Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
They said they weren’t rebels. -

They said they weren’t rebels.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1065 | Размер: | Автор: гость
. Қазығұрт ауданы, «Жаңаталап» ЖОМ ағылшын тілі пәні мұғалімі: Бопбекова Меруерт Абдимоминовна

Қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың тақырыбы: They said they weren’t rebels.
Сынып: 7
Сабақтың мақсаты: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыра отырып, сөйлем құруды үйрену. “Қарым-қатынас” тақырыбындағы жаңа сөздерді меңгере отырып, қарым-қатынас түрлерін әңгімелеп беруді үйрену. 7
модуьді әдістермен ықпалдастыра отырып, оқушылардың пәнге, тілге деген қызығушылығын ояту.
Нәтижесі: Төл сөзді төлеу сөзге айналдыра отырып, сөйлем құруды үйренеді.. “Қарым-қатынас” тақырыбындағы жаңа сөздерді меңгере отырып, қарым-қатынас түрлерін әңгімелеп беруді үйренеді. 7
модуьді әдістермен ықпалдастыра отырып, оқушылардың пәнге, тілге деген қызығушылығын оянады.
Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Топқа бөлу», «Сәйкестендіру», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Антивирус», «Бағдаршам», «Зымыран сұрақтар», «Венн диаграммасы», «Кластер»
Уақыт Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылатын дерек көздер,құрал жабдықтар(көрнекіліктер)
МЕРЗІМІ : 05.04.2015ж УАҚЫТЫ : 10.10-10.55 3мин 1. Кіріспе

1.1. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Топ ережесін құру. «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.
Сәлемдесіп, сабаққа қажетті құралдарын дайындап отырады. Шаттық шеңберде «Мен Меруерт. Мен дүкеннен м..... сатып аламын» аясында айтып шығады. Топ ережесін қабылдайды. Плакат, маркерлер
2мин 1.2. Топқа біріктіру. Түрлі түсті кәмпиттер арқылы сыныпты үш топқа бөлемін.
1. Қызыл 2. Сары 3. Көк Оқушылар алты оқушыдан топ құрайды.
1. Қызыл түс
2. Сары түс
3. Көк түс Кәмпиттер.
10мин 2. Таныстырылым
2.1 Үй тапсырмасына шолу
2.1 Төлеу сөздің сөйлемде қолданылуы слайдта көрсетіледі. Үй тапсырмасы бойынша үш топқа деңгейлік сұрақтар қоямын. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту үшін жаңа сабақты ашу мақсатында «Зымыран сұрақтар» әдісін қолдана отырып, түрткі сұрақтар қоямын. Содан кейін слайдты көрсетемін. Әр оқушы деңгейіне қарай ойлана отырып, сұрақтарға түйінді жауаптар айтады. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, сыни тұрғыдан жаңа сабақты ашады.
Интерактивті тақта

10мин 3. Негізгі бөлім

Қарым қатынастың мағынасын аштырып, соған байланысты қабырғалардағы жаңа сөздерді көрсетемін. «Антивирус» әдісі арқылы сабақтың жаңа сөздерін белгілету.
Ағылшын тілінде төл сөзді төлеу сөзге оңай айналдыру жолдарын слайд көрсету арқылы ұғындырамын.
Түрлі-түсті стикерлермен бағалаймын.
Мұнда әр топ мүшелерінің ортақ келісімімен стикерге қарым қатынастың бір түрін дайындайды. Топтар өзара стикерді ауыстырып, диолог арқылы сұхбаттасады. «Антивирус» әдісі арқылы сабақтың жаңа сөздерін белгілейді. Қабырғадағы жаңа сөздерді аударып, «Сәйкестендіру» әдісі арқылы кітаптағы 1жаттығуды орындайды. 4жаттығуда. «Венн диаграммасы» арқылы төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.

Стикер,түрлі-түсті маркер,флипчарт, суреттер, кеспе қағаздағы сөйлемдер
3мин
Сергіту сәті
Интерактивті тақтада әуенді ырғақтар көрсету арқылы сергіту
Интерактивті тақта
10ми 4. Жаңа сабақты пысықтау
Сыни тұрғыдан ойлау Жаңа тақырып бойынша «кластер» әдісімен постер жасауды тапсырамын. Постерді көшбасшы оқушы қорғайды. Топтық жұмысты бағалау критерийлері арқылы өзін өзі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды Стикер, түрлі-түсті маркер, бағалау парағы, флипчарт,түрлі түсті қағаз,плакат
5. Үйге тапсырма Үйге тапсырма: келесі жаңа сабаққа байланысты 1 сұрақ дайындайды. Қазақстандағы жастардың өмірі туралы кем дегенде бір бірлеріне бір сұрақтан дайындап келеді. Жазу дәптері
5мин 5. Қорытынды.
Кері байланыс Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша өз ойларын стикерге жазып, тақтаға іледі.
Түрлі-түсті маркер, стикер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.