды бағалау ережесінің бірдей болуы;
-жауап үшін белгілі орының болуы;
-тапсырмалар элементтерінің дұрыс орналасуы;
-барлық тексерілетіндерге бірдей нұсқаудың берілуі;
-тапсырма формасы мен мазмұнының адекваттылығы.
Тесттік тапсырмалар белгілі бір прициптерге негізделіп құрылады, олардың ең бастыларына тоқталайық.
Тест жұмыстарын сабақта қолдану-оқушылардың оқу материалы бойынша білімнің игеруін байқауға, жалпы сыныптық білімін бағалуға, білім сапасыни арттыруға, ой-өрісін дамытып өтілген материалдар бойынша білімдерін бір жүйеге келтіруге және жоғарғы оқу орнына түсуге дайындыққа көмектеседі.
Тест негізінен мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 1) -тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары қысқа және қарапайым болуы қажет. 2)- тапсырманың сұрағаның оқушыға қандай амалдарды орындап, қандай тәсілді пайдалана білу керектісі айқын болуы тиіс.3)-дұрыс жауап біреу ғана болады. 4)-тест бірнеше нұсқада болса, оның қиындық дәрежесі шамалас болып, тапсырма сұрақтары бірдей мазмұнда болғаны пайдалы.
Тестік тапсырмалардың типтері әртүрлі болады. Олар 1) толықтыру, 2) еске түсіру, 3) балама, 4) таңдау, 5) салыстыру, 6) ретімен маңызына қарай тізбелеу, 7) құрастырмалы, 8) кәсіптік бағдарлы тестілер.Осы аталған тест түрлері кері байланыс орнатуға, оқушылардың білімін бекітуге, қайталауға, жүйелеуге және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге, оқу жұмысын нақты ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Қазір әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналған.
Қазіргі оқушының ой-өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әр түрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша маңыз беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартқа, орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп есептеп, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқытумен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген.
Соңғы алты жылда Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқушы қабылдау кезінде талапкерлердің білімін бағалауда, колледждер мен жоғары оқу орындары студентетін аралық және қортынды аттестаттау үшін, білім ұйымдарын аттестатауда және т.с.с. кешенді тестілеу технологиясы қолданылып келеді. Республикада 2003/2004 оқу жылының соңында алғаш рет Ұлттық Бірыңғай тестілеу өткізіледі. Оның нәтижесі барша ұстаздар қауымын ойландырып отыр: «Қайткенде шәкірттеріміз ҰБТ-да жақсы білім көрсетеді». Сондықтан біздердің ең алдымен тест теориясын хабардар болуымыз керек.

Әдебиеттер:
1. Қасымбаев Ж.. Қазақстан тарихы. 8-сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Мектеп» 2004 ж.
2. Қозыбаев М., Нұрпейіс К., Жүкешов Қ. Қазақстан тарихы. 9-сыныпқа арналған оқулық. Алматы, «Мектеп» 2005ж.
3. Аманжолов К. Қазақстан тарихы. 1,2-кітап. Алматы, 1992 ж.
4. Бекмаханов Е. Казакстан в 20-40 годы. ХІХв. Алма-Ата, 2004 ж.
5. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1992 ж.
6. История казакстана. С древнейших времен до наших дней. Т.1,2. Алматы, 2002 ж.
7. Қазақстан тарихы 1,2,3-томдар. Алматы,1996,1998, 2002 ж.
8. Қазақстан тарихы. Очеректер.Алматы,1994 ж.
9. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. 1-4 томдар.Алматы, 1999 ж.
10. Қазақтар.І-ІХтом. Алматы, 1998 ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.