Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау -

Тігін машинасын жұмысқа дайындау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2659 | Размер: | Автор: гость
. Тігін машинасын жұмысқа дайындау
Пәні: Технология
Сыныбы: 5-сынып
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау»
Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:
а)ақпараттық:
ә)коммуникативтік:
б)проблеманы шешу:
Тігін машинасын жұмысқа дайындауға үйрету:
Практика жүзінде тігін машинасына қызығушылықтарын арттыру;
Тігін машинасын алдағы уақыттарда қолдана білуіне үйрету.
Сабақтың түрі: Практикалық
Пәнаралық байланыс: Физика
Сабаққа қажетті құралдар: Тігін машинасы,
Сабақтың барысы. Мұғалімнің әрекеті. Оқушының әрекеті.
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздерме, оқушылар! Отырыңдар. Бүгіннен бастап технология сабағынан сендерге мен берем. Аты-жөнім Гусманова Айнұр Сакенқызы. Оқушыларды түгендеу.Бүгінгі сабаққа дайынбызба?
Сәлеметсізбе! Ия, дайынбыз.
ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық. - Тігін машинасы дегеніміз не?
- Тігін машинасының қандай түрлерін білесіңдер? - Тігін машинасы дегеніміз ол материалдарды,энергияны өңдеуге арналған,механикалық қозғалыс жасайтын құрылғы.
- Тігін машинасы қол жетегіндегі,аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз: «Тігін машинасын жұмысқа дайындау» деп аталады. Тігін машинасымен жұмыс істеуден бұрын оны әзірлейді.Үстіңгі,астыңғы жіптерді өткізіп,тігістің ұзындығын реттейді,жүрсін фрикциялық винт арқылы түзейді.Егер маховик дөңгелекті айналдырғанда ине қозғалса,ол жұмыс істеуге әзір болғаны.Бос жүрісте маховикті дөңгелек қана айналып,ине қозғалмайды. Жіпті өткізгенде арнайы ереже сақталмаса,машина дұрыс жүрмейді.Астыңғы жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын бірыңғай реттеп отыру үшін шөріктің қабын қолданады.Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап,басты сәл ілгері еңкейтіп отыру керек.
Машинада дұрыс отыру тәсілі:
- Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек;
- Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек;
- Құрал-жабдықтар арнайы қорапта тұру қажет,үстелдіңбетінде тек қана тігілетін бұйым жатуы тиіс;
- Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тақырып бойынша айтқан мұғалімнің жаңа ақпаратын зейін қойып тыңдайды.
ІV. Машықтық кезең.
Тігін машинасын іске дайындау әдісі.
1.Машинаны электр желісіне қос.
2. Айналма дөңгелекті(маховое колесо)өзіңе қарай бұрып,жіп тартқышты және ине жүргізушіні ең жоғарғы жағына бұрып қой.
3.Табанын көтер.
4.Өзекке жіп орағышты орналастыр.
5.Төмендегі жіптің шарыққа (шпулька)оралуы:
-машинаны бос жүріске қос;
-жіпті бірнеше рет қолмен шарыққа ора.
6.Шарықты өзекке орналастырып,тірелгенше итер.
7.Табанды (педаль) жаймен басып,шарыққа жіпті ора.
8.Шарыққа шарық қалпақшасын кигіз.
9.Жіпті шарық қалпақшасының ойығының (1)бойымен және пластиналық серіппенің (пластинчатая пружина) астынан өткіз.Жіптің ұшы-10 см.
10.Шөрнек құрылғысына шарық қалпақшасын қондыр.Машинаны жұмыс жүрісіне қос.
11.Жоғарғы жіпті сабақта.
12.Төмендегі жіпті жоғарыға шығару.Ол үшін:
-ине көзінен өткізілген жоғарғы жіпті сол қолмен тарт;
-оң қолмен айналма дөңгелекті өзіңе қарай бұра.Сонда ине төмен түсіп,шөрнек жібін өзімен бірге тартып, шөрнектегі жіпті іліп алады да,жоғарыдағы қалыпқа қайта оралады.Заманауи тігін машинасының модельдерінде төмендегі жіпті жоғарыға операциясы тігісті бастағаннан кейін автоматты түрде орындалады.
13.Екі жіптің ұшын ұзындығы 7-8 см етіп шығарып,басқыш табанның (пружинная лапка) астына түсір.Осымен машинаны жұмысқа дайындау аяқталды.
Тігін машинасын қалай дайындауын керектігін түсінеді. Алдағы уақытта өздері тігін машинасын іске қосуды білетін болады.

V. Сергіту сәті. Ал оқушылар кішкене демалып алайық, содан соң жалғастырамыз.
Жіптерімізді қояйық Орнымыздан тұрайық Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп Айналаға қарайық Қолымызды созайық Біз тынығып алған соң, Жібімізді алайық.
VI. Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар
- Тігін машинасын не үшін қолданылады? Тігін машинасымен жұмыс жасап көрдік пе? Тағы қандай тігін машиналарын білесіңдер?
Керек жарағымызды тігу үшін қолданылады. Иә.
Қол,аяқ және электр жетегіндегі машиналар.
VIІ. Үйге тапсырма. Бүгінгі сабақты оқып келу. Оқушылар күнделіктеріне мұқият жазып алады.
VІIІ. Қорытынды Бағалау. Бүгінгі сабақта тігін машинасын дайындауды үйрендік. Сабақ ұнады ма?
Тігін машинасын қала дайындағандарыңды көрсетіңдер. Бағалаймын.
- Орындарымызды жинақтап, заттарыңды сөмкеге салыңдар.
- Сау болыңдар!

- Иә.
Жұмыстарын көрсетеді.
Орындарын жинап, заттарын сөмкеге салады.

-Сау болыңыз!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.